Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көргендер сүйсінетін көрікті өлке - АРҚА АЖАРЫ

Көргендер сүйсінетін көрікті өлке

Бурабай курортты аймағында еліміздің төрт облысының аумағын қамтыған Сарыарқа бағытындағы «Ұлы Дала Eліне саяхат» экспедициясы мəресіне жетті.

Ағымдағы жылдың 20 тамызында бас-талып, 16 күнге созылған экспедицияға қатысушылар 4 мың шақырымнан астам жолды еңсеріп, тарихи-мəдени нысандар мен 5 ұлттық табиғи саябақты аралады. Атап айтқанда, Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің тапсырысымен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ұйымдастырған экспедиция сапары Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағын қамтыды. Оның ішінде экспедиция Ақмола облысының аумағында орналасқан «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағынан бас-талып, Бурабай курортында мәресіне жетті.
– «Бұйратау» саябағы аумағындағы ең ірі көлдердің бірі құстардың сан түрі мекендейтін – Әжібай көлі. Мұнда көбінесе құстарды тамашалағанды ұнататындар келеді, – дейді экспедиция мүшесі, қазақстандық саяхатшы, блогер Ұлан Әлімбек.
Сондай-ақ, саяхатшылар облысымыздағы тағы екі ұлттық саябақта болды, олар «Көкшетау» және «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтары мен ЮНЕСКО мұрасына кіретін Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы. Қатысушылардың айтуынша, бір-біріне ұқсамайтын табиғат көріністері мен тарихы терең киелі жерлерді аралау керемет әсер қалдырған. Бурабайда болғанында экспедиция мүшелерін облыс әкімінің орынбасары Марат Иғалиев пен облыстық туризм басқармасының басшысы Данияр Идиятов қарсы алып, Абылай хан алаңы тәрізді курортты өңірдің өзге де көрікті жерлерін аралатты. Жалпы, бұл Сарыарқа бағыты – «Ұлы Дала Eліне саяхат» жобасы шеңберіндегі төртінші бағыт. Басқа бағыттардағыдай осы экспедиция құрамында да саяхатшылар, туристік ұйымдардың өкілдері, шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлер жəне БАҚ өкілдері болды.
– Біздің ендігі мақсатымыз – экспедиция аяқталған соң барлық жүріп өткен жерлер бойынша үлкен жəне шағын туристік маршруттар жасау. Сонда еліміздің толық туристік картасы пайда болады. Тағы бір айта кететін жайт, экспедиция қатысушылары барған жерлерінде туризмді дамытуда қандай проб-лемалар барына да назар аударуда. Яғни, олар тек қана саяхат жасап қоймай, соның шеңберінде аталған жерлердің шешілуі тиіс мəселелерін жинақтауда. Біз өз кезегімізде жергілікті билік органдарымен байланысып аталған проблеманы шешуге атсалысамыз, – дейді «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Рашид Күзембаев журналистерге берген сұхбатында.
«Kazakh Tourism» басқарма төрағасының айтуынша, экспедиция шеңберінде еліміздегі туристік аймақтар бойынша фото жəне видео қорлар жинақталуда, одан бөлек экспедиция қорытындысы бойынша, «Kazakh TV» телеарнасында туристік нысандарға баруға қатысты арнайы бағдарлама жарыққа шығатын көрінеді. Алда әлі экспедицияның Қызылорда, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары аумағы арқылы өтетін «Теңізден теңізге дейін» және Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының аумағын аралайтын «Жаңа Жібек жолы» сияқты екі бағыты бар.

Аслан Оспанов.
Суретті түсірген
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар