Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин 2018 жылдың 23 қазанында облыстық «Kokshe» телеарнасының студиясында «Әкім сағаты» бағдарламасына қатысып, тікелей эфирде тұрғындардың сауалдарына жауап берген еді. Тікелей эфир барысында аймақ тұрғындарынан 50 сұрақ келіп түсті. Оның 22-сі саll-орталыққа, 7-еуі электрондық поштаға жолданса, 21 сұрақ әлеуметтік желілер арқылы қойылды. Осы сауалдардың әрбіріне облыс әкімі нақты жауап берсе, соларды газетіміздің бүгінгі санында толық жариялап отырмыз.
Сұрақ: Кенже Әлмұқанова: –Қосшы ауылының 20-шағын ауданы электр қуатымен қашан жабдықталады? 2008 жылы алғашқы бағандар қойылды. Алайда, бұл іс соңына дейін жеткізілмеді. Әлде осы уақытқа дейін жоба дайын емес пе?
Жауап: – Сіздің тікелей эфир барысында Қосшы ауылының 20-шағын ауданында электр қуатымен жабдықтау мәселесіне қатысты қойған сауалыңызға мынаны хабарлаймын. Қосшы ауылын электр қуатымен жабдықтау кезең-кезеңімен жүргізіледі. Целиноград ауданында осы істің бүгінгі жағдайы туралы мәліметтер жинақталуда. Ол 20-шағын ауданға да қатысты. Бұл мәліметтерге техникалық құжаттар, жер теліміне идентификациялық құжаттар және тағы басқалары кіреді. Мәліметтер жинақталған соң тиісті жобалау-сметалық құжаттама дайындалады. Алғашқы жобаға енгізілмеген барлық учаскелер 2020-2021 жылдардағы үшінші жобаға кіретін болады.
Сұрақ: Айсұлу Оспанова, Целиноград ауданы Қосшы ауылы Лесная поляна шағын ауданының тұрғыны. – Жылу жүйесіне тарифті неге көтергенін білгім келеді. Бір шаршы метрі бұрын 140 теңге болса, қазір 252 теңге болды.
Жауап: – 2018 жылдың қазанында «Котельная АСИ» ЖШС жылу қуатын өндіру, бөлу, тасымалдау және жабдықтау жөнінен көрсетілетін қызметтің тарифін бекіту туралы Қазақстан Рес-публикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті Ақмола облысы бо-йынша департаментіне өтінім жолдады.
2018 жылдың 15 қазанында осы өтінім аталған департаменттің «Төтенше реттеу шарасы ретінде есеп құралдары жоқ тұтынушылар үшін дифференциялды тарифтерді, тарифтік сметаны және төлем мөлшерін бекіту туралы №129-ОД бұйрығы негізінде бекітіліп, жаңа тариф белгіленді. Ол 2018 жылдың 25 қазанында күшіне енді. Осы мәселені мұқият зерттеу үшін Целиноград аудандық әкімдігі «Котельная АСИ» ЖШС-ның жаңа тарифін қайта қарау жөнінде «Қазақстан Рес-публикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті Ақмола облысы бо-йынша департаментіне хат жолданды. Аталған мәселе аудандық әкімдіктің бақылауында тұр.
Сұрақ: Гүлзайра Бекпасова, Көкшетау қаласының тұрғыны: – Менің күйеуім 2 топтағы мүгедек, біз 2002 жылдан бері Көкшетау қаласынан пәтер алу кезегінде тұрмыз. Біз қашан пәтер алатынымызды білгіміз келеді? Біздің 6 баламыз бар, өзім «Күміс алқа» иегерімін.
Жауап: – Сіздің ағымдағы жылдың 23 қазанында Ақмола облысы әкімімен өткізілген тікелей эфир барысында тұрғын үй алу мәселесіне қатысты сұрағыңызға төмендегіні хабарлаймыз. Бекпасов Жүзен Қуанышұлы Көкшетау қаласы, Досов көшесі, 154 үйде тұрады, ол «Тұрғындардың әлеуметтік тұрғыда аз қамтылғандар» санатының ІІ дәрежелі мүгедек ретіндегі №2 тізіміне алынып, 9 кезекте тұр. Бұл азамат үй құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуіне қарай, Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдылығы аясында, өз кезегі бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы органдар жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй бірінші кезекте Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушыларына, сондай-ақ, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балаларға беріледі. Бұл ретте, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балаларға баспана бөлу кезінде жалпы тұрғын пәтердің 20 пайыздан кем емес саны қарастырылады. Қолданыстағы тұрғын үй заңдылығына сәйкес, Бекпасов Жүзен Қуанышұлы мемлекеттік тұрғын үй қоры есебінен 2019 жылы бас-панамен қамтамасыз етіледі.
Кезектің қозғалысы тұрғын үй құрылысы мен оны пайдалануға беру, сондай-ақ, кезек иелері тізімін түгендеу барысына сәйкес жүргізіледі. Биылғы жылы №2 тізім бойынша пәтер алуға мұқтаж азаматтар үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер бөлу жүргізілмеді. 2019 жылы мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрғандар үшін 8 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.
Сұрақ: Анна Алейникова, Степногорск қаласының тұрғыны:
– Біздің қалада темір жол салына ма?
Жауап: – Степногорск қаласынан Ақсу стансасы арқылы өтетін «Айсары-Ерейментау» желісі өтеді. Қосымша темір жол құрылысын салу жуық арада жоспарланбағанын хабарлаймыз.
Сұрақ: Нина Багайчук, Надежда Полтавцева, Аршалы ауданының Константиновка селосының тұрғындары: –Біздің селомыздан Астанаға дейінгі арақашықтық 100 шақырымды құрайды. Жол, тұрақты автобус қатынасы жоқ. Жолдың күрделі жөндеу жұмыстары қашан басталатынын білгіміз келеді.
Жауап: –«Екатеринбург-Алматы» республикалық трассасынан Түрген және Константиновка арқылы Белоярка селосына дейінгі автомобиль жолының арақашықтығы 67 шақырымды құрайды. Аталған жол салынғалы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Қазіргі күні «Екатеринбург-Алматы» республикалық трассасынан Түрген, Константиновка, Белоярка селоларына дейінгі жергілікті маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеу туралы жобалық жұмыстарға» 35 миллион теңгені құрайтын сметалық есеп жасалды. Аудандық бюджетте қазір бұндай қаржы жоқ. Осыған байланысты жобаны аудандық бюджет арқылы бекітудің мүмкіндігі жоқ. Сондықтан, жақын уақытта жолды күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылмаған. Сонымен бірге, бұл мәселе аудандық әкімдіктің бақылауында екендігін және 2019 жылға облыстық бюджеттен қаржы бөлу үшін бюджеттік тапсырыс берілетінін хабарлаймыз.
Сұрақ: Валентина Примачок, Аршалы ауданы, Константиновка селосының тұрғыны: –Біздің селодан Тургеневка селосына дейінгі автокөлік жолы қашан жөнделеді?
Жауап: –Екатеринбург-Алматы күре жолының бойындағы Тургеневка және Константиновка селолары арқылы өтетін аумақтың қашықтығы 67 шақырым. Қаржы тапшылығына байланысты аудандық бюджеттен жол құрылысына ақша бөлу мүмкін болмай тұр. Осыған орай, облыстық бюджеттен қаржы қарастыруға тапсырыс дайындалуда.
Сұрақ: Амантай Дәулетбеков, Целиноград ауданы, Қосшы селосының тұрғыны: –Үйімді тұрғызып жатырмын, бірақ, электр жарығы жоқ. Электр желісін тарту үшін бізден ақша талап етеді. Бұл қаншалықты негізді? Біздіңше, электр желісі мемлекет есебінен тегін тартылуы қажет.
Жауап: – Қазіргі күні сәулет бөлімі 2020-2021 жылдарға арналған электрмен жабдықтау құрылысын жобалауды жасап жатыр. Биылғы жылы сіздің үйіңіз электр желісіне қосылмайды. Осыған орай, пәтер иелері өз бастамасымен уақытша электр таратқыш орнатуға қажетті жарна жинауда. Бұндай ақша жинау ісіне аудан әкімдігінің қатысы жоқ.
Сұрақ: Гүлнәр Ізбасарова, Галина Косова, Бурабай кенті Совет көшесінің тұрғындары: –Біздің үйіміздің жанынан 3 қабатты қонақ үй құрылысы басталды. Біз құрылысқа қарсымыз. Қонақ үй құрылысына орай жолды жауып, біздің бақшамызды қазып тастады, ағаштарды кесті. Үйімізге кіре алмаймыз. Бұндай құрылысты салуға кім рұқсат етті? Құрылысты қалай тоқтата аламыз?
Жауап: – 2014 жылдың 27 қаңтарында Щучинск қаласының нотариусы О.Бегаль арқылы бекітілген сату және сатып алу келісім-шартында және Бурабай аудандық әділет басқармасында тіркелген жазба бо-
йынша Бурабай кентіндегі Совет көшесі, 18 Б үйдің жалпы көлемі 0,0800 гектар болатын жер телімі А.С.Қанжығалинге тиесілі екендігі көрсетілген және құжатта «Ғимараттар мен мекен-жайларды салу және қызмет көрсетуге арналған» деп жазылған. 2014 жылдың 11 ақпанында «Бурабай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №16 шешімімен дүкені бар қонақ үй кешені құрылысын салуды жобалауға рұқсат берілген.
Бурабай ауданы Бурабай кентінің әкіміне «Бурабай аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің осы нысанға қатысты шешімінің қаншалықты заңды екендігін анықтау жөнінде хат жолданып, Ақмола облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасына бұл құрылысқа қатысты барлық жайларды анықтау тапсырылды. Қазіргі күні «Бурабай аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі анықтағандай, дүкені бар қонақ үй кешенінің құрылысы Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 16 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс жұмыстары туралы» Заңының 60 бабында қарастырылған жалпы пайдаланудағы жерге құрылыс салмау жөніндегі талабын бұзу арқылы жүргізіліп отыр. Сондай-ақ, бұл құрылыс Бурабай кентінің бас жоспарына сай келмейді.
Осыған орай, жеке кәсіпкер А.С.Қанжығалинге 2018 жылдың 18 қазанында құзырлы мемлекеттік органдардың тексеріп, анықтауына дейін тез арада құрылыс жұмыстарын тоқтату талап етіліп хабарландырылды. Осы мәселені талқылау үшін 18 қазанда Бурабай кентінің 18-ші үйінің тұрғындарымен (барлығы 15 адам қатысты) жиын өткізілді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ.
Сұрақ: Юрий Сухомлинов, Көкшетау қаласының тұрғыны:
– «Отау Құрылыс» компаниясы үлескер құрылысы бойынша өзінің міндеттемесін орындамады. Яғни, үйді мерзімінде тапсырмады. Бұл мәселені шешуге кім және қашан көмектеседі?
Жауап: –Көкшетау қаласының әкімдігі: Құрметті Юрий Валерьевич! Сіздің сұрағыңызға байланысты айтарымыз. Тұрғын үй кешенін уақытылы тапсырылмауына кәріз жүйесінің тартылмауы себеп болып отыр. «Отау Құрылыс» ЖШС компания-
сы 2016 жылдың 1 қарашасында «2А» және «3А» блоктары бойынша дайындау, жердегі жұмыстар, темірбетон қазығын қағу, қазықты кесу, қазық алаңын тазалау, қиыршық тас және құм төсеу, бетон және пенополистиролмен жабу, қаңқасын орнату сияқты жұмыстарды аяқтады. Іргетастағы қабырға блоктарын монтаждау тәрізді жұмыстар орындалып, алтыншы қабатқа дейінгі қабырғалар тұрғызылды.
2017 жылдың 15 қыркүйегінде мердігер компания «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-мен келісе отырып, нысанды тапсыру мерзімі анықталғанша құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтатты. Оған себеп кәріз жүйесінің жоқтығы.
2018 жылдың 23 ақпанында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жалғастыру үшін мердігерді қаржыландырудан бас тартты. Оған себеп кәріз жүйесінің жоқтығы.
2018 жылдың 27 тамызында тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау үшін «TengriBank» АҚ несиелік желі ашу туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі кезде жеткізіп беруші мен мердігерге несиелік қарыз өтелуде. Құрылыс материалдардың ақысы өтелді. Құрылыс алаңындағы жұмыстар 2018 жылдың 1-ші қарашасынан бастап жандана түсті.
Құрылыс алаңы тарапынан жобалық-сметалық құжаттары әзірленді және телефондандыру желісінің құрылысы (биылғы жылдың 4 қазанында 48,5 миллион теңге), электрмен жабдықтау 0,4 кВ (биылғы жылдың 4 қазанында 20,7 миллион теңге), электрмен жабдықтау 10 кВ (биылғы жылдың 9 қыркүйегі, 179,2 миллион теңге) үшін мемлекеттік сараптама қорытындысы жасалды.
Қазіргі кезде сусорғыш стансасы және кәріз жүйесінің құрылысы бойынша жоба кешенді ведомстводан тыс сараптамада қаралып жатыр. Кәріз жүйесінің құрылысы келер жылы қаржыландырылатын болады. 2019 жылдың соңында тұрғын үй кешенін пайдалануға беру жоспарланған.
Сұрақ: Анель Әбілмәжінова, Көкшетау қаласының тұрғыны: –Біз Әуезов пен Темірбеков көшелеріндегі «Отау Сити» тұрғын-үй коммуналдық кешенінің үлескерлеріміз, міне, біз 2 жыл бойы үйдің тапсырылуын немесе ақшамыздың қайтарылуын күтіп жүрміз. Бұл мәселені шешу үшін қандай шаралар қолданылады?
Жауап: – Сіздің сұрағыңыз осы жылдың 23 қазанында Ақмола облысының әкіміне тікелей эфир барысында қойылғанын, әзірлеуші өз міндеттерін орындамағаны туралы хабарлаймыз.
Кешенді уақытында тапсырмай кешіктірудің себебі – кәріз желілерінің болмауы. 2016 жылдың 1 қарашасынан бас-
тап «ОтауҚұрылыс» ЖШС әзірлеушісінің «2А», «3А» блоктарында орындалған жұмыстар: дайындық жұмыстары, жер жұмыстары, темірбетонды блоктар жүргізу, бұрыш бастарын кесу, шұңқырларды тазалау, бетон және ПСБ жабынына арналған қондырғы жұмыстарын аяқтау, торлы қондырғыларды және пішіндерді орнату, бетон қабылдау. ФБС монтаж орнату. Алтыншы қабатқа қабырғалар мен бөлімдер салу.
2017 жылғы 15 қыркүйекте «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-мен келісім бойынша құрылыс салушылар құрылыс-монтаж жұмыстарын нысан мерзімін өзгерту мәселелерін шешуге байланысты тоқтатты. Оның негізгі себебі – кәріз желілерінің болмауы.
2018 жылғы 28 ақпанда «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ құрылыс салушыларға құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыру үшін бірлесіп қаржыландыруға тыйым салынды. Мұнда да себеп кәріз желілерінің болмауынан.
2018 жылы 27 тамызда «TengriBank» АҚ-мен тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау үшін несие желісін ашу туралы келісімге қол қойылды. Қазіргі уақытта жеткізушілер мен мердігерлерге берешек өтелуде. Құрылыс материалдарына ақы төленді. Участок толық құрылыс-монтаж жұмыстарын 2018 жылдың 1 қарашасынан бастайды.
Құрылыс басқармасымен жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, телефон желілерін салу бойынша мемлекеттік сараптамалық қорытындылар алынды (ағымдағы жылдың 4 қазанында 14,1 миллион теңге), жылу беру (ағымдағы жылдың 4 қазанында 48,5 миллион теңге), 0,4 кВ электрмен жабдықтау (ағымдағы жылдың 4 қазанында 20,7 миллион теңге), 10 кВ электрмен жабдықтау (ағымдағы жылдың
9 қыркүйегінде 179, 2 миллион теңге).
Қазіргі уақытта сорғы стансасын және кәріз желілерін салу жобалары жан-жақты кешенді сараптаманы қажет етуде. Ал, келесі жылы кәріз желілерін салу үшін қаражат бөлінеді. 2019 жылдың соңына қарай тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі.
Сұрақ: Шаймұрат Қабдырахман, Көкшетау қаласының тұрғыны: –Қарттар айлығына орай қашан жәрмеңке ұйымдастырылады және тауар сапасы қандай болады?
Жауап: –2018 жылғы 10 қарашада Көкшетау қаласының, сондай-ақ, жақын аудандардың өнім өндірушілерінің қатысуымен өтетін қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі болатынын хабарлаймыз. Бірақ, бұл жәрмеңке Қарттар айлығына орайластырылмаған.
Сұрақ: Айман Қозыбаева, Көкшетау қаласының тұрғыны: –Біз «Жайлау» шағын ауданында жаяу жүргінші жолын немесе «полицей» кедергі белгісін орнатуды қалаймыз.
Жауап: –2019 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, «Жайлау» шағын ауданында «полицей» кедергі белгісін орнатады.
Сұрақ: Сайран Құрманғалиева, Көкшетау қаласының тұрғыны: – «Көктем» шағын ауданында сауда үйі салынғанын қалаймыз. Сондай-ақ, біздің музыкалық мектепке баратын балаларымыз Біржан сал атындағы Көкшетау музыкалық колледжінің ғимаратында оқиды. Қашан біздің қаламызда музыкалық мектеп өз алдына жеке ғимаратқа орналасатын болады?
Жауап: –Бүгінгі күні «Көктем» шағын ауданында тұрғын үйлердің бірінші қабатында орналасқан 6 дүкен бар. Бар-жоғы 300-500 метр қашықтықта азық-түлік өнімдерін және өнеркәсіп тауарларын сататын «Стелла», «Сырымбет», «Жандос» дүкендері, «Союз» супермаркеті жұмыс істейді. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, «Көктем» шағын ауданында сауда үйін салуға аса мұқтаждық жоқ деп есептейміз.
Шыны керек, музыка мектебі Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің ғимаратында орналасқан. Бірақ, бұның бір басымдығы бар, мектепте оқып жүрген біздің дарынды балалар білімін кейін колледжде ойдағыдай жалғастыра алады. Сонымен бірге, балалар музыкалық мектебінде 500-ден аса бала оқиды. Қазіргі таңда музыкалық мектепті орналас-
тыратын бос ғимарат жоқ. Дегенмен, осы мәселе біздің жіті бақылауымызда тұр.
Сұрақ: Асқар Ерғали, Ерейментау ауданы Олжабай батыр ауылының тұрғыны: –Бізде басты мәселе жол мәселесі. Қаратал-Еркіншілік бағытындағы облыстық автожолдың жағдайы тым нашар. Жол жөндеу жұмыстарына қыруар ақша бөлінген, дегенмен, жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Құзырлы органдар неге қадағаламайды? Осы аталған мәселе бойынша жол басқармасына нақты тапсырмалар беріп, жолды қалыпты жағдайға келтіруді сұраймын.
Жауап: –Ағымдағы жылдың жаз айында «КазСтройСервисНС» мердігерлік ұйымымен Павловка-Қаратал автожолында ұзындығы 42 шақырым болатын жаңа материал қоспасы бар шұңқырларды жабу жұмыстары жүргізілді. Алайда, ауа райының жиі қолайсыз болуына байланысты жолдың сапасы сәл нашар күйге ұшырады. Сол себепті, мердігермен өз қаражатына қайтадан шұңқырларды жабу жұмыстары жоспарланып отыр.
Сұрақ: Күлпан Жансейітова, Көкшетау қаласының тұрғыны: –Застанционный кентінде үйлер су астында қалды. Су басқан үйлердің тұрғындарын қандай тағдыр күтіп тұр?
Жауап: –Көкшетау қаласының әкімдігі жер асты суларын сору бойынша жұмыс жүргізді, зардап шеккендерге уақытша тұрғын үй берілді, сонымен қатар, тексеру актісіне сәйкес зардап шеккен отбасыларға шұғыл жағдай санаты бо-
йынша 72 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Су басқан үйлерді зерттеу нәтижесінде төтенше жағдайлар департаменті тұрғын үйді одан әрі тұру үшін жарамды деп таныды. Жағдайды қайта болдырмау үшін кенттің тұрғын үйлерін су басуға жол бермеу бойынша шаралар жүргізілді.
Сұрақ: Серік Тостыбаев, Бұланды ауданы Макинск қаласының тұрғыны: –Құс фабрикасына жұмысқа орналаса алмай жүрмін. Елу жастамын. Бұл мәселе бойынша кімге жүгінерімді білмеймін.
Жауап: –2018 жылдың тамыз айында сіз Бұланды ауданындағы жұмыспен қамту орталығына барып, «Макинск құс фабрикасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш білдірген екенсіз. Сол уақытта «Макинск құс фабрикасы» ЖШС өтінімімен жұмыспен қамту орталығы «Жүк тиегіш жүргізушісі» мамандығы бойынша қысқа мерзімді оқуға адамдарды қабылдады. Бірақ, әңгімелесу нәтижесінде сіздің кандидатураңызды кәсіпорын басшылығы осы лауазымға мақұлдамады. Мұның орнына сізге «Маген» күзет агенттігі ЖШС-іне күзетші қызметі ұсынылды. Алайда, сіз бұл жұмыстан бас тарттыңыз. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Бұланды ауданының халықты жұмыспен қамту орталығына құзыреті шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша тапсырмалар берді (жұмыссыз ретінде тіркеу, қысқа мерзімді оқыту мүмкіндігін қарастыру, бос жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру). Сіздің жұмысқа орналасу мәселеңіз бақылауға алынды.
Сұрақ: Б.Қанапия, К.Балтабекова, Көкшетау қаласындағы «Бірлік» шағын ауданының тұрғындары: –Біздің «Бірлік» шағын ауданында жылуды дұрыс бермей жатыр. Үй салқын. Бұл мәселені қалай шешуге болады?
Жауап: –Температура кестесі нормаларға сәйкес келеді, аптаның ішінде жылу инспекциясы аталған мекен-жайлар бойынша қосымша тексеру жүргізетін болады.
«Көкшетау Жылу» ШЖҚ МКК үстіміздегі жылғы 29 қазанда «Бірлік» шағын ауданындағы Тихая көшесінің 15 және Ботаническая көшесінің 30 тұрғын үйлерін тексерді. Тексеру барысында тұрғын үйде 23 градус жылылық анықталды, жылыту аспаптары толықтай жылу беруде.
Сұрақ: Мұхаммед Шәмшеддин, Ерейментау ауданы Бестоғай ауылының тұрғыны: –1) Ерейментау-Сілеті бағытындағы жол өте нашар. Жалпы, аудан бойынша жол жөндеу жұмыстары қашан жүргізілмекші? Оған қоса, Байсары ауылында интернет жоқ. Мен мал шаруашылығымен айналысуға несиеге өтініш бергенмін. Үкіметтен субсидия берілетіндігі жайлы көп естідім. Бірақ, әлі әкімдік тарапынан ешқандай жауап алған жоқпын. Бұл мәселені қалай шешуге болады және қашан шешіледі? 2) Жас мамандарға үй алу мүмкіндігі жоқ. Ауданнан үй алу үшін ақша бөлінбейді. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы не үшін әзірленген?
3) Кеңшарды таратқан кезде пай үлесін ала алмай қалдым. Мекемелер жекеменшікке өтіп кеткен. Бұған кім жауапты?
Жауап: 1) Ерейментау-Сілеті республикалық автожолы «Қазавтожол» ҰК» АҚ-ына қарайды. Бұл жолды ДЭУ-7 қадағалайды. Жөндеу жұмыстары жыл са-
йын жүргізіледі, бірақ, автожолға күрделі жөндеу қажет.
2) Сіз аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне телефон соққан екенсіз. Мал шаруашылығын несиелеу және субсидиялау туралы сұрағыңызға орай, ауыл шаруашылығы саласы бойынша қандай несиелер берілетіндігі, осыған қатысты бағдарламалар және қаржы институттары туралы түсініктеме берілген. Ауыл шаруашылығын субсидиялау туралы да хабардар етіліпсіз, сондай-ақ, несие алуға өтінім беру үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркелуіңіз керектігі айтылыпты.
3) Мемлекеттiк ауыл шаруашылығы ұйымдарын тарату және қайта құру барысында қолданыста болған, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы №2717 Жарлығының (Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы №153 Заңымен күші жойылды) 79-бабына сәйкес таратылатын немесе қайта құрылатын ұжымшарлардың мүшелерi, мемлекеттiк ауыл шаруашылық ұйымдарынан мемлекеттiк емес болып қайта құрылатын ұйымдардың қызметкерлерi, сондай-ақ осы шаруашылықтардың өндiрiстiк және әлеуметтiк-мәдени салаларында iстейтiн әрi олардың аумағында тұратын зейнеткерлер мен басқа да адамдардың заңға сәйкес шартты жер үлесiне құқығы бар.
Жер (шартты жер) үлесiн иеленушiлердiң:
1) жер үлесiне құқығын жарна ретiнде шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық қорына немесе қайта ұйымдастырылатын ұйымдардың жерiнде құрылатын өндiрiстiк кооперативтерге пай ретiнде беруге;
2) шаруа (фермер) қожалығын немесе ауыл шаруашылық өндiрiсiне байланысты басқа да кәсiпкерлiк қызметтi ұйымдастыру үшiн жеке жер үлесiне сәйкес жер учаскесiн алуға;
3) осы ауыл шаруашылық ұйымы мүшелерiне өзге де тең жағдайларда олардың аталған үлестi сатып алуға басым құқығын сақтай отырып, жер үлесiне құқықты сыйға тартуға немесе сатуға құқығы бар;
4) жер (шартты жер) үлесiне деген құқықты жалға немесе кепiлге беру.
Ұйымдарды қайта ұйымдастыру немесе тарату нәтижесiнде құрылған шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге тұрақты пайдалану үшiн тегiн берiлетiн жер үлесi мен жер учаскелерiнiң мөлшерiн айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
«Ауыл шаруашылығы ұйымын қайта ұйымдастырудың немесе таратудың нәтижесiнде құрылған шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге тұрақты жер пайдалануға тегiн берiлетiн жер учаскелерiнiң жер үлестерi мен мөлшерлерiн айқындаудың тәртiбiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 7 тамыздағы № 1232 (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы
9 ақпандағы №124 қаулысымен күші жойылды) қаулысына сәйкес таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кеңшарлардың мүшелерi, мемлекеттiк емес болып қайта құрылған мемлекеттiк ауыл шаруашылығы ұйымдарының қызметкерлерi, сондай-ақ, зейнеткерлер мен осы шаруашылықтардың өндiрiстiк және әлеуметтiк-мәдени салаларындағы қызмет көрсетумен айналысатын және олардың аумақтарында тұратын адамдар заңдарға сәйкес белгiлi бiр шартты жер үлесiне құқығы бар.
Гектардағы жер үлесiнiң мөлшерi ауыл шаруашылығы ұйымының жер пайдаланылымындағы ауыл шаруашылығы жерлерiнiң жалпы алаңының шартты жер үлесiне құқығы бар адамдардың санына бөлу жолымен есептеледi.
«Жер туралы» Жарлығының (күші жойылған) 77-бабына сәйкес ұжымшарлардың мүшелерi немесе мемлекеттiк ауыл шаруашылық кәсiпорындарының қызметкерлерi болып табылмайтын азаматтарға шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн арнайы жер қорынан және қосалқы жерден жер учаскесi бөлiнедi.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабында белгіленген тәртіппен және шарттарда шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс негізінде жүзеге асырылады.
Сұрақ: Мұрат қажы Ыдырысұлы, Көкшетау қаласының тұрғыны: – Мәлік Кеңесбайұлына «Абылай ханның қара жолы» экспедициясының ұйымдастырылуына қолдау көрсеткені үшін алғысымды білдіремін. Ал, енді мені мазалап отырған сұрақ, БАҚ өкілдеріне және өңіріміздің ақын-жазушыларына арнап медиа орталығын салу жоспарда бар ма?
Жауап: –Бүгінгі күнде мұндай әзірленген жоба жоқ. Бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес ақын-жазушылар мен шығармашылық адамдарының кездесулері үшін жайлар (медиа орталықтар) қарастырылған. «Рухани жаңғыру» нысанының құрылысы да жоспарда қарастырылған.
Сұрақ: Қанат Қожақов, Көкшетау қаласының тұрғыны: –Футзал бойынша Ақмола облысының командаларын дамытудың келешегі қандай?
Жауап: –2017 жылы «Оқжетпес» шағын футбол командасы құрылды. Команданың негізін Көкшетау футбол федерациясы (KOFF) және футбол әуесқойларының лигасы өткізген чемпионат бағыты бо-
йынша футзалдан қала чемпионатында өзін көрсеткен ойыншылар құрады. Футзал командасының барлық ойыншылары футзалдан Ақмола облысының қалалық және аудандық чемпионаттарының қатысушылары болып табылады. Команда құрамына Көкшетау мен Степногорск қалаларының және Жақсы, Ақкөл, Егіндікөл аудандарының өкілдері кірді.
Команданың бас жаттықтырушысы болып Қазақстан, Ресей және Украина футбол клубтарында үлкен тәжірибе жинақтаған Олег Самойлов тағайындалды. «Оқжетпес» шағын футбол командасы 2017-2018 жылдар маусымындағы ойын қорытындысы бойынша бесінші орын алды. Бұл Қазақстан футзалының жоғары дивизионында бірінші жыл ойнаған команда үшін мақтаныш. 2018 жылдың маусымын команда Бурабай ауданындағы жаттығудан бастады. Дайындық жұмысын ойдағыдай өткізіп, 2018 жылдың 15 қазанында футзалдан ел кубогының іріктеу кезеңіне қатысты. Кезең қорытындысы бойынша 12 команданың арасынан ел кубогын сарапқа салатын 6 команда анықталды. Олар: «Қайрат» Алматы қаласы, «Ақтөбе» Ақтөбе қаласы, «Аят» Рудный қаласы, «Жетісу» Талдықорған қаласы, «Динамо» Петропавл қаласы, «Оқжетпес» Көкшетау қаласы.
«Оқжетпес» шағын футбол командасының құрамы жаңа маусымда Дмитрий Дверныймен («Аят» ШФК, Рудный қаласы), Михаил Першинмен («Қайрат» ШФК, Алматы қаласы), Павел Такумен («Ақтөбе» ШФК, Ақтөбе қаласы) нығайтылды. Бұл 2018-2019 жылғы жаңа маусымда біріншілік медальдарын сарапқа салуға біздің команда да қатысады деп үміттенуге мүмкіндік береді.
Сұрақ: Мақпал Айбабина, Көкшетау қаласының тұрғыны: –Көкшетау қаласындағы «Бейбітшілік» шағын ауданында жол салу жоспарда бар ма?
Жауап: –Қазіргі уақытта Бейбітшілік шағын ауданындағы (Уәлиханов көшесінен кіреберісі, Уокешо, Балуан Шолақ, Құрманғазы, Дмитриев көшелерінің бұрылысы, шамамен жөндеудің жалпы ұзындығы – 2 шақырым) жолдардың орталық учаскелерінің құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобаны әзірлеген соң және ТҮКШ бөлімі мемлекеттік сараптаманы бекіткеннен кейін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін болады.
Сұрақ: Күлайым Айтқожина, Көкшетау қаласының тұрғыны:
–Краснояр бағытындағы жол бойында мектеп құрылысы басталды. Осы құрылыс қашан аяқталады және балаларымыз жаңа мектеп табалдырығын қашан аттайды?
Жауап: –Мектеп құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыстың аяқталуы 2019 жылға жоспарланған. Бірақ, нақты мерзімі жобаны түзетіп, өзгерістер енгізілгеннен кейін белгілі болады.
2016 жылы Краснояр тас жолы бойында жалпы құны 977,997 миллион теңгенің оқыту-тәрбиелеу кешенінің құрылысы басталды. 2017 жылы техникалық жерас-
ты жабынын орнату бойынша, тіреуіш қабырғаның монтажы, КТПГ-ны монтаждау, қоршау орнату, кәріздің сыртқы желілерін орнату, септикке арналған шұңқырлар қазу бойынша жұмыстар аяқталды.
2018 жылы іргетасы отыруына байланыс-
ты ленталық іргетасты свайлық іргетасқа ауыстыру туралы шешім қабылданды. Ғимарат құрылысы бойынша жұмыстар уақытша тоқтатылды. Осыған байланыс-
ты жобаны түзету жұмыстарына сәйкес жоспарланған қорытындыны алу мерзімі – 2018 жылдың желтоқсан айы. Мұнымен бірге нысанның жанындағы стадионның тік жоспарлау қондырғысы бойынша жұмыстар жүргізілуде.