Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа жиһаз сатып алғанда дұрыс таңдау жасаңыз - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа жиһаз сатып алғанда дұрыс таңдау жасаңыз

Көп адамдар жиһаз сатып алуға үлкен жауапкершілікпен қарайды. Жиһаз таңдау кезінде кез-келген адам оның сапасына күмәнданып тұрады.Тұрмыстық немесе балалар жиһазы, қоғамдық ғимараттарға арналған жиһаз, дизайны бойынша қарапайым немесе жоғары сапалы қазіргі заманғы және классикалық стильде жасалынған жиһаз көп жыл бойы өзінің қолайлылығымен, көркемдігімен бәрімізді қуантып отыруы керек, денсаулығымызға зиян келтірмей демалу немесе жұмыс кезінде жағдай жасауы қажет.

Сондықтан, сатып алынған зат көңілімізді қалдырмас үшін, Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен 2012 жылғы маусым айында Кедендік одақтың «Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті қабылданды. Ол адамның денсаулығы мен өмірін, мүлікті, қоршаған ортаны және жануарлар мен өсімдіктерді қорғау мақсатында жиһаз өнімдеріне нақты талаптар қойды. Сонымен қатар, тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттерден қорғап, өнімдерге, жиынтықтар мен қоғамдық ұйымдарға арналған тұрмыстық жиһаз гарнитурларына, оның ішінде, жеке тапсырыс бойынша жасалынған жиһаздарға таратылады (антикварлық, медициналық, жарнама немесе көрмелік, бұрын пайдаланылған немесе жөндеуден өткен жиһаздар енгізілмеген).
Жиһаз өнімі қажетті бағалау рәсімдерінен кейін 5 түрлі қауіпсіздік талаптары сәйкестігінен өткеннен соң ғана сатылуға жіберіледі, яғни, механикалық, қажетті орнықтылық деңгейін, пайдалану кезінде жарақат алудан қорғау деңгейін, балалар денсаулығына қауіп-қатер төндірмеу, оларды пайдалану кезінде дене мүшелеріне қысым келтірмеу, эргономика және антропометрия талаптарына сәйкес жиһаз өнімдерінің функционалдық мөлшерінің талаптарын сақтамаудан пайда болатын қауіптен балалар мен жасөспірімдерді қорғау, химиялық және санитарлық-гигиеналық, өрт және электрлік талаптарды қарастырады. Осы рәсімдерден өткеннен кейін ғана сынау зертханаларында сәйкестігі расталғаннан кейін аккредиттелген органнан жиһаз өндіруші немесе сатушы (импорттаушы) сәйкестік сертификатын немесе сәйкестік туралы декларацияны алады. Бұл өнімді сатудағы ең негізгі құжат болып табылады.
Мысалы, кеңсе жиһазына жиһаз өнімдерінің механикалық қауіпсіздік талаптары – бұл корпустың мықтылығы мен түрінің өзгеруі, есіктің қатты бекітілуі мен мықтылығы, есіктің және тағы басқалардың төзімділігі, суырмалар (жартылай
суырмалар), суырманы жылжыту күші, суырмалардың мықтылығы, ас үстелдері (оның ішінде мектеп үстелдері, қойма үстелдерінен басқа) орнықтылығы, сонымен қатар, үстелдер үшін көлденең және тік; төсек-орындар мен дивандар – құрылымының төзімділігі мен тірек элементтерінің бекітілу мықтылығы, сондай-ақ, кереует қабырғаларының бір-бірімен жалғасудағы мықтылығы. Техникалық регламентпен отыру мен жатуға арналған жұмсақ жиһаздың да функционалды міндетіне сәйкес бірнеше талаптар қарастырылған (диван, диван-кереует, кушетка, тахта, орындық, жұмыс креслосы және т.б.), яғни, отырып демалу және ұзақ уақыт жатып демалу, қысқа мерзімді жатып демалу үшін, отырып жұмыс істеу мен қысқа мерзімді демалу үшін. Жиһаз өнімдерінің химиялық қауіпсіздік талаптары пайдаланылатын материалдарға (өңдейтін, қаптайтын, төселетін, құрастырмалы) байланысты қадағаланады. Қазіргі заманда адам ғимараттарда (тұрғын үй немесе қоғамдық) 80 пайыз уақытын өткізеді, сондықтан, жиһаз өнімі ғимаратта айрықша иіс шығармауы тиіс, себебі, келеңсіз иістің болуы адам ағзасына қауіп төндіруі мүмкін. Техникалық регламентпен жиһаз өнімдерінің сәйкестігін растау кезінде 26 ұшпалы химиялық заттарды қадағалау қарастырылған, олар фенол, формальдегид, толуол, хлорлы сутек, аммиак. Бұлардың барлығы арнайы клиникалық-гигиеналық зерттеуден өткізілді, адам ағзасына қолайсыз әсері анықталды.
Мысалы, ғимарат ауасында хлорлы сутегінің қажетті деңгейден жоғары болуы көз бен жоғары тыныс алу жолдарының тітіркенуіне әкеп соқтырады. Ол асқынған дерматитке немесе экземаға ауысып кетуі мүмкін. Аммиак та тыныс алу жолдарына әсер етеді, орталық жүйке жүйесін қоздырады, көзден жас ағып бас айналады. Фенол болса, тері арқылы тыныс алу және ішек-қарын жолдарына тез сіңіріліп, бауыр мен бүйректе шоғырланады. Жүйке жүйесін қоздырады, жүректі айнытып, ұйқыны бұзады. Формальдегид ғимарат ауасына ағаш-жоңқа тақтайлары, желім, қабырғалар мен төбелердің қаптаулары арқылы келеді. Жұмсақ жиһазды қаптауға арналған тоқыма материалдары Кедендік одақтың «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентпен анықталған қауіпсіздік көрсеткіштерге сәйкес расталған, бұл – формальдегид, ацетон, фенол, ацетальдегид, дибутилфталат және тағы басқалары. Қаптау материалы (табиғи және жасанды) кез-келген жиһаздың ең қымбат элементі болып табылатыны бәрімізге аян. Қазіргі таңда табиғи матаны кездестіру өте қиын, себебі, ол тез қажалып қалады. Сіз саудада кеңінен танымал, қымбат, қапталған жұмсақ жиһаз көбейіп кеткеніне назар аударған шығарсыз. Яғни, бұл жерде былғары, сапасы жағынан табиғи былғарыға айнымай ұқсайтын қазіргі заманғы жасанды былғарыларды (арпатек, орегон және т.б.) айтып отырмыз.
Қаптайтын маталы материалдар көп емес – флок, жаккард, велюр, суретті кілем, стрейч, микрофибра, шенилл және тағы басқалары. Жиһазды сатып алу кезінде қағаз немесе мата зат белгісінде мемлекеттік және орыс тілінде жазылған бұйым таңбасына назар аударуды ұмытпаңыз. Ал, егер күмәндансаңыз, түпнұсқада орнатылған сертификат немесе декларацияны қараңыз. Ең бастысы, жиһазды оны дұрыс таңдап, сапасына көз жеткізіп барып, әбден сенімді болған кезде ғана сатып алуға болады.

Ирина ТОЧИДЛОВСКАЯ,
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облыстық департаментінің бас маманы – облыстың мемлекеттік бақылау
жөніндегі мемлекеттік инспекторы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар