Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жемқорлықпен күресуден ешкім де сырт қалмауы керек - АРҚА АЖАРЫ

Жемқорлықпен күресуден ешкім де сырт қалмауы керек

Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің одан әрі жалғасатындығын, мемлекеттік қызмет көрсету саласында жемқорлықтың алдын алуға игі ықпалын тигізетін электрондық қызмет көрсетуге баса назар аударылуы қажеттігі айтылды. «Жалпы, 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал, 2020 жылы 90 пайызы электрондық форматқа көшірілуге тиіс», – деп көрсетілген Жолдауда.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік маңызы бар міндет, өйткені, жемқорлық қарапайым адамдардың мемлекеттік құзырлы органдарға және сол арқылы мемлекеттің өзіне деген сенімін азайтады. Жеке басының мүддесін мемлекет мүддесінен биік қоятын жемқор осындай теріс әрекеті арқылы мемлекетке материалдық шығын ғана келтіріп қоймай, оның беделіне де нұқсан келтіреді. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күреске барлық мемлекеттік органдар атсалысуы тиіс.
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарында Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту, ол үшін заңнамалық негіз жасау міндетін тапсырған болатын. Осыған орай, қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, оны Қазақстан Республикасы Парламенті мақұлдағаннан кейін, Мемлекет басшысы бекітті. Осы заңның 6-бабында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының келесі жүйесі көрсетілген: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жасау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру және сақтау, мүдделер қақтығысын болғызбау және шешу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру.
Осы заңда мүдделер қақтығысы орын алған болса лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруға тыйым салынды (15-бап). Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың субъектілері мүдделер қақтығысын алдын алу және шешу бойынша шараларды қабылдауға міндетті. Егер өздеріне мүдделер қақтығысы туралы белгілі болса, олар бұл туралы ұйымның басшылығына хабарлауға тиіс. Бұндай жағдайда басшылық тиісті шаралар қолдануға міндетті. Ондай шараларға мыналар жатады: өкілеттіктерді орындау-ды басқа тұлғаға тапсыру, лауазымдық міндеттерін өзгерту, мүдделер қақтығысын жою мақсатында өзге де шараларды қолдану.
Жеке баппен кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жайы көрсетілген (16-бап). Кәсіпкерлік субъектілері шешімдер қабылдау рәсімдерінің есептілігін, бақылауда болуын және ашықтығын қамтамасыз ететін ұйымдық-құқықтық тетіктерді белгілейді, адал бәсекелестік қағидаттарын сақтайды, мүдделер қақтығыстарын болғызбайды, іскерлік әдеп нормаларын қабылдайды және сақтайды. Сонымен бірге, заңда кәсіпкерлік субъектілері үшін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша стандарттарын қабылдау мүмкіндігі қарастырылған. Осы тетіктер, сондай-ақ, квазимемлекеттік сектордың барлық қызметкерлеріне қолданылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
Жемқорлықпен күреске барлық мемлекеттік органдар жұмылдырылғанымен, егер бұл маңызды істен жалпы қоғам, халық сырт қалса, оның нәтижесі болмайды. Сондықтан, мемлекеттік маңызы бар бұл іске мемлекеттік органдар қоғаммен бірлесе күш жұмылдыруы қажет. Сонда ғана, елдігімізге қауіп төндіретін бұл кесапаттың жолын кесе аламыз.

Дәулен МҰХАМЕДИЯРОВ,
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар