Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Барлық бала бақытты болсыншы - АРҚА АЖАРЫ

Барлық бала бақытты болсыншы

Шыр етіп жарық дүние есігін ашқан бар баланың бақытты болуға әбден хақысы бар. Бірақ, өкінішке орай сырқат балалар да аз емес. Олардың көздеріндегі өмірге деген құштарлық отын көрген кезде ет жүрегің езіліп, қол ұшыңды бергің келіп-ақ тұрады. Осы орайда, мектепке дейінгі жастағы тірек-қимыл қозғалысында ауытқуы бар балалардың қолын дамыту психологиялық, педагогикалық жұмыстың басты мақсаты деп айтуға болады.

Бала өзінің ойынға берілген кезінде өз-өзіне қызмет етіп жатқандығын аңғара алмауы да мүмкін. Сайып келгенде, ұсақ қол моторикасын дамыту кезінде есінде сақтау, сөйлеу, ойлау, пайымдау, көз алдындағы кеңістікті қабылдау тәрізді қабілеттері біртіндеп дами береді.
Ойын баласы ойнап жүріп өседі. Әуел баста моториканың толық дамымауының әсерінен болған кемістік біртіндеп жойылмақ. Сырқаттың себептері әртүрлі. Тәжірибеге сүйене отырып айтатын болсақ, тірек-қимыл қозғалысында ауытқуы бар балалар үшін үнемі қозғалудың қажеттілігі зор. Үздіксіз даму үстінде бұлшық еттің тұрақсыздығы, саусақ пен қол бұлшық еттерінің шаршауы басылады.
Осындай өзекті мәселені алдымызға қойғаннан кейін мамандар бас қосып, жоспар жасаймыз. Өзара әрекеттесудің тиімділігі мол. Бұл жерде психологтың, терапевтің, сондай-ақ, топ тәрбиешілерінің бірлесе атқарған ісі көбіне-көп нәтижелі болады. Күнделікті өмірде және ойын түрінде өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастырған абзал. Қалыптасқан соң бала отбасында да, қоғамда да тәуелсіз болады.
Әрине, барлығы бірден бола қоймауы мүмкін. Біз сөз етіп отырған ұсақ қол моторикасын дамыту әдетте сатылап өтеді. Мәселен, бірінші сатыда баланы қарапайым қозғалыстарға үйрету керек. Кейін сәл күрделендірсе де болады. Саусақтары жиі қимылдау үшін ермексаз, алмалы-салмалы ойыншықтарды пайдалануға болады. Саусақ ойындары заттардың, жанды жануарлардың көрінісі іспетті. Осындай ойын үстінде баланы дұрыс сөйлеуге дағдыландыра беру керек. Дағдыға айналған соң құлшыныс кедергіні жеңбек. Жеке жұмыс кезінде қағазды әртүрлі ұсақтау, әрқилы дақылдарды сұрыптау, сурет салу тәрізді балалардың сүйіп ойнайтын ойындарын ойнатқан жөн. Сонда ынта да арта түседі.
Қойылған мақсаттарға жету жолында комплексті ойындар болуы қажет. Мұндай ойындар үздіксіз дамуды қамтамасыз етеді. Міне, сол сәтте баланың ептілігі дамып, өз қимыл-қозғалысын бақылау мүмкіндігіне ие болады.
Арайлым БАЯЗИЕВА,
Көкшетау қалалық арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәрбиешісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар