Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Кселл» мен MEGOGO «Қарашы, қалай естіледі» бірлескен әлеуметтік жобаны жүзеге асырады - АРҚА АЖАРЫ

«Кселл» мен MEGOGO «Қарашы, қалай естіледі» бірлескен әлеуметтік жобаны жүзеге асырады

 «Кселл» компаниясы мен MEGOGO компаниясы «Қарашы, қалай естіледі» бірлескен әлеуметтік жобасында серіктестер болды.

Осы бағдарлама арқасында Алматы қаласының екі арнайы түзету мектеп-интернаттарының есту қабілеті бұзылған балалар Алматы қаласының заманауи кинотеатрларында арнайы сеанстармен сурдоаудармасы бар мультфильмдерді көре алады.

«Арман» кинотеатрында өткен «Робинзон Крузо: қарақшылар басшысы» атты мультфильмінің бірінші көрсетіліміне 7 жастан бастап 17 жасқа дейінгі 80 бала келді. Жоба қонақтары үшін бұл көрсетілім нағыз мереке болды, ол олардың жайдары шынайы күлкілерінен білінді. Заманауи кинотеатрларда сурдоаудармасы бар мультфильмдерді  көру мүмкіндігі – олар үшін шындығында күнделікті үйреншікті емес жарқын және есте қалар оқиға.

Қыркүйекте «Кселл» өзінің 20 жылдығын атап өтеді. Осы жылдар ішінде біз әлеуметтік жобалардың орасан санына қолдау көрсеттік. Біз компания мерейтойының құрметіне нашар еститін балаларға арнайы сыйлығымызды дайындауға ерекше қуаныштымыз. Біз кинокөрермендердің үлкен әлемінің бір бөлігі ретінде сезінуге көмектеседі деп сенеміз. Жоба идеясы «MEGOGO» компаниясына – MobiKino сервисі бойынша стратегиялық серіктестігімізге тиесілі. Біз осы бастамаға қуанышпен қосылдық. Серіктесімізбен бірге кинотеатрларға жоба қатысушыларына аса ыңғайлы және қауіпсіз болуы үшін тырыстық. Балаларға ыңғайлы автобустар берілді, дәм, сусын және ескерткіш кәдесыйлар бар. Сондықтан, олар жақсы көңіл-күйде болады, жақсы әсер алады деген сенімдеміз», – деп атап өтті  Наталья Еськова, «Кселл» АҚ байланыстар бөлімінің басшысы.

Жоба 2018 жылғы қыркүйекте басталды және желтоқсанға дейін созылады. Осы уақыт ішінде мектеп-интернаттардың 200-ге жуық нашар еститін тәрбиеленушілері «MEGOGO» компаниясы ұсынған 10 толықметражды мультфильмдерді кинода сурдоаудармамен көре алады.

MEGOGO бейнесервисі «Қарашы, қалай естіледі» жобасының шеңберінде нашар еститін адамдарға қамқор болады. Жоба мақсаты – барлық адамдар үшін бейнекөріністі қолжетімді ету. Біздің жеке студиямыз бар, ол арнайы контент жүргізеді. Әлеуметтік бағдарламаға барлық құқық иеленушілер қолдау көрсетеді және бейнекөріністі қуанышпен ұсынады, ал біз сурдоаударма және субтитрлер дайындаймыз. Сондай-ақ, MEGOGO-мен сөйлесу курсын түсірді. Мұндағы негізгі ой ымдау тілін тарату және адамдар арасындағы тосқауылды болдырмау.  Бейнекөріністі курс қысқа роликтерден тұрады, онда сіз өзіңізді қалай таныстыруды, әңгімелескен адамның атын қалай сұрауды, «рахмет» деп айтуды және күнделікті өмірде қажетті қарапайым сөздерді қалай айтуды білесіз, – деп түсіндіреді MEGOGO Қазақстандағы бизнесті дамыту жөніндегі менеджері Жанар Жораева.

MEGOGO серіктестікте «Кселлдің» MobiKino сервисінде  сурдоаудармасы бар 100 фильм мен мультфильмдерге қолжетімді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар