Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туған жердің орманы жайқалсын деп!.. - АРҚА АЖАРЫ

Туған жердің орманы жайқалсын деп!..

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 120 жыл толу шарасына қатысты. Көркем Бурабайдың тарихы да тереңде жатыр. Осынау тәлім тармақтарын үзілмес өнегемен жалғастырып келе жатқан «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 120 жыл толды. Бұл кәсіпорынның ғасырдан да ұзақ шежіресі 1898 жылы Омбы төменгі орман мектебінің Бурабай қойнауына қоныс аударуы және тұңғыш қазыналық орман шаруашылығының құрылуынан бастау алады. Аталмыш мерекенің биыл елімізде ресми түрде алғаш рет атап өтілу үстіндегі Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен тұспа-тұс келуі де ғанибет.

Сенбі күні Бурабай ауданында аталмыш мереке құрметіндегі салтанатты шаралар жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты қызметкерлері, облыстық ведомстволардың басшылары, орман шаруашылығының ардагерлері мен қалың жұртшылық өкілдері қатысты.
Облыс әкімі М.Мырзалин аудан орталығындағы мәдениет үйіне жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтай келіп былай деді: «Талайлы тағдыр кешкен халқымыз үшін Бурабайдың орны ерекше. Бурабай әсем табиғатымен ғана емес, ел тағдырындағы шешуші тарихи белестер ордасы ретінде де қымбат. Мұнда Абылай ханның көрегендігімен үш жүздің туы көтеріліп, Тәуелсіздік негіздері қаланған. «Қазақстан Швейцариясының» әсем Астанамызбен іргелес қонып, көкжелектерімен қол ұстасып жатуында үлкен сабақтастық бар. Екі аралықты алты жолақты автобан мен «Жасыл белдеу» жалғастырып тұр. Мұнда орман шаруашылығы өкілдерінің ұлан-ғайыр еңбегі бар. Елорда даңғылдарында бой көтерген сәулетті ағаштар да сіз бен бізді мерейлендіре түседі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы Қаулысымен еліміздің кәсіби мерекелері қатарына Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні қосылды.
Бұдан кейін өңір басшысы М.Мырзалин орман шаруашылығының бір топ озаттарын Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Олардың қатарында Жалайыр, Бұланды, Темнобор орманшылықтарының инспекторлары Мереке Бекахметов, Николай Андреев, Ғиззат Шолақов, аң шаруашылығы қызметінің бас маманы Мират Бейсембаев,
туризм маманы Анеля Мұқанова және басқалары бар.
Салтанат барысында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы ведомстволық ұйымдар басқармасының бөлім меңгерушісі Ғабит Малғаздаров басқарма басшысының құттықтау хатын оқып беріп, мерейтой иелерінің бір тобын кәсіби медальдармен, грамоталармен марапаттады. Сондай-ақ, Ақмола облысы бо-йынша орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысы Айдар Дарбаев, «Бурабай» МҰТП директоры Ғалымжан Әбдіхалықов орман шаруашылығы саласының үлкен тобына кәсіпорын мен Бурабай, Біржан сал, Бұланды аудандары әкімдерінің Алғыс хаттарын тапсырды. Салтанат соңы мерекелік концертке ұласты. Залда отырған ардагерлерге де сый-сауға таратылды.
Орманшылар күні мерекесінде Бурабай кентінде орман қызметкері жиынтық мүсінінің композициясы ашылып, орман музейінің таныстырылымы өткізілді және «Бурабай» МҰТП кәсіпорнына қызметтік автокөліктер тапсырылды. Осы орайда, салтанатты шарада мемлекеттік парктің қалыптасу кезеңдері туралы бейнефильмнің көрсетілуі жұртшылықты жақсы әсерге бөлегенін айтқымыз келеді. Сонау 1898 жылы шағын орманшылық түрінде құрылған кондукторлар ұжымы 1918-1934 жылдары Бурабай оқу шаруашылығы және Золотобор орманшылығы дәрежесінде жұмыс істеді. Ал, 1935 жылы «Бурабай» қорығы ұйымдастырылды. Осы жылдары кең ауқымды ғылыми-тәжірибелік жұмыстар жүргізілгені байқалады.
«Бурабай» қорығы жабылып қалғаннан кейін көп жылдар бойы өңірге айрықша қорғалатын табиғи аймақ мәртебесін қайта беру мәселесі күн тәртібінде тұрды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы Қаулысымен «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды. Қазіргі күні оның аумағы 129299 гектарды құрайды. Мұның 79155 гектарын орман алабы алып жатыр. Табиғат қорғау шараларын 41 ғимараттық құрылым мен 26 кардондағы 500-ге жуық орманшы қамтамасыз етеді. Ұлттық паркте өсімдіктің 800, аң-құстың 300 түрі «Қызыл кітапқа» енгізілген. Қазіргі күні ұжым туристік индустрияны дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның белсенді қатысушысы болып табылады.
Бақберген АМАЛБЕКОВ.
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар