Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Кселл»-дің республикалық «Digital Life» білім беру жобасы қорытындысын шығарды - АРҚА АЖАРЫ

«Кселл»-дің республикалық «Digital Life» білім беру жобасы қорытындысын шығарды

 «Кселл»  коммпаниясының республикалық «Digital Life»  білім беру жобасы 2015 жылы басталған болатын және үш жыл ішінде оған Қазақстанның 17 қаласынан шамамен 8 мың адам қатысты. 298 тегін мастер-класстар өткізілді. «Мобильді медиа», «Мобильді қауіпсіздік», «Мобильді білім», «Мобильді мемлекет», «Мобильді бизнес», «Бизнеске арналған SMM»,  «Әжелер, аталар және смартфон» курсы  – бұл «Digital Life» жобасының 14 тақырыбы ішіндегі ең танымал мастер-класстар.

«Digital Life» жобасының мақсаты – қазақстандықтарды олардың күнделікті өмірі үшін смартфондар мен мобильді қосымшалар ашатын мүмкіндіктер және басымдылықтармен таныстыру. Мастер-класс және курс тыңдаушылары – оқушылар мен олардың ата-аналары, студенттер, шағын және орта бизнес өкілдері, журналистер, блогерлер мен тіпті зейнеткерлер болды.

«Әжелер, аталар және смартфон»: Бұл курс бірінші құлақтандыруды жариялаған сәттен бастап-ақ үлкен сұранысқа ие бола бастады. Себебі, бұл курста 50 және одан үлкен жастағы ата  буындарымыз «сандық тосқауылдан» өту үшін смартфондарды пайдалануды үйренді. Ең ересек қатысушы 83 жаста болатын.

Дәл осы курс сабақтарында тыңдаушылар, қазақстандық зейнеткерлер алғаш рет әлеуметтік желілерде аккаунт құрып, смартфондар мен планшеттер үшін қосымшалар жүктеуді, мессенджерлерде топтар құруды және әрине, бір-бірімен қатынасуды үйренді! Осы сабақтардың арқасында Қостанайдан қатысушы Воронина Наталья Зотовна енді коммуналдық қызметтерді онлайн төлесе, Давлетгиреева Альфия Хамитовна  бейнеқоңырау шалуды, дыбыс хабарламаларын жіберуді және смартфонға сурет пен видео түсіруді үйренді.  Жобаның үш жылында «Әжелер, аталар және смартфон» курсына Қазақстанның 14 қаласынан 500 зейнеткер қатысты.

Мобильді білім: Бұл курстың көмегімен Қазақстанның 16 қаласынан жүздеген студенттер, мектеп оқушылары мен педагогтар  смартфондардағы мобильді қосымшалар арқылы өзіне қызықты мамандықтар бойынша курстар табуға болатынын, қандай қосымшаларда шетел тілдерін үйрену оңай екендігін біле алды.

«Мен көптеген қосымшалар туралы ақпарат алдым және келешекте оларды пайдаланғым келеді. Бізде қазір «Телерадиожурналистика» пәні жүріп жатыр, біз жиі түрде мәтінді түзетеміз және бүгін мен видеоларды түзетуге болатын қосымшалар туралы білдім. Мен үшін   тілдерді үйрену өте маңызды. Бүгінгі тренингтен түсінгенім – ағылшын тілін үйрену өте маңызды. Оны үйренуге арналған қосымшалар бар екен. Тағы қосарым, VR-көзілдіріктер маған өте ұнады.  Осындай мүмкіндік үшін рахмет», – дейді А.Байтұрсынов атындағы ҚМК 1 курс студенті Ризанұр Қасенова.

Мобильді қауіпсіздік: Бұл мастер-класс мобильдік технологиялардың көмегімен  өз балаңызды сыртқы орта және виртуалды қатерлерден қалай қауіпсіздендіруге болатынын, өзіңізге қауіпті жағдайларда қалай көмектесуге болатынын түсіндірді. Мастер-класста жаттықтырушылар ересек адамдарды баланың  жүрген жерін бақылау бойынша жүйелерді қалай пайдалану керектігін түсіндірді, Kcell-дің «Ата-ана бақылауы» қызметін қалай пайдалану керектігін және балаларды «үлкендердің» контентінен қалай алшақтату керектігін баяндады.

Бизнеске арналған SMM: Осы мастер-класс арқасында кез келген ниет білдіруші адам  өз тауарларын әлеуметтік желілер мен ғаламтор арқылы өз тауарларын жарнамалау және жылжыту үшін  қалай пайдалану керектігі  туралы біле алды. Курс қатысушылары коммерциялық мәтіндер жазу дағдыларын,  мобильдік қосымшаларды пайдалана отырып нарыққа талдау жасауды үйренді,  әлеуметтік желілерде алға жылжытумен және жобаларды басқару жүйелерімен танысты. Жаттықтырушылар ғаламтор арқылы қалай тауарларды сату және сатып алу керектігін, әуе билеттеріне қалай тез тапсырыс беруді, міндеттерді қалай жоспарлау және тұратын орынға бронь қою, тұлғалық тиімділікті қалай арттыру керектігі жайлы баяндады.

Digital-еріктілер мектебі: Үш жылдық жоба аяқталғанмен, «Кселл» үшін  смартфондар мен мобильді қосымшаларды тиімді пайдалану бойынша білімнің әрі қарай тарағаны өте маңызды болды. Сол себепті, компания курстар мен мастер-класстарды өткізетін және сандық әлемнің бөлігі болғысы келетін, пайдалы ақпаратты бергісі келетін 82 еріктіні оқытты. Астана мен Павлодардың digital-еріктілер мектебінің түлектері өз қалаларындағы «Әжелер, аталар және смартфон»  және «Мобильді қауіпсіздік» курстарын ұйымдастыру мен өткізуге қатысып үлгерді.

«Жобаны іске қосу кезінде біз қазақстандықтарға өмір сапасын арттыру үшін пайдалануға болатын мобильдік технологиялар мен смартфондардың беретін шексіз мүмкіндіктері туралы айтқымыз келген.  Бізге мастер-класстар мен курстардың қатысушыларының смартфондардың барлық мүмкіндіктер туралы білгені және оларды өз өмірінде пайдалана бастауы өте маңызды болатын. Үш жылдық жұмыс жасау мерзімінде біз еліміздің 17 қаласында 298 мастер-класс пен курстар өткіздік.  8 мыңға жуық адам денсаулығын жақсарту үшін, балаларды тәрбиелеуде, бизнесте және өміріміздің көптеген басқа салаларында тиімді пайдалана бастады. Үш жыл ішінде біз  жүздеген белсенді апалар мен аталарға сандық коммуникациялар технологияларының көмегімен қатынасудың қандай оңай, күшті және қызық екендігін түсіндіре алдық.  Digital Life жобасын іске асыруға атсалысқан адамдардың барлығына, олардың кәсіпқойлығы мен еңбекқорлығына алғыс білдіреміз.  Жобаның барлық қатысушыларына жаңа білімге деген ашықтығы мен дамуға деген ниеті үшін үлкен рахмет», – деп атап өтті «Кселл» АҚ коммуникациялар бөлімінің басшысы  Наталья Еськова.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар