Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Экологиялық мәселе алаңдатады - АРҚА АЖАРЫ

Экологиялық мәселе алаңдатады

Ақмола облыстық мәслихатының құқық тәртібі, заңдылық, депутаттық әдеп және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болып, Аршалы ауданы мен өзге өңірлердің экологиялық жағдайы жөнінде мәселе қаралды.

Облыстық департамент пен басқармалардың басшылары, облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттары қатысқан жиынды облыстық мәслихаттың депутаты, тұрақты комиссияның төрағасы Әсен Жақсылықов ашып жүргізіп отырды.
–Астана қаласын абаттандыру үшін Аршалы ауданының аумағында тас, құм тәрізді құрылыс материалдарын өндіретін кеніштер жұмыс істейді. Осы материалдарды тиеген жүк автокөліктері көпір арқылы Аршалы кентін басып өтіп, тұрғындарға қолайсыз жағдай тудыруда. Кентті айналып өтетін жол бар. Онымен жүргізушілердің жүргілері келмейді. Бұл экологиялық мәселе тұрақты комиссияның ерекше бақылауында тұр. Жуырда комиссия мүшелері бұл мәселені сол жерде қарап, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Тиісті шара қолдану жөнінде облыстық ішкі істер департаментіне хат жазылды,–деді тұрақты комиссияның төрағасы. Аршалы ауданында құрылыс материалдарын өндіретін қырыққа жуық кеніш тіркелген. Бұның бәрі қоршаған орта жағдайына кері ықпалын тигізеді. Ауаны тазалау және шаң деңгейін азайту жөніндегі экологиялық норма сақталмайды. Аршалы аудандық мәслихатының хатшысы Қайрат Шедербековтың айтуынша, аудан тұрғындарының арасында қатерлі ісік ауруының жоғары деңгейі тіркелген. 249 сырқат есепте тұр.
–Жыл басынан бері 16 адам қайтыс болды. Өткен жылы «Ұлттық сараптама орталығы» мемлекеттік кәсіпорны филиалының Аршалы бөлімшесі ауаны зерттеп, оның құрамындағы зиянды элементтер нормадан 2,5 есе асып кеткенін анықтады. Аудан орталығы мен Волгодоновка селосының тұрғындары көптеген кеніш жұмысынан туындайтын шаңды жұтып отыр. Қоршаған орта тазалығын қамтамасыз ету жөніндегі талапты тау-кен кәсіпорындары орындамайды. Ауданда өзінің экологиялық қызметі жоқ. Ерейментау қаласында тұратын экологиялық инспекторға Аршалы, Целиноград, Ерейментау аудандары бекітілген. Бірақ, ол біздің ауданға келмейді. Оның үстіне үш индустриялық аймақтың бірі Аршалы ауданында құрылмақшы. Бұған Астанадан ауаны ластайтын өнеркәсіп орындары көшірілмекші. Осы орайда, жаңа кәсіпорындардың құрылысы кезінде қоршаған орта тазалығын қамтамасыз ету талаптары мемлекеттік экологиялық инспектордың жіті бақылауында болуы тиіс,–деді Қайрат Шедербеков. Аудандық мәслихаттың депутаттары аудандық қоғамдық кеңеспен бірге бұл экологиялық мәселені шешуге тырысуда. Мәселе аудандық мәслихатта қаралып, қоғамдық тыңдау мен дөңгелек үстел өткізілді. Тиісті мемлекеттік органдарға хат жазылған. Аудандық мәслихатта уақытша комиссия құрылып, кеніш орындарының талапты орындауы тексерілді. Бұл бағытта облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Көшекбай Біржекеевтің және облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Ғания Рахмедианованың есебі тыңдалды. Тұрақты комиссияның келесі отырысында қаулы шығарылатын болды.

Рамазан Тілеуов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар