Баспана алып, қуанышты болды

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің атынан Степняк қаласының тұрғыны Дмитрий Романенкоға бір бөлмелі пәтердің кілтін Біржан сал ауданының әкімі Ермек Нұғыманов тапсырып, қоныс той иесіне сый-сауғалар жасады. Халқымыздың «Жетім көрсең – жебей жүр» деген ұлық даналығының ескерілгендігі бұл.

Анасы босану үстінде қайтыс болған Дмитрий Романенконың ауыр тағдырына «Нұр Отан» партия-
сы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі М.К.Мырзалин жанашырлықпен қарағанына дүйім жұрт ризашылығын білдірді. Дмитрий Романенко 8 жасына дейін Степняк қаласында әжесінің қолында тәрбиеленген. Бұдан кейін ол бұрынғы Чистополь ауданындағы Шөптікөл балалар үйіне жіберіледі. Осында ер жетіп, құрылысшы мамандығын алып шығады. Туған қаласына оралған ол әжесімен бірге тұрған баспаналарының жылдар өте апатты жағдайда деп сырылып тасталған жұртын көреді. Қолында осы үйдің және әжесінің бұған өсиетке қалдырған құжаттары бар Дмитрий «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің қабылдауында болып, орын алған жағдайға байланысты өтінішін білдірді. Өңір басшысы мәселені өз бақылауына алып, Біржан сал ауданының әкіміне мәселені оңтайлы шешуге тапсырма берген. Міне, жетім жігіттің өтініші орындалып, салтанатты жағдайда жайлы пәтердің кілтін алып отыр.
–Бұл қуаныш баршамызға ортақ.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғам мүшелерінің тұрмыстық жағдайын жақсарту туралы тапсырмаларының мүлтіксіз жүзеге асырылып жатқаны болашағымызға сенім қалыптастырады. Біз былтыр 7, биыл 4 жетім баланы тұрғын үймен қамтамасыз еттік. Дмитрийді мамандығы бойынша жұмысқа орналастырамыз,–деді құттықтау сөзінде аудан әкімі Ермек Нұғыманов.

Бақберген Амалбеков.
Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар