Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ел өміріне қатысты маңызды мәселелерді шешуге атсалысуда - АРҚА АЖАРЫ

Ел өміріне қатысты маңызды мәселелерді шешуге атсалысуда

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямовтың төрағалығымен өткен ассамблеяның жанынан құрылған қоғамдық келісім және ғылыми-сараптамалық топтың кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасы талқыланды.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұлдың айтуынша, қазіргі күні облысымызда 248 қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істейді және жыл басынан бері 71 мәжіліс өткізген. Қоғамдық кеңестердің атсалысуымен өңірлерде ұсақ-түйек дауларды сотқа дейін шешуді жүзеге асыратын медиация кабинеттері ашылып, жұмыс істеуде. Ауылдық жерлерде әлеуметтік әлжуаз топтарға арналған дүкендер ашылуда. Жалпы, қоғамдық кеңестер ел өміріне қатысты барлық салалардағы жұмыстарға белсене араласып, өз құзыреті шеңберінде өзекті мәселелерді шешуге ықпал жасайды.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Ардақ Қапышев Елбасының бес бастамасы жайында айта келе, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жайын тілге тиек етті. Қазіргі күні облыс аумағындағы университеттер мен колледждерде жатақханамен қамту жайы күрделі күйде қалып отыр. Президент бастамасын жүзеге асыру шеңберінде алдағы жылдарда екі мың орынға шақталған жатақханалар салынбақшы. Мұның өзі жатақханаға деген сұранысты біршама қамтамасыз ететін болады.
Бұдан әрі мәжіліс барысында ассамблея мүшелері Елбасының бес бастамасына қатысты өз ұсыныстары мен ой-пікірлерін ортаға салды. Облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов қанша маман қажет екендігін анықтап, сол бойынша оқу орындарына тапсырыс беру дәстүрін енгізуді ұсынды. Қоғамдық келісім осындай ұсыныспен әкімдікке шықса, бүгінде әсіресе, ауылдық жерлердегі жұмысшы мамандығына деген тапшылықты шешуге игі ықпалын тигізер еді.
Қоғамдық келісім кеңесі, сондай-ақ, оның құрамына өзгерістер енгізу туралы кеңес хатшысы Розалия Крушеваның хабарламасын тыңдады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар