Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын қазақстандықтар жақсылыққа қарай өзгерістер болады деген үмітпен жылы қабылдайды. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы жылдың 5 қазанындағы Жолдаудың атауы айтып тұрғандай, одан халық үлкен үміт күтіп отыр.
Осы маңызды стратегиялық құжаттың әрбір жолында адамға деген қамқорлық, әлеуметтік және басқа салаларда – балабақшалар жұмысынан, еңбекақыны көтеруден, құқық қорғау және сот органдарының жұмысынан бастап, өзекті мәселелерді шеше отырып, барлық тармақтары бірінші кезекте халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Президент елімізді жаңғыртудың жаңа кезеңі аясында қазақстандық білім беру жүйесіндегі бірқатар маңызды мәселелерді өзекті етті. Олардың ішінде мектеп және мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектептердің құрылысын, елді мекендерді дамыту жоспарлары мен басқаларын нақтылау жайлары бар.
Мемлекет басшысы сондай-ақ, мұғалім мәртебесін көтеру және оның қоғамдағы рөлі туралы, ұстаздарға тікелей қызметіне байланысты емес жұмыстар жүктелмеуі жайында айтты. Өз сөзінде Елбасы жоғары оқу орындарын бітіргеннен кейін бірден жұмысқа орналасу қажет болатын оқу орындарының түлектеріне үлкен көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.
Денсаулық сақтау қызметкерлері үшін Президенттің Жолдауы халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын жақсарту қызметінде нұсқаулық болып табылады. Бағдарламалық құжатты алға жылжытудың тағы бір қадамы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық емханаларда және ауруханаларда медициналық құжаттардың сандық қолжетімділігін қамтамасыз ету екендігі атап өтілді. Бұл электрондық паспорттың арқасында 2020 жылға қарай кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік жасалатын болады.
Науқастарды қабылдап, емдеуді ұйымдастырудың жаңа әдісін меңгерген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңмен 20 пайызға артатын болады. Осы мақсат үшін 5 миллиард теңге қарастырылған.
Елде мыңдаған отбасылар баспаналы болуды армандайды. Әркімнің үй салуға немесе пәтер сатып алуға мүмкіндігі жоқ. Осы маңызды әлеуметтік мәселені шешуге Президенттік «7-20-25» жаңа бастаманың «Әр қазақстандық отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» атты алғашқы бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде көмектеседі және арнайы «Бас-пана» ипотекалық ұйымы құрылды.
Елбасы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының тиімділігі, бағдарламаны 2025 жылға дейін ұзарту қажеттігін және оны жүзеге асыру үшін жыл сайын 20 миллиард теңге көлемінде қаржыландыру қажеттігін атап өтті. Бұл бағдарламаның маңыздылығы біздің облыста да сезіліп отыр, өйткені, бағдарлама аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты өсуін қамтамасыз етуде және шағын, орта бизнестің дамуына мақсатты көмек көрсететін құрамдас бөлігі болып табылады.
Президенттің Қазақстан халқына жаңа Жолдауының бір тармағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жаңа стандарттарды әзірлеу бастамасы болды. Бүгінгі күні атмосфераға шашылған зиянды қоқыстарға, топырақтың, ауаның жайына және қалдықтарды жоюға кешенді бақылау ерекше өзектілікке ие болды. Бұл еркін қол жеткізу мүмкіндігі бар заманауи онлайн мониторинг жүйесін енгізу арқылы мүмкін болады. Мұндай біздің елде бұрын-соңды болған емес.
Ел Президентінің жылжымалы және ішкі туризмді дамыту жөніндегі Жолдауының бағыттары еліміздің ең ірі 10 туристік орнының бірі – біздің облысымызда орналасқан Щучинск-Бурабай курорттық аймағына тікелей қатысты. Ақмола облысының туристік әлеуеті көптеген туристерге жазда және қыс мезгілінде демалуға мүмкіндік береді. Ол үшін тау шаңғысы базалары, туристік маршруттары жұмыс істейді. Емдік-сауықтыру, мәдени-танымдық, экологиялық, спорттық-көпшілік және іскерлік туризмге үлкен көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысының тапсырмаларын ескере келе, осы саланың дамуы бұдан әрі де инвесторлар үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалатыны ерекше
бақылауда болатынын атап кеткім келеді.
Қойылған міндеттердің маңыздылығын сезіне отырып, біз, Қазақстан азаматтары, жай тысқары бақылаушы бол-мауымыз керек. Біз белсенді азаматтық ұстанымды көрсетуіміз керек, себебі біздің немерелеріміз бен шөберелеріміз Қазақстанда өмір сүретін болады, демек, бәріміз де өз мемлекетіміздің гүлденуін қалаймыз, ол үшін біз бәрін де жасауымыз керек. Өміріңіздің сапасына және өзіңізге жауапкершілік алуға үйренудің уақыты келді.
Бүгінгі күні жергілікті өкілетті органдар Жолдауда айтылған жоспарларды жүзеге асыруда өздерінің рөлін анық және нақты сезінеді.
Облыстық мәслихаттың депутаттары келесі жылды Елбасының жастар жылы деп жариялауына жедел және іскерлікпен үн қосты. Және олар «бәрі флешмобқа, ойын-сауық іс-шараларына айналмай, нақты мәселелер шешілгенін» қалайды. Бұл мәселені кеңейтілген кеңесте қарап, талқылағаннан кейін депутаттар жергілікті атқарушы органдарға шешім қабылдау үшін ұсыныстар енгізді.
Депутаттар бюджет қаражаттарын тиімді әрі мақсатты пайдалануға, мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынып жатқан құрылыс нысандарының сапасын бақылауды күшейтуге ниетті. Жергілікті жерлерде тұрақты негіздерде құрылыс нысандарына мониторинг жүргізілетін болады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы әрекет ету күшейтіледі. Аталған мәселе мәслихат комиссияларының сессияларында және отырыстарында үнемі көтеріліп жүр және алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
Бүгінгі таңда мәслихат депутаттары қалыптасқан ақпараттық топ құрамында, сайлау округтерінде, еңбек ұжымдарында, тұрғындармен кездесулерде Жолдаудың басты басымдылықтарының мәнін айтып, қарапайым тілмен оны жүзеге асыру тетіктерін түсіндіруде.
Мемлекет басшысының бұл Жолдауы Ұлт Көшбасшысы саясатының әлеуметтік бағытын тағы да бір рет айқындап берді. Президенттің жаңа бастамалары барша қазақстандықтар тарапынан қолдау тауып, оны жүзеге асыруда әрбір азамат белсенді ұстанымдарымен биіктерден көрінеді деген сенімдемін.
Дулат Нұрмолдин,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.