Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елдің әлеуетін арттыратын нақты қадам - АРҚА АЖАРЫ

Елдің әлеуетін арттыратын нақты қадам

Елбасының халыққа арнайтын әр Жолдауын барлығымыз асыға күтеміз. Бұл жолы да 5 қазан күні тікелей эфирден Жолдау шеңберіндегі ел игілігіне бағытталған бастамаларды институт қызметкерлерімен бірге ықылас қойып, ерекше ілтипатпен тыңдадық. Жолдаудың тақырыбының өзі-ақ Президенттің қай мәселеге басымдық бергенін аңғартып тұр. Онда қазақстандықтардың әл-ауқатын өсіру міндеті қойылып отыр. Жолдауда аталған маңызды бағыттардың барлығы жаңа заман талабына сай, елді дамытуға бағытталған қадамдар.

Мәселен, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақысы көтерілетіні қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуіне тағы да бір серпін береді. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап төменгі еңбекақыны бір жарым есе ұлғайту көзделуде. Сол арқылы барлық салада, барлық меншік түріндегі кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,3 миллион адамның жалақысы ұлғаятын болады. Мұндағы мақсат – адамдардың қолайлы өмір сүруіне тікелей жағдай жасау. Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни, 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіру тапсырылды. Осының арқасында бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейтіліп, орта есеппен 35 пайызға өседі.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше көңіл бөлген жөн деп атап өтті. Ол үшін ең алдымен, «болашақтың экономикасының» баламалы энергетика, жаңа материалдар, биомедицина, үлкен деректер, заттар интернеті, жасанды интеллект, блокчейн және басқа да бағыттарын ілгерілетуді қамтамасыз ету қажет. Себебі, еліміздің жаһандық әлемдегі орны мен рөлі келешекте нақ осыларға байланысты болады.
Елбасы Үкіметке Назарбаев университетімен бірлесіп, нақты жобаларды анықтай отырып, әрбір бағыт бойынша арнайы бағдарламалар әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, зейнетақы активтері мен әлеуметтік сақтандыру жүйесінің ресурстарын басқару тиімділігін арттырып, баламалы қаржы құралдарын – құнды қағаз нарығы, сақтандыру және басқа да салаларды нақты дамыту керектігін атап өтті. Президент орта білім беру жүйесінің мәні мен маңызына тоқтала келе, еліміздегі барлық мектептер Назарбаев зияткерлік мектебінің оқыту жүйесі мен әдістемесін толығымен қабылдап, білім сапасын жаңа арнаға бағыттау қажеттігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, оқушылардың мектеп қабырғасында мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімделіп, соған орай кәсіби мамандық таңдау керек екендігі айтылды.
Президент 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажет деген тапсырма берді. Білім беру ісінде керативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда.
Білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатымен оқушыларға орын жетіспейтіні, мектептердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемалары мейлінше сезіліп отырған өңірлер үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыру міндеті жүктелді.
Мен өзім білім саласында еңбек еткендіктен, Жолдауда осы салаға көп көңіл бөлінгенін үлкен қуаныш әрі толқумен қабылдадым. Педагогтардың еңбекақысы өсетіні де ерекше қуантқан жаңалық болды. Бәріміз ұстаздардан тәлім-тәрбие алып өстік. «Педагог мәртебесі туралы» Заңды әзірлеп қабылдау қажеттігі айтылды, бұл шынымен мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүктемені азайтуға, оларды жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға апаратын бірден-бір жол деп білемін. Осылайша ұстаздардың беделін көтеріп, оларға қосымша қолдау көрсету өте дұрыс. Бүгінде жоғары оқу орындарын бітіргендердің дипломдары жарамсыз болып, сандық түбінде жатқан жағдай көп кездеседі. Ол кейбір жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасының төмен болғандығынан. Жолдауда айтылғандай, осы олқылықты да түзетуіміз керек.
Жалпы, осы білім сапасына келсек, республикалық «Өрлеу» біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтарды білім берудің жаңа стандарттары бойынша курстық даярлау 2012 жылдан бері іске асырылып келеді. Ал, 2016 жылдан бастап, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы жұмысқа мұғалімдерді даярлау жүргізілуде. Біздің филиал базасында 2016-2017 жылдарда және 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында білім беру мазмұнын жаңарту аясында 16 пән саласы бойынша облыстың 6896 педагогы оқытылды, оның ішінде 2018 жылы 2016 мұғалім даярланды.
Облыстың біліктілікті арттыру жүйесінде педагогтерді басқа да өзекті мәселелер бойынша оқыту жүргізіліп келеді. Оның ішінде инклюзивті білім беру және робот техникасы, менеджментті дамыту, мемлекеттік тілді дамыту, алғашқы әскери және технологиялық даярлық, тағы басқалары бар. 2016-2018 жылдар аралығында облыстың 6439 педагогы білім беруді дамытудың басым бағыттары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті, оның ішінде 2018 жылы 1573 педагог оқытылды. Жолдауда атап көрсетілген міндеттерге байланысты бұл жұмыс алда да жүйелі сипат ала түспекші.
Әрине, Жолдауға қатысты ой-пікірімізде жалғыз өз саламызбен шектелсек дұрыс болмайды. Сондықтан, ондағы басқа бағыттар да қолдауға лайық екенін айтуымыз қажет. Мәселен, Елбасы «2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс. Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Осыған дейін жасалған кардиологиялық және нейрохирургиялық кластерлердің тәжірибесін пайдаланып, 2019 жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысын бастау керек» деді. Бұл да халыққа зор қамқорлық.
Бұқаралық спортты дамыту ұлт саулығының кепілі екені ақиқат. Осы орайда, Мемлекет басшысы 100 спорт кешенін тұрғызу жөнінде міндет қойды. Сол сияқты, үйлердің аулаларында дене шынықтыру сияқты спортпен айналысу үшін қажетті жабдықтарды көбейткен жөн екендігін атап көрсетті. Ендеше, бұған да біз толық қосыламыз.
Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» қабылдау тапсырылды. Сонымен қатар, полиция қызметкерінің жаңа стандартын бекітіп, мансаптық ілгерілеу, сондай-ақ, полиция академиялары арқылы кадрларды даярлау мен іріктеу жүйесін өзгерту керек. Бұл саладағы реформаны ел асыға тосып отыр.
Елімізде тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын жаңа ауқымдағы «7-20-25» бағдарламасы қолға алынуда. Бұл ретте әкімдерге жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсыру ипотеканың қолжетімділігін арттырады. Ал, бұл сайып келгенде халықтың жағдайын ойлау.
Айта берсе, биылғы Жолдауда елді елең еткізетін осындай жаңалықтар көп. Соның бірі – мемлекеттік басқару академиясы
Назарбаев университетімен бірлесіп, «Жаңа формацияның басшысы» бағдарламасын және басшылық қызметтерге тағайындау кезінде арнайы қайта даярлаудан өткізетін курстар әзірлеуі қажет. Мұның өзі мемлекеттік қызметшілердің біліктіліктерін арттырудың бір жолы. Біз білім қызметкерлері де осы жасалып жатқан реформалар мен бағдарламалардың мәнін, себебі мен маңызын халыққа дұрыс жеткізуіміз керек. Өйткені, Жолдаудағы барлық мәселе – білім, халықтың тұрмысы, мемлекеттік қызметті, құқық органдарын реформалау, бәрі бір-бірімен тығыз байланысып жатыр. Тұтастай алғанда осы мәселелердің табысты шешілуі – еліміздің де алға сапалы қадам басуы.
Алдағы 2019 жыл «Жастар жылы» деп жарияланатыны да дұрыс болды. Қазіргі жастарды білімге, еңбекке көптеп тартып, түзу жағдай жасап, мұң-мұқтаждарына ерекше мән беріп, іргелі істерге тәрбиелеуіміз қажет. Елбасы айтқандай, «Ауыл – ел бесігі» атты отансүйгіштік жаңа жобаларды жүзеге асыру да уақыт талабы. Меңінше, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиені барынша күшейтуіміз қажет. Бойскаут қозғалысы сияқты «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестіктері бұған сөз жоқ, көмектеседі. Жолдауда атап көрсетілгендей, халықтың әлеуметтік көңіл-күйін айқындайтын негізгі салаларға жұмсалатын қаржының көлемі 1,5 триллион теңгеден асқалы отыр. Мұндай бағдарлама әрине, бойымызға күш-қайрат дарытып, еңсемізді тіктеткізе түседі. Олай болса, білім саласы қызметкерлерінің де Жолдауда белгіленген осы міндеттерді іске асыру жолында алдыңғы лектен көрінетіндігіне ешбір шүбә жоқ.

Айсұлу АҚЫШЕВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақмола облысы
бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты
директорының міндетін атқарушы,
PhD докторы (Болгария).

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар