Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бурабай кентінің бас жоспары нақтыланды - АРҚА АЖАРЫ

Бурабай кентінің бас жоспары нақтыланды

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалин жұмыс сапарымен Бурабай кентінде болып, курортты аймақтың бүгінгі жай-күйімен, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты және кентті дамыту жобасын нақтылауға арналған кеңес өткізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов және Бурабай кентін жобалауға қатысқан компаниялардың өкілдері қатысты.

Кеңестің алдында облыс басшысы курортты кентті аралап, түрлі демалыс және сауықтыру орындарының жұмысымен, жаңадан салынып жатқан нысандардың құрылыс барысымен танысты. Кеңесте күн тәртібіндегі мәселе туралы Бурабай аудандық сәулет және қала құрылысы секторының меңгерушісі Марат Көпбергенов пен «Оргстиль» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Любовь Нысанбаева хабарлама жасады.
Бұдан кейін Бурабай кентінің аумағындағы 14 гектар алқапты алып жатқан «Burabai Xills» нысанын жобалаудың тұғырнамасы талқыланды. Бұл жөнінде «Ақмолапроект» компаниясының жетекші маманы Ольга Ким баяндап берді. Кеңесте Бурабай кентін дамыту жөніндегі жоспардың 7-ші пунктінің орындалу барысы жайында жан-жақты әңгіме болды. Онда кенттің болашақ даму бағдары нақтыланған. Осы орайда, Бурабай кентінің бас жоспарына бірқатар өзгерістер енгізілмекші. Ең алдымен, «Көркем» ықшам ауданы мен Молбаза ауылы маңындағы жүргізілетін құрылыстар нақтыланды.
Сондай-ақ, курортты кентті дамыту, абаттандыру бағытындағы жүргізілетін жұмыстар жайы да әңгіме болды. Осы орайда, айналма жол жиегінен гүлзарлар отырғызу, аквопарк пен кент орталығындағы құрылыстар, мейрамханалар мен қонақүй нысандары құрылыстары бас жоспарға сай нақтыланып, оны жүргізудің тәртібі мен кестесі айқындалды.
Демалыс маусымы енді ғана басталып жатқан қазіргі шақта еліміздің өзге аймақтары мен алыс-жақын шет елдерден келетін дем алушыларға жағдай жасау, өңіріміздің көркем табиғаты, таза ауасымен, мөлдір көлдерімен ғана емес, қызмет сапасымен, демалыс орындарының жайлылығымен, бағасының қолжетімділігімен де туристерді тарту маңызды екені белгілі. Курортты аймақта атқарылып жатқан жұмыстардың бәрі де туристерді тартуға, демалыс үшін қолайлы жағдайлар жасап, демалыс орындарының жыл он екі ай үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталғандығын айта келе, облыс басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды өз назарында ұстайтынын атап өтті.

Бақберген Амалбеков.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар