Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 21 (жиырма бір) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
4. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.30, 09.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.30-ға жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі мынадай:
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) бірінші, екінші және үшінші бағыттары бойынша:
осы стандартқа қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтініш-сауалнама;
кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік/заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (кәсіпкердің мөрімен (бар болған жағдайда)/қолымен расталған көшірме);
кәсіпкердің жобаны іске асыруының бизнес-жоспары, онда 180 миллион теңгеден жоғары кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 пайызынан төмен емес деңгейде жобаны іске асыруға жеке қаражатының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері, сондай-ақ, Бағдарламаның бірінші бағытының шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлердің – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша – Өңірлік үйлестіру кеңесі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірісті өсіруге, жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайтуға және бюджетке төленетін салықтардың көлемін 10 пайызға өсіруге қол жеткізу кезеңдері қамтылады;
кәсіпкердің – орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің соңғы үш қаржы жылы үшін қаржылық есептерінің көшірмесі, бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 пайызға өсуі және кірістің өсімі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін салық декларациясының көшірмесі қоса беріледі. Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері кәсіпкерлік қызметті үш жылдан аз жүзеге асырған жағдайда, ақпарат кәсіпкерлік қызметті нақты жүзеге асыру кезеңі үшін беріледі (Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);
өтініш берілетін күнге дейінгі күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;
тауарларды/өнімді экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері қойылған кедендік жүк декларациялары (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгілері қойылған тауарға ілеспе құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);
соңғы есепті кезеңдегі валюталық пайданың тиісті деңгейінің бар-жоғын растайтын құжаттар (Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берген жағдайда);
банктің/Даму банкінің/лизингтік компанияның Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік беретін шарттарда кәсіпкерге кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасасу немесе кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
Қолданыстағы кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін Бағдарламада көзделген мөлшерге дейін төмендету үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) қолдаухатпен екінші деңгейдегі банкке, Даму банкіне, лизингтік компанияға жүгінеді.
6-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік
субъектілеріне кредиттер бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырғаннан кейін:
1) 180 миллион теңгеден жоғары кредиттер бойынша – қаржы агенттігі екінші деңгейдегі банктен/Даму банкінен (бұдан әрі – Банк) құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде.
Ұсынылған құжаттарға қатысты ескертулер және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулер және/немесе ақпаратты беру туралы сұратуды көрсетілетін қызмет беруші оларды жою үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
2) 180 миллион теңгеге дейінгі кредиттер бойынша – қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алған күннен бастап – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Егер көрсетілетін қызметті алушы мен қаржы агенттігінің кепілдігімен алынған кредиттер бойынша онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың жиынтық берешегі 180 миллион теңгеден асатын болса, онда бұдан кейінгі жобаларды қарау 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
– веб-портал қаржы агенттігі Банктен құжаттарды алғаннан кейін – 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде.
Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат беру қажет болған жағдайда, анықталған ескертулерді және/немесе ақпарат беру туралы сұратуды қаржы агенттігі жою және/немесе ақпарат ұсыну үшін 3 (үш) жұмыс күні ішінде Банкке жолдайды. Бұл ретте, қаржы агенттігінің құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.
Банк қаржы агенттігіне көрсетілетін қызметті алушыдан «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық өтінім алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда, қаржы агенттігі көрсетілетін қызметті алушыға кепілдік беру туралы мәселені қараудан бас тартады.
3) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
4) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 1 (бір) сағат.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
180 миллион теңгеге дейінгі кредиттер бойынша – қаржы агенттігінің алдын ала кепілдік хаты не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы бар хабарлама;
180 миллион теңгеден астам кредиттер бойынша – Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және уәкілетті тұлғасының қолымен расталады.
Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
4. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін негізде көрсетіледі.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі:
қаржы агенттігі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00.-ден 15.00-ге дейін.
жергілікті атқарушы органдар – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 8.30, 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін, үзіліс сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ға дейін.
Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру кестесі:
қаржы агенттігі сағат 13.00-ден 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырады;
жергілікті атқарушы органдар сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүргізіледі.
Веб-портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге қажетті құжаттар тізбесі:
180 миллион теңгеге дейінгі кредиттер бойынша:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес қатысуға арналған өтініш;
2) кәсіпкердің кепілдік сомасы есептелген кредит алу мүмкіндігі туралы Банктің оң шешімі бар хаты;
3) көрсетілетін қызметті алушының кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға келісімі (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша);
4) көрсетілетін қызметті алушының қаржы агенттігімен жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісімі (осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша);
5) кепілдікті тарту туралы шешім қабылдаған көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының шешімі.
180 миллион теңгеден астам кредиттер бойынша:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес, қатысуға арналған өтініш;
2) кәсіпкер-заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгендігі/қайта тіркелгендігі туралы куәлік немесе анықтама/жеке кәсіпкер ретінде тіркелгенін растайтын құжат (кәсіпкердің (кәсіпкердің-заңды тұлғаның уәкілетті тұлғасының) мөрімен (бар болса) және қолтаңбасымен расталған көшірмесі);
3) кәсіпкер қаржы агенттігіне жүгінген күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын берілген, бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің бар/жоғы туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;
4) салық декларациясының көшірмесін және/немесе интернет-ресурстарда орналастырылған қаржылық жағдай туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін ақпаратты, бірінші басшысы (заңды тұлғалар үшін) куәландырған дебиторлық және кредиторлық берешектердің таратылып жазылуларымен қоса бере отырып, кәсіпкердің – орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің соңғы үш қаржы жылындағы қаржылық есептерінің көшірмелері (оның ішінде, берешектің пайда болған сомалары, күндері, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің атауы) (кәсіпкер кәсіпкерлік қызметті үш жылдан аз жүзеге асырған жағдайда, ақпарат кәсіпкерлік қызмет нақты жүзеге асырылған кезеңге ұсынылады);
5) кәсіпкердің кепілдік сомасы есептелген кредит алу мүмкіндігі туралы банктің оң шешімі бар хаты;
6) қаржы агенттігінің кәсіпкерді кепілдендіру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының көшірмесі (банктің мөрімен куәландырылған);
7) 180 миллион теңгеден астам кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жеке қаражат жобасын (ақша қаражаты, жылжымалы/жылжымайтын мүлік), оның ішінде жобаны іске асырудың жалпы құнының 10 пайызынан төмен деңгейде қамтамасыз етуге ұсынылатын үшінші тұлғалардың мүлкімен іске асыруға, сондай-ақ, Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде кәсіпкерлердің – шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша кәсіпкердің жобасын іске асыруға қатысуды қамтамасыз ету мерзімдерін қамтитын кәсіпкердің жобасын іске асыру бизнес-жоспары – кірісті өсіруге қол жеткізу, жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту және Өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін бюджетке төленетін салықтардың көлемін 10 пайызға өсіру кезеңдері;
8) кірістің өсімі және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 пайызға өсуі туралы талдау жасауға мүмкіндік беретін салық декларациясының көшірмесін қоса бере отырып, кәсіпкердің – орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектісінің қаржылық есептерінің көшірмесі (Бағдарламаның екінші бағытының шеңберінде қатысуға өтінім берген жағдайда);
Веб-порталға:
180 миллион теңгеге дейінгі кредиттер бойынша
1) кәсіпкердің ЭСҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш;
2) кредит бюросына ақпарат беруге және кредит есебін алуға электрондық нысандағы келісімі;
3) оның жеке деректерін жинауға және өңдеуге электрондық нысандағы келісімі;
4) кепілдік сомасы есептелген кредит алу мүмкіндігі туралы Банктің оң шешімі бар хатының электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі).
Жеке кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны/жеке кәсіпкерді, қызмет түріне лицензияны (егер қызмет түрі лицензияланатын болса) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жөніндегі мәліметтерді және бюджетке төленетін міндетті төлемдерге берешегінің бар/жоғы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.
Деректерді «электронды үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу техникалық тұрғыдан мүмкін емес болған немесе деректер дұрыс болмаған жағдайда, қаржы агенттігі құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыдан сұратады.
Құжаттардың қабылдануын растау құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіндегі тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылған жағдайда, кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органының шешімі қатысушыға немесе басшыға берілген заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен келісу форматында расталады. Келісу нысаны барлық қатысушыларға және басшыға порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. Келісуді растау үшін келісу нысанына қатысушыға немесе басшыға берілген заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою талап етіледі.
6-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі №234 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап – 48 (қырық сегіз) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;
3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 20 (жиырма) минут.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: грант беру туралы шарт не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
4. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.30, 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
осы стандартқа қосымшаға сәйкес гранттар беру бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім;
заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы анықтама;
өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған жағдайда) расталған анықтама;
бизнес-жоба;
Бағдарлама және/немесе «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;
кәсіпкердің атынан өтінім беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген адам төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға растаған).
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
6-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
6-2. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік қызмет стандарты
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
1. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты 20 (жиырма) минуттан аспайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
4. Жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00, 14.30, 15.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.30, 9.00-ден 18.00, 18.30, 19.00-ге дейін.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
еркін нысандағы қатысуға өтінім;
бизнес-жоспар;
техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;
жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.
Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін көрсете отырып тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.
6-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіздері бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.