Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Министрдің орынбасары кездесу өткізді - АРҚА АЖАРЫ

Министрдің орынбасары кездесу өткізді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»

атты Жолдауында белгіленген міндеттерді халыққа түсіндіру мақсатында облысымызға жұмыс сапарымен келген республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев Бурабай ауданындағы еңбек ұжымдарымен кездесіп, маңызды құжатта қамтылған өзекті мәселелерді талқылады.

Щучинск қаласындағы шаңғы базасында болғанында вице-министр қысқы спорт түрлері бойынша «Олимпиадалық даярлық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын аралап көріп, қазіргі заманғы спорттық құралдармен жабдықталған орталықтың материалдық-техникалық жағдайымен танысты. Сондай-ақ, еңбек ұжымымен және спортшылармен кездесіп, Жолдаудың басты міндеттерін түсіндірді. Вице-министр олимпиадалық даярлық орталығын əлемдік деңгейдегі спорт нысаны екенін атап өтті.
– Сəулеті мен сəні келіскен мұндай нысан шетелдік спортшылар мен туристерді жəне қонақтарды тартуда маңызды болмақ, – деді Ғалымжан Қойшыбаев.
Содан кейін Щучинск қаласындағы №7 мектеп-лицейінің білім беру саласындағы жетістіктеріне назар аударды және «Рухани жаңғыру» бөлмесінде қоғам өкілдерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстелге қатысты. Кездесуде қоғам өкілдерінің ұсыныс-тілектеріне құлақ түрді.
– Бұл жолғы Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық саласына жүйелі түрде әсер етіп, жаңа серпілістерге екпін беретіні сөзсіз. Жолдау жолданғаннан бері республика бойынша біршама жұмыстар қолға алына бастады. Бұл Жолдаудың маңыздылығы – онда халықтың табысы мен тұрмыс сапасын арттыру жайы қамтылған. Ғылым, білім беру, денсаулық саласының және жұмыс орындарын ашуды қамтамасыз ету арқылы халқымыздың әлеуеті көтерілетіні сөзсіз. Жолдауда көрсетілген алты бағытты жүзеге асыру арқылы халықтың тұрмыс жағдайы жақсарады. Осы тұрғыдан келгенде биылғы Жолдау ел тарихындағы аса маңызды құжат болып табылады, – деді Ғалымжан Қойшыбаев.
Сонымен қатар, республикалық ақпараттық –
насихат тобының мүшесі курортты өңірде туристер жиі аялдайтын жақында ашылған Бурабай мешіті мен Визит орталығында болды.

Аслан Оспанов.
Суреттерді түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар