Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Басты міндет – халықтың әл-ауқатын жақсарту - АРҚА АЖАРЫ

Басты міндет – халықтың әл-ауқатын жақсарту

Көкшетау қаласында «Ақпараттық-ресурс орталығының қызметін қолдау» жобасын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылған облыстық үшжақты ынтымақтастық «Асар» форумында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың және бизнестің байланысын одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған форум жұмысына үкіметтік емес ұйымдардың секторлары, кәсіподақ ұйымдары, білім, мәдениет, бизнес құрылымы саласының қызметкерлері, қалалар мен аудандардың делегациялары қатысты. Форумның «Сектораралық әрекеттестікті нығайту тәжірибесі мен болашағы» атты пленарлық мәжілісін кіріспе сөзбен ашқан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева форумның маңыздылығын азаматтық институттардың қоғамдағы қозғаушы күшке айналғандығымен байланыстырып отыр. Басқарма басшысының айтуынша, облыс аумағында мемлекеттік органдардың үкіметтік емес сектор, бизнес-
пен қарым-қатынасын жетілдіруге және азаматтық белсенділікті қолдауға барлық жағдай жасалған.
– Облыс бюджетінен мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру мөлшері артуда. Сол себепті, үкіметтік емес ұйымдар атқарушы билікпен өзара бірлесе жұмыс істеуі қажет. Өйткені, олардың алдында тұрған міндеттер бір-бірімен тығыз байланысқан. Сол кезде ғана халықтың әл- ауқатын көтеретін боламыз, – деді Гүлжанар Шөкеева.
Форумда «Делай добро, Көкшетау!» қоғамдық қорының төрайымы Аниса Әбжанова, «Sara» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Сара Баймағанбетова және «Азаматтық Альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Ирина Терентьева сияқты үкіметтік емес ұйымдардың бір топ өкілдері ынтымақтастық Алғыс хаттармен марапатталды. Форум шеңберінде «Рухани жаңғыру», «Спорттан – салауатты ұлтқа!», «Цифрлық Қазақстан!» жолында тәрізді шаралар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, форумда мемлекеттік органдар, бизнес және мемлекеттік емес ұйымдардың тұрғындарға әлеуметтік қолдау, азаматтық бастама, әлеуметтік және қоғамдық маңызы зор жобаларды жүзеге асыруда өзара ынтымақтастығын нығайту мәселесі туралы пікірлері қызу талқыланды.

Аслан Оспанов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар