Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауапты хатшысының 2018 жылғы 4 маусымдағы өкімімен Қазыбек Асқарұлы Шәймерденов Ақмола облыстық әділет департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Қазыбек Шәймерденов 1986 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Ұлыбританияның Dundee университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы коммерциялық ұйымда заңгер болып бастаған ол 2014-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттік мүліктік құқықты қорғау жөніндегі департаментінің бас сарапшысы, кейін басқарма басшысы лауазымын атқарды.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ақмола облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары болды.