Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Терроризмге тосқауыл мәселесі үнемі назарда болады - АРҚА АЖАРЫ

Терроризмге тосқауыл мәселесі үнемі назарда болады

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен Целиноград аудандық әкімдігінің мәжіліс залында облыстық әкімдіктің жанындағы терроризмге қарсы күрес комиссиясының көшпелі мәжілісі өтті. Оның жұмысына комиссия мүшелері, Көкшетау және Степногорск қалаларының, аудандардың әкімдері, облыстық басқармалар мен мекемелердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және діни қызметшілер қатысты.

Кеңесте «Астрахан, Жарқайың аудандарының терроризмге қарсы күрес комиссиясының әлеуметтік-экономикалық, тәрбие, білім беру салаларындағы діни экстремизмнің таралуына ықпал ететін мәселелерді жою жөніндегі жұмыс тиімділігін арттыру туралы» Астрахан ауданының әкімі Н.Сейілов пен Жарқайың ауданы әкімінің міндетін атқарушы Д.Шәкіров баяндама жасады. Баяндамашылардың айтуынша, жұртшылық арасында дәстүрлі дінге деген ықылас пен құрметтің жоғарылығы байқалады. Осыған байланысты сәлафизм сияқты теріс ағымдарға ерушілер қатары азайған. Облыс әкімі, комиссия төрағасы М.Мырзалиннің жұртшылықтың талабына байланысты Тас-ты-Талды ауылындағы мешітке имам алу мәселесі жөніндегі сұрағына бұл мәселенің шешіліп жатқандығы айтылды.
Бұдан кейін Ақкөл және Целиноград аудандарының әкімдері Т.Едігенов пен М.Тәткеевтің баяндамасы тыңдалды. Сондай-ақ, Ақмола облыстық ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Бақтияр Өтекин, облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы Серік Баймұқанов «Террористік қатынаста осал нысандардың терроризмнен қорғалуын жетілдіру, экстремизм мен терроризмнің алдын алу шараларының тиімділігін күшейту туралы» кеңейтілген хабарлама жасады.
Мәжілісте облыс әкімінің орынбасары, облыстық комиссия аппаратының басшысы Айна Мысырәлімова «Медресе қызметінің мәселелері бойынша жұмыс тобының Целиноград ауданындағы сапарының нәтижелері, ТҚК ақпараттық қажеттілік тізбесіндегі шаралардың мемлекеттік органдар тарапынан орындалуы мен қойылған міндеттерді шешу жолдары, ТҚК өткен отырыстарында қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы» баяндап берді.
Өңір басшысы, облыстық комиссия төрағасы Мәлік Мырзалин кеңес қорытындысында діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің пәрменділігін арттыру, қоғамға жат көріністердің алдын алу, ақпараттық сүйемелдеу шараларының ықпалын күшейту және басқа кезек күттірмес мәселелердің үнемі назарда ұсталуы қажеттігін атап өтіп, тиісті салалардың басшыларына нақты тапсырмалар берді.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар