Облыс әкімі Мәлік Мырзалин азаматтарды жеке басының сұрақтары бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген адамдар жұмысқа орналасу, әлеуметтік тұрғын үй алу және басқа да өздерін толғандырып отырған мәселелер жайында айтып, көмек сұрады.
Облыс басшысы Астанадан келген Орынбаяқажы Сейдіғалымұлын, сандықтаулық Мәдина Дүйсенбаеваны, көкшетаулық Сергей Копытовты мұқият тыңдап, жауапты тұлғаларға қабылдауға келген азаматтардың шағымдарына орай қолданыстағы заң шеңберінде тиісті шараларды қолдануды тапсырды.
Сондай-ақ, облыс басшысынан Щучинс қаласының тұрғындары Жамал Нұрқанова, Наталья Зенченко және Надежда Ковалева өздері тұрып жатқан апатты жағдайдағы үйдің орнына басқа үй салып беруге көмектесуді сұрады. Бұл мәселенің мән-жайы туралы сұрап, анықталған соң олардың өтініштері бойынша тиісті түсінік берілді.