Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Білім сапасын арттыруға назар аударылды - АРҚА АЖАРЫ

Білім сапасын арттыруға назар аударылды

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты ел халқына арнаған Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.

Елбасы әрқашан білімге көп көңіл бөледі. Сондай-ақ, оның биылғы Жолдауында: «Алдағы жылы педагогтардың мәртебесі туралы» Заң қабылдау керек. Ол мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлерге ынта беруі қажет. Оларға түсетін жүктемені азайту керек», деп айтылғаны көңілімнен шықты. Елбасы мектептердегі орынсыз тексерістерді азайту, мұғалімдердің мәртебесін айқындау үшін арнайы заң қажет екенін атап өтті.
«Жергілікті жерлерде мұғалімдерге кез келген жұмыс тапсырылады. Мұғалімдер сайлау науқанын өткізеді. Насихат жұмыстарын да ұстаздар жүргізеді. Бір нәрсе қажет болса, мұғалімдер жіберіледі. Сол үшін оларға ешкім еңбекақы төлемейді. Бұл жұмыстардан оларды босату керек. Олар сабаққа дайындалу керек қой. Уақытында ғана жұмыс істеуі қажет. Тіпті оларды орынсыз тексере береді. Аталған заң осы үшін қажет», – деп түйіндеді өз сөзін Мемлекет басшысы. Бұл сөздері әр мұғалімнің жүрегінен орын тауып, әрі қолдау көрсететінін сеніммен айта аламын. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының алдына біраз міндеттер мен талаптар да қойылды. Атап айтсақ, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында сапалы білім, саналы тәрбие беруді дұрыс жолға қою жұмыстары негізгі бағыты болып табылады. Жоғары оқу орындарында сапалы білім беріп, түлектердің жақсы маман болып, жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беру туралы айтқан сөздері де баршамыздың көңілімізден шықты.

Әсемгүл ДҮЙСЕНОВА,
Біржан сал аудандық білім
бөлімінің әдіскері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар