Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Адам құқы және оның өзекті мәселесі - АРҚА АЖАРЫ

Адам құқы және оның өзекті мәселесі

Кеше Көкшетауда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астанадағы бағдарламалар офисі мен Ақмола облыстық әкімдігі бірлесіп, мемлекеттік қызметшілер, кәсіподақ ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілеріне және жалпы жұртшылыққа арнап «Қазақстандағы адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық тетіктері» атты семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингке қатысушылар алдында облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова сөз сөйлеп, облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің семинарға қатысушыларға құттықтауын жеткізді. Қазақстан Респуб-ликасы Президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің адам құқықтары жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Гүлмира Қуанжанова құттықтау сөз сөйледі.
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелердің сот және құқық қорғау органдарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылы қаралды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан аумағында тұрақты немесе уақытша тұрып жатқан өзге адамдардың азаматтық, еңбек, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықта-
рын қорғаудың өзекті мәселелері қамтылды.
Комиссия мүшелері мен сарапшылары Тастемір Әбішев, Светлана Жаркенова, Ольга Волкова нақты мысалдармен тыңдаушыларға адам құқықтары мен бостандықтары туралы ғана емес, сонымен бірге, азаматтардың мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттері туралы да айтып берді. Тастемір Әбішев өз сөзінде адам құқықтарына қатысты оқыту семинар-тренингтерін өңірлерде өткізудің маңыздылығын айтып, мұның өзі жергілікті халықтың адам құқықтары мен бостандықтарын, адам құқықтарын сот және соттан тыс тетіктер арқылы қорғау туралы ақпарат алу деңгейін, сондай-ақ, қоғамның барлық топтарының құқықтық мәдениетін арттыра түсуге септігін тигізетінін атап өтті.
Тренинг барысында тыңдаушылар БҰҰ-ның адам құқықтары саласындағы бақылау функцияларымен, адам құқықтары жөніндегі халықаралық конвенцияларға қатысты құрылған бақылау органдарының құзыретімен танысып, БҰҰ-ның тиісті Комитеттерінде азаматтардың жеке шағымдарын қарау тетігіне тоқталды. Сондай-ақ, Елбасының бес институционалдық реформасы мен бес әлеуметтік бастамалары, халыққа арнаған биылғы жаңа Жолдауы, оларды іске асыру тетіктері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғыртудың ережелері егжей-тегжейлі талқыланды.
Семинар-тренингте қатысушылар адам құқықтарын қорғау мен көтермелеу саласындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Комиссия сарапшылары тыңдаушылардың толғандырған сұрақтарына жауап берді.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар