Жастар жауапкершілікті терең сезінеді

Мемлекет басшысы ел халқына арнаған биылғы Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп белгіледі. Бұл – мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру ісіне жаңа серпін береді.

Бүгінгі таңда жастар үшін білім, жұмысқа орналасу, тұрғын үй және демалыс басым мәселелер болып табылады. Президент қабылдаған 2017-2021 жылдарға арналған тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы біздің өңірде ойдағыдай жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың басынан бері бағдарламаға қатысқан жастардың саны 1706 адамды құрады. Жастар тәжірибесі тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік берді. Жолдауда жоғары оқу орнын тәмамдағандардың жұмысқа орналасуының тиімді жүйесін құру жөнінде міндет қойылды. Бұл болашақ жас мамандардың өз әлеуетін кеңінен жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.
Елбасы өз Жолдауында жастарды жаңа түрде тәрбиелеуге ерекше назар аударды. Жастар қазіргі заманда отансүйгіш, бәсекеге қабілетті, әділ, өз ісіне берілген әрі Жолдауда белгіленген тапсырмаларды жаңаша шешетін іскер мамандар болуы тиіс. Қазір Қазақстан жаңа өнеркәсіп кезеңіне енді. Қазіргі заманғы технологиялар әлемді өзгертеді. Ауқымды технологиялық алға жылжулар өсуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы өз сөзінде жастарды кешенді қолдау және отбасы институты мемлекеттік саясаттың басым бағыты болуы тиіс деп атап өтті. Бүгінгі таңда отбасылық құндылықты насихаттауға үлкен назар аударылады. Дегенмен, статистика жас отбасылар арасындағы айырылысу белгілі бір дәрежеде тұрғын үйдің жоқтығынан болып отырғанын көрсетті. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының арқасында 300 отбасы пәтер алу мүмкіндігіне ие болды. Бірақ, екі жылдан бері бұл бағдарламадан жас отбасыларын алып тастады.
Бұл үлкен проблема. Келесі жылы жас-тар үшін жаңа тұрғын үй бағдарламасы қабылданғанын қалаймыз. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы кең қолдау тауып, қоғамдағы жаңғырту үрдісіне мықты серпін берді. Елбасының бас-тамасымен жасалатын «Ауыл–Ел бесігі» жобасы ауыл жастарына өзін танытуға көп мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Қазақстан лайықты материалдық, зияткерлік және рухани әлеуетке ие. Бұл әлеуметтік ілгері жылжудың ең жоғары көрсеткішіне қол жеткізіп, әр азамат пен әр отбасының тұрмысын жақсартуға мүмкіндік береді. Мемлекет біздің әрқайсымыздың жетістігімізге мүдделі. Жастар жақсы білім алып, қызметінде өсіп, білікті әрі бәсекеге қабілетті мамандар болуы тиіс. Сондай-ақ, олар жаңа идеямен қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының маңызды міндеттерін шешуге лайықты үлесін қосады деген сенімдемін.
Анаргүл БЕЛГІБАЕВА,
Көкшетау қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар