Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мақсат – табыс пен тұрмыс сапасын арттыру - АРҚА АЖАРЫ

Мақсат – табыс пен тұрмыс сапасын арттыру

Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының өткен тоғыз ай ішіндегі жұмысын қорытындылаған алқалы жиналыс болып өтті.

Қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық басқармалар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, жұмыспен қамту орталықтарының басшылары қатысқан жиынды облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова ашып, жүргізіп отырды. Оның айтуынша, 2017-2018 жылдары облыста 11 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылған. Бес жыл бойы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайыздың көлемінде сақталуда. Өткен жылдан бері тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол жөнінде облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Рахматуллина баяндап берді.
–Биылғы жылы бұл бағдарламаға қатысушылардың саны 11 мың 945 адамды құрамақшы. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен, қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз етудің бірінші бағыты аясында 2665 адам оқытылады. Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың екінші бағыты аясында «Бастау бизнес» бағдарламасы, шағын несиелеу, гранттар бойынша 4,5 мың адам екі жыл бойы оқумен қамтылған. Тұрғындарды жұмыспен қамтуға және еңбек ресурстарын оңтайландыруға ықпал ету арқылы еңбек рыногын дамытудың үшінші бағыты аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 8,1 мың адам қамтылған,–деді басқарма басшысының орынбасары.
Облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Алтын Ақбарова өз есебінде биылғы жылы әлеуметтік төлемдерді 38 мыңнан астам әлеуметтік жағынан аз қамтылған адамдар алғанын айтып өтті. Әлеуметтік салада маңызды бағыттардың бірі мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қорғау болып табылады. Мұндай адамдар облыста 29 мыңға жуық. Жыл өткен сайын мүгедектердің тұрмыс деңгейі жақсарып келеді. Мүгедектерді оңтайландыру құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге бағытталған қаржыландыру көлемі көбеюде. Өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы қаржыландыру көлемі 24,4 миллион теңгеге көбейді. Үстіміздегі жылдың соңына дейін мүгедектерді оңтайландырудың 2781 техникалық құралымен қамтамасыз ету, 1449 адамды шипажай мен курортқа емдеуге жіберу жоспарланған. «Арнайы әлеуметтік қызметтер жөніндегі» Заңды жүзеге асыру аясында тұрмыстық қиын жағдайға ұшыраған адамдарға кешенді қызмет ұсынылады.
Облыста үйде әлеуметтік көмек көрсетудің 26 бөлімі жұмыс істейді. 568 әлеуметтік қызметші 3 мыңға жуық адамға қызмет көрсетеді. Оның 2 мыңнан астамы егде адамдар. Облыстағы 10 медициналық-әлеуметтік мекемелерде 1 мың 281 адам тұрады. Оның ішінде 60 мүгедек бала, 756 мүмкіндігі шектеулі 18 жастан асқан сырқат адамдар. Оларға мыңнан астам әлеуметтік қорғау саласының мамандары тәулік бойы қызмет көрсетеді. Алқа жиналысын қорытындылаған облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова мекеменің тиісті қызметтеріне барлық бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды.
Рамазан ТІЛЕУОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар