Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Айқындаушы мәнге ие болып отыр - АРҚА АЖАРЫ

Айқындаушы мәнге ие болып отыр

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында бүгінгі таңда жаһандық және жергілікті проблемалар бір-бірімен ұштасып жатқанын атап өтті. Бұл жағдайда сын-қатерлерге жауаптың және мемлекеттің табыстылығының кепілі адамның дамуы болып табылады.

Сондықтан, әрбір басшыға жұмыстың тәсілдерін өзгерту қажет. Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі басты басымдық болуы тиіс. Ал, ол табыс пен өмір сүру сапасының тұрақты өсуіне байланысты болып келеді. Елбасы адам еңбекқор, өз ісінің маманы, лайықты жалақы алатындай қабілет-қарымы бар болуы керектігін атап өтті. Біздің әрқайсымыз өзіміздің кәсіби біліктілігімізді арттыруға және жеке басымыздың өсу деңгейін ойлауға тиістіміз деп санаймын. Өйткені, тек бірлескен күш-жігермен ғана Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамын құра аламыз.
Президент атап өткен аспектілердің бірі – өмір сапасын арттыру. Білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, жайлы және қауіпсіз өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке әлеуметтік секторға, қауіпсіздікке және инфрақұрылымға баса назар аудара отырып, бюджет шығыстарының басымдықтарын қайта қарауды тапсырды. Президент Үкіметке және әкімдерге кемінде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуды тапсырды. Сондай-ақ, Президент қолда бар спорт ғимараттарын, әсіресе, мектептерді тиімді пайдалануға, аулаларды, саябақтарды, скверлерді дене шынықтырумен айналысуға бейімдеуге шақырды. Біз Президенттің бастамасын қолдаймыз және әрбір адам, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар да өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, салауатты өмір салтын ұстануға, дұрыс тамақтануға, дене шынықтырумен және спортпен айналысуға міндетті деп есептейміз.
Біздің әрқайсымыз реформалардың табысты жүргізіле білуі олардың мәні мен маңыздылығын айқын түсінуімізге де байланыс-ты екенін ұғынуымыз керек. Президент ұсынған реформалардың табысты іске асырылуы үшін барлығымыз да күш-жігерімізді салмай болмайды. Бүгінгі таңда біздің әскери бөлімнің жеке құрамы да Қазақстан Қарулы Күштерінің алдында тұрған міндеттерді жете түсініп, әскери-саяси дайындықты ширатып отыр. Елбасы Жолдауы міне, осы маңызды істе айқындаушы мәнге ие болып отыр.
Жолдауда бойскаут қозғалысы сияқты «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейткен жөн екендігі айтылады. Осы орайда айта кететін бір жәйт, елімізде әскери-патриоттық бағыттағы мектептердің аздығы көңілді алаңдатып отыр. Шынтуайтына келгенде, қазіргі жастарымыз әскерге аса барғысы келмейді. Әскерге келгеннің өзінде де Отан алдындағы борышын өтеу үшін емес, әскери билет алып қайту үшін келеді. Соның барлығы мектептерде Кеңес Одағының тұсындағыдай идеологияның жоқтығы деп білемін. Еліміздің мектептерінде отансүйгіштік, патриоттық тәрбиенің жеткіліксіз деңгейде болып отырғаны шындық. Сондықтан да, Елбасының «Сарбаз» сияқты балалар-жасөспірімдер бірлестігін құру, мектептерде әскери-патриоттық бағыттағы тәрбиенің рөлін күшейту туралы айтқаны құптарлық жәйт деп есептеймін.
Мемлекетіміздің басшысы, Жоғарғы Бас қолбасшысының халқымыздың әл-ауқатын көтеретін, елімізді жан-жақты дамыта түсетін биылғы Жолдауының да пәрменділік күші зор. Сондықтан, оған барынша қолдау білдіреміз.
Асқар ФАЙЗУЛИН,
5510 әскери бөлімінің командирі, подполковник.
Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар