Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Бастау-бизнес» арқылы несие алып, дүкен ашты - АРҚА АЖАРЫ

«Бастау-бизнес» арқылы несие алып, дүкен ашты

Степняк қаласындағы «Первомайка» шағын ауданында аралас тауарлар дүкені ашылды. Бір қарағанда қатардағы шара сияқты көрінгенімен,

бұл нысанның қатарға қосылуы ауыл тұрғындары үшін елеулі оқиға саналады. Бұл шараға аудан әкімі Ермек Нұғымановтың арнайы қатысып, құттықтау сөз арнауында да мән жатыр.

– «Первомайкада» жүз отбасынан астам кісі тұрады, – деді Ермек Бекенұлы. Әйткенмен, жылдар бойы жергілікті дүкеннің болмауы көптеген қолайсыздық тудырып келді. Барлық дүкендер аудан орталығында орналасқан. Күнделікті қажетті тауарларды сатып алу үшін тұрғындар 3-5 шақырым жол жүреді. Осынау игілікті істі кәсіпкерліктегі алғашқы қадамын бастаған Сағидолла Омаровтың қолға алғаны қуанышты. Бұл өзгелерге де үлгі салар ұмтылыс болғай.
Сағидолла Омаров дүкеннің сәулетіне, тауарлардың түрлеріне және бұларды көз тартарлық етіп орналастырудың тәртібіне мән беретіні көрініп тұр. Мұны жергілікті азаматтың «Бастау-бизнес» бағдарламасы бойынша білімін жетілдіріп, кәсіпкерлік сырына қаныға түскенімен байланыстырған жөн. Сондай-ақ, оның бизнес жобасы ауыл шаруашылығын қолдау Қорында мақұлданып, несие қаржысы беріліп отыр. Өз ісіне құлшына кіріскен С.Омаровтың қысқа мерзімде дүкен тұрғызғаны кәсіпкердің болашаққа арналған жоспарларының да ауқымдылығын аңғартады.
Жалпы, ауданда кәсіпкерлік қозғалыс белсенді сипат алғанын айту ләзім. 2018 жылдың жартыжылдығының өзінде жұмысын жаңа бастаған 42 кәсіпкерге 122 миллион теңге көлемінде несие қаржысы бөлініпті. Былтырғы сәйкес мерзімде бұл көрсеткіш 86 миллион теңге болған. Сондай-ақ, биыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 120 адамның «Атамекен» кәсіпкерлер палатасындағы курста оқығаны кәсіпкерлік қозғалыстың жандана түскенін білдіреді.

Төлеген Қосшығұлов.

Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар