Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жылу-электр орталығы салынатын болды - АРҚА АЖАРЫ

Жылу-электр орталығы салынатын болды

Келер жылы Көкшетау қаласында жылу-электр орталығының құрылысы қолға алынады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте инвестициялық жобаның техникалық және экологиялық мүмкіндіктері айтылды.

Брифингте айтылғандай, жобаны «Дән» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде қолға алмақ. Инвестор байқау рәсімдері нәтижесінде анықталып отыр. Жобаны жүзеге асыруға 4 инвестициялық компания үміткер болған. Олардың арасында таңдау «Дән» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне түсті.
Компания басшысы Нариман Битаковтың айтуынша, жаңа жылу-электр орталығында сағатына 180 МВт электр қуаты және 450 Гкал жылу қуаты өндірілетін болады. Салынып іске қосылған кезде Көкшетау қаласының жаңа тұрғын үйлері мен өнеркәсіптік нысандарын электр қуаты, жылу және ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстарын 2019 жылы бастап, 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Келісім шартқа сәйкес, жылу оқшаулағыш конструкциялар мен материалдардың ұзақ мерзімділігі 25 жылдан астам, ауыстырылатын тығыздағыштардың ұзақ мерзімділігі 15 жылдан астам болуы тиіс.
– Облыс орталығында жылу-электр орталығын салу туралы келісім шарт жасау бізге Мемлекет басшысы алға қойып отырған міндетті жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл ең алдымен, бізге әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі. Жылу-электр орталығында технологияның әлемдегі ең озық үлгілері қолданылады. Бұл экологиялық және тиімділігі жағынан қолайлы болуына мүмкіндік береді, – дейді Нариман Битаков.
Қазіргі кезде жер телімін бөлу мәселелері шешіліп, барлық техникалық шарттар алыныпты. Бұдан бөлек экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізіліп, қоғамдық тыңдаулар өткізілген. Жылу-электр орталығын жобалау кезінде қазақстандық өндірістің материалдарын, технологиялары мен жабдықтарын барынша пайдалану қарастырылған.
Компания басшысының айтуына қарағанда жылу-электр орталығы қатты отынмен ғана емес, келешекте газбен де жұмыс істейтін болады. Пайдалану кезінде жылыжай кешені мен темір-бетон бұйымдарын дайындайтын зауыт салу сияқты қосымша жобаларды да жүзеге асыру жоспарда бар.
Көкшетау қаласы республикадағы жылу-электр орталығы жоқ жалғыз облыс орталығы. Қала басшылығы әлеуметтік маңызы зор мәселені шешу үшін әлеуеті зор, жобаны жүзеге асыру кезінде қазіргі заманғы инновациялық технологияларды қолданатын «Дән» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сенім артып отыр. Компания басшылары бұл жобаны Словенияның «Лука инжиниринг» компаниясымен бірлесіп, инвестиция салу арқылы жүзеге асырмақ. Жобаның құны шамамен 176 миллиард теңге болатыны жоспарланып отыр. Жылу-электр орталығының құрылысы кезінде 700-900 адам, ал, пайдалануға берілген кезде 600 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.
Брифингте журналистер компания өкілдеріне жылу-электр орталығының құрылысына қатысты көкейдегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар