Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елбасының Жолдауы – ақмолалықтардың қолдауы - АРҚА АЖАРЫ

Елбасының Жолдауы – ақмолалықтардың қолдауы

Көкшетау

Көкшетау қалалық әкімдігінде Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылаған қала активінің жиналысында алда тұрған міндеттер жөнінде жан-жақты айтылды.

Қалалық мемлекеттік және коммуналдық мекемелердің, құқық қорғау органдары мен кәсіпорын басшылары, еңбек ардагерлері, білім саласының, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан жиналысты қала әкімінің міндетін атқарушы Алтынай Әміренова ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде Жолдау ең алдымен халықтың жағдайын жақсартуға бағытталғанын, құжатта азаматтарды алаңдататын барлық түйткілді мәселелер айтылғанын атап өтті.
–Отбасылар мен жастар, тұрғын үй мен еңбекақы, жергілікті жолдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы мен шағын бизнес, әлеуметтік саланы дамыту және құқық қорғау саласын жаңғырту әр адам үшін маңызды. Осы басты міндетті шешу үшін тұрғындардың кірісін өсіру, тұрмыс сапасын жақсарту, өмір сүру ортасында қолайлы жағдай жасау, азаматтардың қажеттілігіне бағытталған мемлекеттік аппарат, тиімді сыртқы саясат, әр қазақстандықтың еліміздегі қайта құру үрдісіне қатысуы тәрізді шешуші бағыттар белгіленген. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша келесі жылдан бастап ең төменгі еңбекақы мөлшері 1,5 есе көбейеді. Бұл бағытта қалада жұмыс жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың алты айында орташа еңбекақы 123 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімі көрсеткішімен салыстырғанда 10,6 пайызға көбейген. Бізде резервтер бар. Бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасады,–деді Алтынай Әміренова. Елбасы экономиканың гүлденуінің негізі шағын және орта бизнес болып табылатынын атап өтті. Оның бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру үшін мемлекет тарапынан жыл сайын қаржылай қолдау көрсетіледі. Осының арқасында қазір өткен жылы тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 345-ке көбейіп, 19537-ні құрады. Оның ішінде 14283 шағын кәсіпкерлік субъекті жұмыс істейді. Қала әкімінің міндетін атқарушы өз сөзінде мемлекеттік қолдаудың барлық тетіктерін пайдаланып, жалпы өңірлік өнім көлеміндегі оның үлесін көбейту мақсатында кәсіпкерлік сектордың әлеуетін өсіру қажеттігін айтып өтті. Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Еркін Исімбаев өз сөзінде орта білім жүйесінде барлық мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт Назарбаев зияткерлік мектебінің оқыту жүйесі мен әдістемесі болатынын атап өтті.
–Облыс орталығында қазіргі заманғы электрондық кітапхана мен балалар технопаркі пайда болды. Мұнда балалар авиа, кеме жасау, өнеркәсіптік 3D дизайны негізін оқиды. Қала мектептерінде IT сыныптары ашылуда. Техникалық жабдықталған кабинетте оқушылар ақпараттық-коммуникациялық технологияның қыр-сырын меңгере алады. Мұның бәрі келешек ұрпақ білімінің жан-жақты болуына көмектеседі,–деді мәслихаттың хатшысы. Жолдауда бұқаралық спорт пен дене шынықтыру қолжетімділігін арттыру басымдықтардың бірі болып белгіленген. Бұл бағытта қалада спорт алаңдары салынуда. Тек қана биылғы жылдың өзінде 15 алаң салу жоспарланған. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Воркаут» спорт алаңы салынады. Көкшетау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Ержан Шәкіржанов өз сөзінде Жолдауда айтылған міндеттерді шешу үшін бөлім барлық күштерін салатынын айтып берді. Биылғы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Сарыарқа шағын ауданында сегіз 40 пәтерлік тұрғын үй салу жоспарланған. Аталмыш бағдарлама бойынша биыл қалада екі 40 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы басталды. Сондай-ақ, осындай екі жобаны қаржыландыруға өтінім берілді. Алдағы жылдары салынатын 10 көпқабатты тұрғын үйдің жобасы жасалуда. Станционный кентінің оңтүстік бөлігінде сумен және электрмен қамтамасыз етудің инженерлік құрылысы жүргізілуде. Жиналыс барысында Краснояр селосындағы «Дарын-сәулет» шаруа қожалығының басшысы Оралбек Қайсанов жыл сайын ауыл шаруашылығы дақылдарын сеуіп, жоғары өнім алатынын, мал шаруашылығын дамытуды қолға алғанын айтып өтті. Көкшетау қалалық ішкі саясат бөліміндегі жастар ресурстық орталығының директоры Анар Белгібаева Жолдауда барлық санаттағы жастарды қолдаудың жаңа міндеттері мен шаралар кешені анықталғанын айтып берді. Келесі жыл «Жастар жылы» болып жарияланды. Осы орайда, көптеген проб-
лемаларды шешу үшін шаралар кешені жасалады. Бұл – жастардың жұмыспен қамтылуы, сапалы білімге қолжетімділік, жастардың демалысы және өзге де мәселелер. Жолдаудағы маңызды басымдықтардың ішінде тұрғын үй сапасы мен қолжетімділік белгіленген. Биылғы жылы облыс орталығында 121,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бүгінгі таңда қалада 22 тұрғын үй (800 пәтер) салынуда. Тұрғын үй сатып алу үшін қосымша мүмкіндік пайда болды. Осы орайда, «7-20-25» ипотекалық несиелеудің жаңа бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қалаішілік жолдардың жағдайын жақсарту үшін бірқатар көшелер жөнделуде. Қала әкімінің міндетін атқарушы Алтынай Әміренова өз сөзінде Мемлекет басшысы алға қойған нақты стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді орындау жергілікті органдардың өкілдері мен әрбір көкшетаулықтардың міндеті екенін айтып өтті.

Целиноград

Целиноград ауданында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын түсіндіруге арналған аудан әкімі Малғаждар Тәткеевтің төрағалығымен аудан активінің отырысы өтті деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, кәсіпкерлер қатысты. Активте аудан басшысы М.Тәткеев Елбасының биылғы Жолдауының ерекшелігі мен маңызын айта келе, ауданның былтырғы жылғы әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштеріне тоқталды.
Келер жылы ауданда 6 мың бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы 35 пайызға өседі. Елбасы өз Жолдауында айтып өткендей, экономиканың негізгі қозғаушы күші шағын және орта бизнес. Бұл салаға мемлекет тарапынан қаржылық қолдау жақсы көрсетіледі. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 2,9 миллиард теңге бөлініп, 11 жоба субсидияланды. Сөйтіп, 95 жаңа жұмыс орны ашылды.
Сонымен қатар, өңір басшысы тиісті басшыларға Елбасының агроөнеркәсіп кешенін дамыту, барлық мемлекеттік орта мектепке Назарбаев зияткерлік мектебінің әдістемесін енгізу арқылы білім сапасын арттыру, экспорт әлеуетін көтеру, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту, жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту сияқты міндеттерді жүзеге асыру үшін мүмкіндіктерді түгел пайдаланып, жүйелі жұмыс істеуге шақырды. Бүгінгі күні өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасы табысты іске асырылып жатқанын атап өтіп, алдағы уақытта «7-20-25» бағдарламасы аясында қарқынды жұмыстар атқарылу керектігін жеткізді.
Осы орайда, Родина ауылдық округінің әкімі Газдиева Белла Асланбековна өз баяндамасында ауылды жерлерде «4-10-25» бағдарламасын енгізу туралы ұсыныс жасады. Актив жұмысының барысында әр салада еңбек етіп жүрген бір топ қызметкерлер Елбасы Жолдауында айтылған міндеттер жайында өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Шортанды

Шортанды ауданында Елбасының халыққа арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылауға арналған аудан активтерінің жиыны өтті. Оған аудандық мәслихаттың депутаттары, ауыл әкімдері, мекемелер мен ұйымдардың басшылары, бизнес құрылымдардың өкілдері қатысты.

Аудан әкімі Гүлнұр Сәдуақасова Мемлекет басшысының Жолдауында жастарды қолдауға жете көңіл бөлініп, алдағы жыл «Жастар жылы» болып жарияланатынын айта келе, Жолдауда белгіленген міндеттерді орындау бағытындағы атқарылатын жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Жолдауда сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасын одан әрі жалғастыру жайы айтылды. Осыған орай, ауданда жекеменшік тұрғын үй құрылысын жандандыруға жете көңіл бөлінуде. Қазіргі күні 713 жекеменшік үйлерге қажетті инженерлік коммуникациялық жүйе салынды. Биылғы жылы осы мақсат үшін бюджеттен 460 миллион теңге қаржы бөлінді. Сонымен бірге, Президенттің бес бастамасының бірі – «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында да айтарлықтай жұмыстар атқарылуда.
Жиын соңында өңір басшысы Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындауға белсене атсалысуға шақырды.

Зеренді

Зеренді ауданында Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылауға арналған аудан активінің жиналысы болып өтті.

Аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған активке аудан әкімі Мереке Мұстафин, аудандық мәслихаттың депутаттары, округ әкімдері, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың, еңбек ұжымдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиында аудан басшысы Жолдаудың басым бағыттарын атап көрсетіп, өңірлік дамудың болжамды нәтижесін баяндады. Сондай-ақ, аудан экономикасының тұрақты өсіп отырғанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, қазірдің өзінде ауданда бірнеше ірі жоба іске асырылуда.
– Мемлекет басшысы әр Жолдауында жастарға ерекше көңіл бөліп келеді. Елдің келешегі жастардың қолында екенін ұдайы айтып отырады. 2019 жыл «Жастар жылы» деп жариялануы тектен тек емес. Бұл жағымды жаңалықты зеренділік жастар да қуанышпен қабылдады. Өйткені, Елбасының бастамаларын жүзеге асыруда жастардың қосар үлесі зор, – деді аудан әкімі Мереке Мұстафин.
Сонымен қатар, жиында аудандық білім бөлімінің басшысы Жангелді Уайысов, жастар ресурстық орталығының басшысы Жәзира Қазбаева, «Химик» серіктестігінің директоры Иван Поздняков және «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы облыстық филиалы директорының орынбасары Балжан Бікебаева сөз алып, қазақстандықтарға жүктелген асқаралы міндеттерді орындауға лайықты үлес қосатындықтарын жеткізді. Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін бірқатар бөлім, мекеме басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Астрахан

Елбасының Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауын астрахандықтар да қызу талқылап, іскерлікпен жүзеге асыру қамында. Ауданда өткен актив жиналысынан халықтың осы бір бекем сенімі айқын аңғарылды.

Актив жиналысына аудандық мәслихаттың депутаттары, селолық округтер мен кенттердің әкімдері, мекемелер мен ұйымдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және басқа құрылымдардың қызметкерлері қатысты. Активте баяндама жасаған аудан әкімінің орынбасары Жанар Шақпытова Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында қамтылған негізгі бағыттар және оны аудан бойынша іске асырудың жолдары туралы сөз қозғады.
Бұдан кейін сөз алған кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Қайыр Жұмақаев аудан экономикасының негізін шағын және орта бизнесті дамыту тетіктері құрайтынын, соған сәйкес өнеркәсіп орындарын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін жаңа өндірістерді құру және жол бойындағы сервисті дамыту қажеттігін алға тартты. «Қазақстан фермерлер одағы» қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының төрағасы Сыздық Сағадатов ауыл тұрғындарының тұрмысы агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселесіне тығыз байланысты екенін айта келіп, Елбасының таяу үш жылда агроөнеркәсіп кешені үшін жыл сайын кемінде 100 миллиард теңге қаржы бөлу тапсырмасының ауылдың жағдайына үлкен көмек болатынын жеткізді. №1 Астрахан орта мектебінің директоры Сәуле Балабаеваның сөзі негізінен «Педагог мәртебесі туралы» Заңды әзірлеп, қабылдаудың маңыздылығына арналды.
Актив жиналысында сөз алған «Алпамыс» балабақшасының директоры, қоғамдық кеңестің төрайымы Күлшара Майышева, аудандық орталықтандырылған аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Гүлнәр Қуанышева, тағы басқалары Жолдауда өз салалары бойынша қамтылған мәселелерге тоқталып, ендігі міндет осы көзделгенді табандылықпен іске асыру екендігін қадап айтты. Осылайша актив жиналысына қатысушылар Елбасы Жолдауын бірауыздан қолдап, оның барлық бағыттарының ойдағыдай шешім табуына күш-жігерлерін аянбайтындықтарын мәлімдеді.

Жарқайың

Ауданда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Жолдауын талқылауға арналған актив жиналысын аудан әкімі Мұрат Балпан ашып, жүргізіп отырды.

Аудан басшысы бағдарламалық құжаттың негізгі бағыттары туралы өзінің баяндамасында өңірде осыған орай атқарылатын жұмыстардың ауқымын белгіледі. Атап айтқанда, кәсіпкерлік әлеуетін көтеру, агроөнеркәсіп кешенін дамытып, адам капиталын жақсарту, аймақтың инфрақұрылымын жетілдіріп, мемлекеттік аппараттың тиімділігіне қол жеткізу сияқты басты мәселелердің қай-қайсысы болсын назардан тыс қалмады.
Жиналыс барысында «Жарқайың» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Виталий Камышанский, А.Үкібаев атындағы орта мектептің директоры Роза Сәдуақасова және жастар ресурстық орталығының жетекшісі Абылайхан Бейсен Елбасы Жолдауының өз жұмыстарына тың серпін беріп, тұтастай алғанда, аудан экономикасын нығайта түсетіндігін баса атап көрсетті. Өйткені, Жолдауда айтылған көп мәселелер елдің сапалы дамып, халық тұрмысының артуына игі ықпалын тигізбей қоймайды.
Өзінің қорытынды сөзінде аудан әкімі көптің көкейінен шыққан тарихи құжаттың бұдан әрі қайтарымы мол болуы үшін ауданның әрбір тұрғыны ондағы қамтылған мәселелерге өздерінің жеке жауапкершіліктерін терең сезініп, ортақ іске нақты үлес қосулары керектігін баса атап көрсетті. Актив қорытындысы бойынша тиісті қызметтер мен салаларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар