Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Арқа ажары» – Қараөткел мен Көкше өңірінің айнасы» - АРҚА АЖАРЫ

«Арқа ажары» – Қараөткел мен Көкше өңірінің айнасы»

 

Аршалы Елордамыз – Астанаға жақын орналасқан аудандардың бірі. Содан болар, аталмыш ауданға, оның құрамындағы елді мекендер мен шаруашылықтарға қойылар талап та ерекше. Елорданың іргесіндегі ауданның Астананың азық-түлік белдеуіне қосар үлесі қомақты болуға тиіс. Осындай іргелі ауданның тізгінін ұстағанына екі жылдан асқан Азамат Тайжанов алғашқы күндерден-ақ өзінің білімді де, білікті басшы екендігін көрсете білді.

Аршалы ауданының әкімі Азамат ТАЙЖАНОВ:

«Арқа ажары» – Қараөткел мен Көкше өңірінің айнасы»

Бір қарағанда біртоға, көп сөзді ұнатпайтын, тұйықтау болып көрінгенімен әкім жұмыс бабында, оның ішінде қажет болған кездерде шешіліп те, көсіліп те сөйлей алатындығын байқатты. Әрине, ел басқарып отырған азамат үшін шаруашылықтың жайын білу, экономикаға байланысты мәселелерді жіліктеп, күнделікті кездесіп отыратын проблемаларды жедел шеше білу сынды қасиеттердің ауадай қажет екендігі аян. Дегенмен, бәрін бұйрықпен, биліктің пәрменімен ғана шешуге бейімделмей, кез-келген адаммен тіл табысып, әрбір проблеманың артында адам тағдыры тұратындығын түсіну, өзің басқарып отырған өңірдің тарихынан да хабардар болу, жердің ерекшелігін, тұрғындардың пайымын бағамдау, күнделікті күйбің тірлікте орын алатын мәселелерді «арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей» шеше білу басшы үшін бұлжымас қағида болса, ондай жерде іс өрге басатыны анық. Аршалы ауданының бүгінгі тыныс-тіршілігіне, ондағы атқарылып жатқан игі істерге зер салып, тұрғындардың басым көпшілігінің әкімге деген көзқарасын пайымдасақ, Азамат Айтбайұлы осы талап биігінен көрініп жүр деуге әбден болады.
Жуырда «Ақмола-«Тіршілік» серіктестігінің директоры, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев жұмыс сапарымен Аршалы ауданында болып, аудан әкімімен кездескен еді. Көсемсөзбен көсіліп, сөз маржанын тере сөйлейтін Жабал Ерғалиұлының алдында абдырамай, мұқият тыңдай отырып, қажет-ау деген жерінде ой қосып, пікір білдіруінен-ақ Азамат Айтбайұлының сөз төркінін бағамдай алатын зеректігі байқалды. Сөз саптасына қарағанда еліміздің арғы-бергі тарихы, халқымыздың салт-дәстүрлері жайында да көп дүниеге қанық екендігі көрініп тұр.
– Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын біздің аудан тұрғындары толық қолдап отыр, – деп бастаған Азамат Айтбайұлы Жолдау жайындағы өз ой-пікірлерін де іркіп қалмады. –Жер-жерлерде тұрғындармен жүздесіп, Жолдауды талқылау барысында халықтың ынта-ықыласын анық байқадық. Әрине, Жолдауды қолдау бар да, онда көрсетілген міндеттерді нақты орындау, айқындалған тапсырмаларды жүзеге асыру бар. Оның бәрі ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінен байқалады.
Ауданымызда үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 10922,0 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімдері шығарылды. Бізде өнеркәсіп өнімдерін өндірумен негізінен «Қазшпал» акционерлік қоғамы мен «Аркада Индастри» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысады. Алдағы уақытта жеті инновациялық жоба жүзеге асырылмақшы. Оның ішінде «Қазшпал» кәсіпорнында тұрғын үй салуға қажетті плиталар шығаруды қолға алу, «Кірпіш зауытын» кеңейту, «Еңбек-1» серіктестігінің көкөніс қоймасын іске қосу, «Жәмилә» жиһаз фабрикасының жұмысын жолға қою сынды жобалар бар. Мұның бәрі іске асса қосымша жұмыс орындары ашылады, бюджетке түсер қаржы көлемі де молая түспек. Ол өз кезегінде біраз әлеуметтік мәселелерді оң шешуге мүмкіндік беретіні анық.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы саласында да біршама алға басушылық бар. Нақтылы деректер келтірер болсам, жыл басынан бері ауданымыздағы меншіктің барлық түріндегі шаруашылықтар 3131,4 тонна ет, 15088,6 тонна сүт өндірді және оған қоса, 231,4 миллион дана тауық жұмыртқасы өндірілді. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті дамытуға да жете көңіл бөлінеді.
– Әрине, адамның тыныс-тіршілігі тек жұмыспен шектелмейді, – деп әңгімесін одан әрі жалғастырды Азамат Айтбайұлы. –Тұрғындардың тыныс-тіршіліктеріне, оларды толғандыратын мәселелерге ден қойып, талап-тілектерін әрдайым ескеріп отыру қажет. Еңбеккерлердің алаңсыз жұмыс істеулеріне жағдай тудырғанда ғана іс алға басады. Бұл орайда әсіресе, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегі елімізде үлкен рухани серпіліс тудырып отырғандығы белгілі. Еліміздің жарқын болашағына бағытталған бұл тарихи құжатты біздің аудан тұрғындары да кеңінен талқылауда. Жалпы, кез-келген адам елінің, жерінің тарихын біліп, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін қадірлеуі керек деп ойлаймын. Өткеніне үңіліп, тарихты таразыламай болашақты дұрыс болжау мүмкін емес. Бұл орайда, әсіресе жастар арасында ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, олардың бойларында өз халқына, еліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ұялату басты міндеттердің бірі болып табылады.
Аудан әкімінің рухани мәселелерге ойысқанына орай жазушы Жабал Ерғалиев та «Рухани жаңғыру» дегеніміз жер-жерлерде кездесулер өткізіп, әңгіме-дүкен құрумен шектелетін мәселе еместігіне тоқталды. Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдары көп мәселе шешілді. Мүлдем жоғалта жаздаған көптеген құндылықтарымызды қайтардық. Әлемнің алпауыт елдері санасатын мемлекетке айналдық. Дегенмен, әлі шешімі табылмаған, дұрыс жолға қойыла бастаса да, әлі «бір қайнауы ішінде» жатқан жайлар аз емес. Мемлекеттік тіліміздің қолданыс аясын кеңейту, латын графикасына көшуді белгіленген мерзімде жүзеге асыру бірінші кезектегі міндеттердің бірі. Сандық технологияның, ғаламтордың өмірімізге етене араласқаны соншалық, кейінгі уақытта жастарымыз кітап оқуды ұмыта бастады. Түрлі сайттар мен әлеуметтік желілердің қарқынды дамуы күнделікті өмірімізге көп жеңілдіктер әкелгендігі рас. Алайда, кітап, мерзімді басылымдар оқу назардан тыс қалмауға тиіс. Яғни, облыстық «Арқа ажары» газетіне 2019 жылға жазылу мәселесін де ескерерсіз, – деді одан әрі Жабал Ерғалиұлы. – Әрине, ешкімді еркінен тыс газетке жазыл деп қыстауға болмайды. Дегенмен, облыс тұрғыны болғандықтан онда болып жатқан оқиғаларды, қолға алынған игі бастамаларды біліп отыру үшін жергілікті басылымдарға көз жүгіртіп отырған абзал. Сайып келгенде, бұл ішкі саясаттың мәселесі, рухани жаңғыруымыздың бір парағы.
– Сіздердің «Арқа ажары» – әр шаңыраққа!» деген бастама көтергендеріңізді естіп, біліп отырмыз. 100 жылдан астам тарихы бар, негізін қазақтың дауылпаз ақыны Сәкен Сейфуллин қалаған «Арқа ажары» газетін біз Қараөткел-Көкше өңірінің айнасы деп білеміз, – деп түйіндеді өз ойын Азамат Айтбайұлы. –Шындап келгенде, әр қазақ отбасы мемлекеттік тілде шығатын бір-екі басылымды алуға тиіс қой.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, қолға алған ісін әрдайым шегіне жеткізе орындайтын, сөз бен істің арасында алшақтыққа жол бермейтін білікті басшы ретінде танылып жүрген Азамат Айтбайұлы Тайжановтың «Арқа ажары» – әр шаңыраққа!» атты бастаманы қолдап, басылымның таралымын көбейтуге атсалысуға ниет білдіргеніне риза болып қайттық.

Талғат ҚАСЕН,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар