Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қырықтан астам іс-шара ұйымдастырылады - АРҚА АЖАРЫ

Қырықтан астам іс-шара ұйымдастырылады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен брифингте Тілдер онкүндігін өткізудің мақсаты мен міндеті туралы сөз болды.

Қазақстан халқының тілдері күні мерекесін қыркүйектің 5-інде атап өту туралы шешім Қазақстан Республикасының Үкіметімен өткен жылы шығарылған болатын. Тіл мерекесінің дәл осы күнге белгіленуінің өзіндік себебі бар. Бұл күн «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп артында ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.
Жыл сайынғы дәстүр бойынша онкүндік аясында облысымыздың барлық мекемелерінде тақырыптық іс-шаралар, фестивальдар, ашық сабақтар өткізіледі деп жоспарланып отыр. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Марал Жақыпова биылғы онкүндіктің өзіндік ерекшелігі, жаңалығы барын айтып өтті. Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, өзге этнос тілдерінің дамуына ықпал ететін онкүндік жоспары жасалып, қырықтан астам іс-шара ұйымдастыру көзделген екен.
– Онкүндіктің әр күні «Алаш зиялылары мен мемлекеттік тіл», «Шешендік өнер – атадан қалған асыл мұра», «Тіл – достықтың айғағы» атты тақырыптық шаралармен белгіленді. Алаш қайраткерлері, қазақтың атақты би-шешендері туралы мағлұматтар топтастырылған әдістемелік материал әзірлеп, оны мекемелерге тараттық, – деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, брифингте облыстық оқыту-әдістемелік орталығының директоры Қаратай Төлекеев, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов сөз алып, өз мекемелерінде онкүндік жоспарына сәйкес өткізілетін іс-шаралар жөнінде әңгімеледі.
«Арқа ажарының»
өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар