Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Нәтижелі істер жемісі - АРҚА АЖАРЫ

Нәтижелі істер жемісі

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетовтың төрағалығымен өткен саяси кеңес бюросының мәжілісінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру бағытындағы жергілікті жерлердегі атқарылып жатқан жұмыстар туралы жауапты тұлғалардың есептері тыңдалды.

Атап айтқанда, «Нұр Отан» партиясы Жарқайың аудандық филиалы мен Целиноград ауданының Родина ауылдық округі бастауыш ұйымының жұмыстары туралы есебі, Жақсы, Зеренді аудандары филиалдарының жұмыс есептері, Бурабай және Есіл аудандарындағы медициналық мекемелердің сапалы медициналық қызмет көрсету бағытындағы жұмыстары жайындағы хабарламалары тыңдалды.
«Нұр Отан» партиясы Жарқайың филиалы төрағасының орынбасары Жанат Мыңбаевтың айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында 73 шараны қамтитын жоспар жасалып, мақсатты жұмыстар атқарылуда. «Рухани қазына» аталатын бағыт бойынша 21 шара, «Тәжірибе және білім» бағдары бойынша – 20, «Атамекен» бағдарына сай 22 шара өткізілу жоспарланған. Сонымен бірге, жүргізілген жұмыстарды насихаттауға арналған «Ақпарат толқыны» бағдары бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері жергілікті ақпарат құралдарында осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде 140-тай мақала жарияланған.
Родина ауылдық округінің әкімі Бэлла Газдиева өзі басқаратын ауылдың аумағындағы Рухани жаңғыру бағытында атқарылып жатқан шаруалар туралы жан-жақты баяндап берді. Иван Сауэр басқаратын «Родина» агрофирмасы» серіктестігі ауыл аумағындағы әлеуметтік нысандарды ұстауға қаржылық жағынан үнемі көмектесіп тұрады. «Туған жер» бағдары бо-йынша соңғы екі жылдың көлемінде мектепте бастауыш сыныптарға арналған қосалқы жай салынып, жаңа асхана мен акт залы пайдалануға берілген. Сонымен бірге, ауыл әкімдігі №33 орта мектеп басшылығымен бірлесе отырып, балаларды тамақтандыруды жақсарту жайын қолға алған. Қазіргі күні асханада балаларға берілетін тамақ түрлері көбейіп сүт, ет, балық тағамдарымен бірге көкөніс, бал сияқты нәрлі тағамдар қосылған. Балалар түгел тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Ауылда жаңа амбулатория пайдалануға берілді. Онда күндізгі стационар жұмыс істейді. Сонымен бірге, Зеленый Гай бөлімшесінде мәдени-демалыс орталығы салынды. Бұған серіктестік 103 миллион теңге қаржы бөлген.
Мәжілісте сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының Жақсы және Зеренді аудандық филиалдарының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарып жатқан жұмыстары жайындағы есептері тыңдалды. Бұл туралы партияның Жақсы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Данагүл Пішембаева мен Зеренді филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Айдосова баяндап берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар