Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Аршалы аудандық мәслихатының алтыншы шақырылымдағы кезектен тыс 29-шы сессиясына қатысып, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің келісіміне сай және депутаттардың толық қолдауымен аудан әкімі етіп Талғат Қойбағарұлы Мұханбеджановты тағайындап, жаңа әкімді аудан активіне таныстырды.
Талғат Мұханбеджанов 1967 жылы туған. Ақмола облысының тумасы. Сәкен Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген.Еңбек жолын 1989 жылы орта мектепте мұғалім болып бастаған. 2004-2012 жылдары Бурабай кентінің әкімі, Щучинск қаласының әкімі, Атбасар және Аршалы аудандары әкімінің орынбасары, 2012 жылы Аршалы, 2013 жылы Ерейментау аудандарының әкімі болып болып қызмет атқарды. 2016 жылдың қыркүйегінен бастап Ақмола облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.