Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өнімді өзің өндірсең, табыс ұлғаяды - АРҚА АЖАРЫ

Өнімді өзің өндірсең, табыс ұлғаяды

Мемлекет басшысының ел халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында белгіленген маңызды бағыттардың барлығы заман талабына сай, елді дамытуға бағытталған қадамдар.

Әсіресе, бізді Елбасының халық табысының өсуі жайында айтқан сөзі қызықтырды. Мұнда нақты экономиканы өркендету үшін қаржы секторының рөлін күшейтіп, ұзақ мерзімді макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттілігі айтылған. Мәселен, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақысы көтерілетіні қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне, табысты болуына тағы да бір серпін берді. Келесі жылдан бастап, төменгі еңбекақыны бір жарым есе көбейту көзделуде. Сөйтіп, барлық салада, барлық меншік түріндегі кәсіпорындарда жұмыс істейтін адамдардың еңбекақысы ұлғаятын болады.
Мұндағы мақсат – адамдардың қолайлы өмір сүруіне тікелей жағдай жасау. Сондай-ақ, бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекақысы 35 пайызға өседі. Мемлекет басшысы өз Жолдауында инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше көңіл бөлген жөн деп атап өтті. Ол үшін ең алдымен, баламалы энергетика, жаңа материалдар, биомедицина, үлкен деректер, заттар интернеті, жасанды интеллект, блокчейн және өзге де бағыттарды ілгерілетуді қамтамасыз ету қажет. Өйткені, еліміздің жаһандық әлемдегі орны мен рөлі келешекте нақ осыларға байланысты болады.
Қазақстан бүгінгі таңда ел ішінде нарықтық экономиканы дамытуға бағытталған құрылымдық реформаны жаппай қамтитын бағдарламаны жүзеге асыруда. Бұрынғы Кеңес Одағы шеңберінде жүзеге асырыла бастаған Қазақстандағы экономикалық реформа үдерісі 1990 жылдары бәсеңсіп қалды. Тәуелсіздік алғаннан бері ел экономикасы жағымды жаңалықтарға толы болды.
Баға өспеуі үшін бірден-бір іс-қимыл Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, қаржы секторын және нақты секторларды сауықтыру, инфляцияға қарсы кешенді саясат жүргізу мәселелерін жүйелі түрде шешуді бастауы керек. Ол үшін ел экономикасын дамытып, отандық тауар өндіретін компанияларды тұтынушылардың қолдауы қажет. Өзге елдердің экономикасына үлес қоспай, өз өнімімізді тұтыну қажет. Сондай-ақ, бизнесті шетел инвестициясымен, капиталға қолжетімділікпен қамтамасыз етуде «Астана» халықаралық қаржы орталығы маңызды рөл атқаруға тиіс. Мұндай орталықты барлық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар белсенді пайдаланып, оның тез қалыптасуына және дамуына атсалысар еді. Экономиканы дамыту және қаржы секторының рөлін күшейту үшін шағын және орта бизнес те қарқынды дамуы керек. Үлкен зауыттар болмаса да, әр елді мекендер мен аймақтарда шағын цехтар мен кәсіпорындар ашылса, жергілікті тұрғындар тұрақты жұмыспен қамтылады. Сондай-ақ, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар қосымша әлеуметтік қолдауға қол жеткізер еді. Осы істерді жүзеге асырсақ, елімізді дамыта түсеміз деген үміттемін.

Амантай ХАСЕНОВ,
Ерейментау аудандық экономика
және қаржы бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар