Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бұландыдағы кешенді істердің келелі мәселелері қаралды - АРҚА АЖАРЫ

Бұландыдағы кешенді істердің келелі мәселелері қаралды

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің Бұландыға сапары аудан тұрғындары ғана емес, өңір өміріндегі елеулі оқиғамен сабақтас келді. Мұнда мемлекетіміздің стратегиялық саясатының сарабдалдығын дәлелдейтін алып нысан – «Макинск құс фабрикасы» іске қосылды. Орта Азиядағы теңдесі жоқ кәсіпорынның ашылу салтанаты әлемдік рекорд – ұзындығы 223 метр 65 сантиметрлік құс етінен жасалған кәуаптың жасалуымен жалғасуы да баршамызды жақсы ойларға бастайды. Облыс басшысы салтанатқа қатысушыларды тарихи оқиғамен құттықтап, өңірдің дамуына серпін қосатын кәсіпорын ұжымына табыстар тіледі.

Сондай-ақ, облыс әкімі аудандағы әлеуметтік-экономикалық нысандарында болды. «Бұланды-Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тәулігіне 50 тонна астықты кептіру қуатына ие. Кәсіпорын директоры Ерлан Ахметов егін жинау науқанында 80 мың тонна астық қабылдауға дайын екендіктерін баяндады. Қазіргі қабылданып жатқан астықтың ылғалдылығы 18-20 пайызды құрайды екен. Соған қарамастан, серіктестік ұжымындағы 49 адам сапалық көрсеткіштердің төмендемейтініне сенім білдірді. Мұнда әрқайсысы 15 мың тонналық қоймалар, 100 тонналық автотаразы, басқа да жабдықтар науқанға мұқият дайындалған. Асфальтталған алаңдарда астық таулары биіктей түсуде.
Өңір басшысы Макинск қаласындағы мектеп-лицейде және «Балдырған» бала бақшасында оқу-тәрбие жұмыстарының барысымен танысты. Мектепте 373 бала жаратылыстану-математика бағытында мемлекеттік тілде білім алуда. Сондай-ақ, 60 адамдық кешкі мектеп жұмыс істейді. Ал, мектеп-бала бақша жүйесінде«Балдырғанда» 320 бүлдіршін тәрбиеленсе, 1 сынып оқушыларының қатары 15 топты құрайды. Әлеуметтік нысандар өздеріне жүктелген міндеттерді ойдағыдай атқаруда. Бұған мәдени-тұрмыстық жағдайлардың дұрыс ұйымдастырылуы, оқу-тәрбие ісінің қалыпты деңгейі дәлел бола алады.
Аудан орталығында тұрғын үй құрылысы өзекті мәселеге айналғанын атап өткен облыс әкімі М.Мырзалин Бөгенбай батыр атындағы көшеде салынып жатқан 45 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысына айрықша назар аударды. Астаналық «DCT KAZAKHSTAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін Англияда білім алған жас маман Дамир Дощанов басқарады. Мердігер компания «Кокшетау сельпроект» ЖШС-мен әріптестік қызметін жақсы бастап отырғаны көрініп тұр. Мұнда құрылыстың іргетасын көтеру, жабдықтармен қамту ісі қызу жүріп жатыр. Биылғы жылға бөлінген 30,7 миллион теңге қаржы 100 пайыз игерілген.
Облыс әкімі Бұланды ауданының активімен дәстүрлі жиналыс өткізді. Аудан әкімі Жомарт Нұркенов пен ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Аманкелді Камелинов егін орағының барысы, бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы және жер қатынастары мәселелері бойынша есеп берді.
Биыл бұландылық диқандар 226,3 мың гектардың ырыздығын жинап алу үшін күресуде. Бұл іспен 29 ЖШС мен 89 шаруа қожалығы айналысуда. Қыркүйектің 28-індегі дерек бойынша 106 мың гектардың егіні орылып, 132 мың тонна астық бастырылған. Гектар түсімділігі 12,5 центнерден айналуда. Алайда, алқап бастарындағы 501 комбайнның қарқынды жұмысын, астық қабылдау орындарындағы еңбек өнімділігін арттыру қажеттігі көрініп тұр.
Ауданда мал шаруашылығы да дамып келеді. Өткен сегіз айда 3200 тонна ет, 16 мың тонна сүт және 4628 мың дана жұмыртқа өндірілген. Облыс әкімінің әр ауданда отбасылық ферма құру туралы тапсырмасына сәйкес, Тастыөзек ауылында «Karim Group» ЖШС құрылып, 50 ірі қараға күтім жасауда. Бүгінгі күні аталған ферма Көкшетау сүт зауытына 16 мың литр сүт өткізді. Мал басын асылдандыру жұмыстары да талап деңгейінде жүргізілуде. Бұландылықтардың 15 шаруашылығы Астана қаласының азық-түлік белдеуін қамтамасыз етудің екпінді жобасына қатысып отыр. Бұлардың 11-і ет, 4-еуі сүт өндіруге мамандандырылған.
Аудандағы 106 жер пайдаланушы алқаптарды цифрландыру ісін аяқтады. Бұл 274,5 мың гектарды құрайды. Аталған жұмыс жалғасын табуда. Әйткенмен, кеңесте тиімді және өз мақсатында пайдаланылмайтын, тіпті қараусыз қалған жерлер де бар. Осыдан келіп бюджеттің кіріс бөлігі олқы соғып, жалақы төлеудегі ауытқушылық орын алып отыр.
Облыс әкімі Мәлік Мырзалин аудан басшыларынан күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті қорытынды жасалуын талап етті.

Бақберген Амалбеков.
Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар