Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Поляк әні қалықтады - АРҚА АЖАРЫ

Поляк әні қалықтады

«Поющая Полония» фестивалі Көкшетау қаласында жыл сайын ұйымдастырылады. Биылғы жылы осымен 8-ші мәрте өткізіліп отырған облыстық ән байқауына өңіріміздегі поляктар бірлестігінің мүшелері әр аймақтан ат басын бұрып, өз ана тілдерінде ән салды.

Ақмола облыстық поляктар бірлестігінің «Поляне» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Людмила Суховецкаяның айтуынша, әлемнің түкпір-түкпірінен Қазақстанға келетін туристердің саны жыл сайын артуда. Оның бірден бір себебі, Қазақстанда ЭКСПО-ның өтуі ел назарын өзіне аударды. Аталмыш фестивальге қатысып отырған ансамбль де осындай мүмкіндіктің арқасында өз өнерлерін ортаға салуда. – Біз «Поющая Полония» сынды шаралар көптеп өтсе екен дейміз. Өйткені, достықтың алтын көпірін жалғайтын, ұлттар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайта түсетін мұндай шаралардың мән-мағынасы тереңде.
Ал, «Дети Плоцка» харцерлік ән және би ансамблі – Польшадағы балалардың көне ұжымының бірі болып табылады. Аталмыш ансамбль 70 жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Ұжым қоржынында поляк ұлттық билері, халықтың салт-дәстүрі мен тарихи билері, харцер әндері, сондай-ақ әлем халықтарының билері мен әндері бар. «Дети Плоцка» ансамблінің директоры Мильке Тадеуштің айтуынша, бірліктің туын биік ұстанған Қазақстанның салиқалы саясаты мақтауға тұрарлық. Көкшетауда қоныстанған поляктар өз дәстүрлері мен мәдениетін дамытуға зор мүмкіндіктері бар. Польша мемлекетінің Плоцк қаласынан келген өнер ұжымының құрамы 20 жасқа дейінгі жас дарындардан тұрады. Өнер көрсеткен бишілердің концерттік костюмі, би қимылдарының күрделілігі мен сахнадағы мәдениеті көкшетаулықтарды тәнті етті. Өнерпаздардың әндерін жиналған қауым зор ықыласпен қабылдап, ерекше қошеметке бөледі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар