Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Болашаққа бастайтын игі істердің бағдары - АРҚА АЖАРЫ

Болашаққа бастайтын игі істердің бағдары

Көкшетау қаласындағы Достық үйінде облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы облыстық қоғамдық келісім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Жолдауы талқыланды.

Іс-шараға еңбек ардагерлері мен қоғам қайраткерлері, этно-мәдени, жастар ресурстық орталықтарының мүшелері қатысты.
– Елбасы өзінің биылғы Жолдауында еліміздің даму жолындағы мақсат-міндеттерді айқындап, белгілеп берді. Аталмыш құжаттан болашаққа бастайтын игі істердің жоспарын, мемлекетті әлеуметтік-экономикалық жағынан дамытудың нақты қадамдарын көруге болады. Осы маңызды құжаттағы көзделген міндеттерді уақытында сапалы түрде жүзеге асыруға әрбір қазақстандық өзінің үлесін қосатынына сеніміміз зор, – дей келе Айна Мысырәлімова Жолдауда айтылған бірқатар міндеттерге тоқталып, олардың мән-маңызын түсіндірді.
Сонымен қатар, жиын барысында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары Светлана Корнеева, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Рухани жаңғыру» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Роза Сабырқызы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов және тағы басқалары Елбасы Жолдауда белгілеп берген міндеттер туралы өз ойларын ортаға салды. Ақмола облысының жастар ресурстық орталығының басшысы Ерлан Мусипов алдағы 2019 жылдың «Жастар жылы» болып жарияланатынын баса айтып, бұл жаңалықты облыс жастары да зор қуанышпен қабылдап, келер жылға үлкен үміт артып отырғандықтарын атап өтті.
– Қазіргі таңда облысымызда 148 мыңнан астам жастар бар. Бұл өңіріміздегі жалпы халық санының 20,2 пайызын құрайды. Жыл сайын жастарды қолдау және маман тапшылығын шешу үшін жас азаматтарымызға облыс әкімінің атаулы шәкіртақысы тағайындалады. Қазіргі таңда еліміздің түрлі жоғары оқу орындарында 276 жас ақмолалықтар облыс әкімінің атау-лы шәкіртақы иегері ретінде білім алуда. Биылғы жылы бұл мақсатқа 102 миллион теңге қаражат бөлінді. Елбасының Жолдауы халық арасында кең қолдауға ие болуда. Біздің міндетіміз – аталған тапсырмаларды жүзеге асыру. Осы орайда, Қазақстанның әрбір азаматы туған елінің әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруіне өз септігін тигізетініне кәміл сенімдімін,–деді ол.
Жиынға жиналғандар Жолдауда айтылған мәселелердің дер кезінде шешімін табуы үшін белсене атсалысатындарын жеткізді.
Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар