Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бағдарлама қатысушыларының саны көбеюде - АРҚА АЖАРЫ

Бағдарлама қатысушыларының саны көбеюде

Елімізде «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы қарқын ала бастады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Олег Смоляков айтып берді.

Оның сөзінше, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында қолға алынған «7-20-25» бағдарламасы шілде айынан бастап жүзеге асырыла бастады. Осы аз ғана уақыттың ішінде бағдарлама қатысушыларының саны жылдам артып келеді.
– Бағдарлама жұмыс істегеннен бері бір айдың ішінде 4,8 миллиард теңгенің займы мақұлданды. Сонымен бірге, бұл бағыттағы қарқын елеулі түрде артып келеді, – дейді Олег Смоляков.
Оның айтуынша, тамыздың тек бірінші онкүндігіндегі қаржы көлемі биылғы шілде айындағы деңгейде болып отыр.
– Нәтижесінде 10 тамыздағы жағдай бо-
йынша берілген өтінімдер саны 1 330-ға жетіп, жалпы көлемі 15,5 миллиард теңгені құрады. Жалпы алғанда, 9,8 миллиард теңгенің өтінімдері мақұлданып, аталған бағдарлама аясында 3,6 миллиард теңге сомасында несие берілді, – дейді Олег Смоляков.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Ақмола облысы бойынша «7-20-25» бағдарламасына өтінімдерді қабылдау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Облыстық құрылыс басқармасының мәліметі бойынша, өңірде «7-20-25» бағдарламасы арқылы тұрғын үй сатып алу үшін 350,9 миллион теңгеге 42 өтінім мақұлданған. Барлығы 14 адам құжаттарын рәсімдеді. Бағдарлама бойынша тек жаңа тұрғын үйді сатып алуға болады. Сондықтан, жыл сайын тұрғын үйді пайдалануға беру көлемін арттыру қажет. Тұрғын үй бағасы қолжетімді болғандықтан, өңірде «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асырудың әлеуеті зор. Биылғы жылдың жеті айында облыс бойынша жалпы көлемі 276,3 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның 12,073 мың шаршы метрі несиелік, 79,4 мың шаршы метрі коммерциялық және 181,9 мың шаршы метрі жекеменшік тұрғын үйлер.
Жалпы, соңғы сегіз жылда «Қолжетімді баспана», «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» тұрғын үй құрылысы бағдарламалары аясында Ақмола облысында мемлекет қаржысы және инвестиция есебінен 2 494,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген екен. Биылғы жылы Көкшетау, Атбасар, Щучинск қалаларында, Балкашин, Астрахан селоларында, Қосшы мен Сабынды ауылдарында жалға берілетін 511 пәтерлік
14 тұрғын үй салу жоспарланып отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар