Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Экспорт – ел абыройын көтереді - АРҚА АЖАРЫ

Экспорт – ел абыройын көтереді

Елбасының биылғы жылғы 5 қазандағы Жолдауында «Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту» қажеттігін атап көрсетті. Мұндағы мақсат агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру болып табылады. Бұл орайда ақмолалықтар міндет межесінен көрінудің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануда.

Диқандар қауымы үстіміздегі жылы 4,3 миллион гектарға береке дәнін сеуіп, 5,6 миллион тонна астық жинады. Мұның өзі еліміздегі жалпы өнімнің 25 пайызын құрайды. Қазіргі күні лицензияланған 67 астық қабылдау кәсіпорындары биылғы жылдың 3 миллион тонна астығын қоймаларға жайғастырып алды. Мұның 80 пайызы 3 кластық дәрежеде. Яғни, жерлестеріміз республика бойынша бірінші орынға көтеріліп, өздерінің озық дәстүрге берік екендігін дәлелдеді. Осының өзі облыстың экспорттық әлеуеті арта түскендігін көрсетеді.
Облысты тұтас алсақ, 2018 жылдың басынан бері 2,2 миллион тонна астық экспортқа шығарылды. Мұның ішінде 1,7 миллион тоннасы сыртқы және ішкі сұраныстағы 554,4 мың тонна астықты құрайды. Ал, ұн экспорты 197,3 мың тоннаға жетсе, республика өңірлеріне 83 мың тонна өнім жөнелтілді.
Жалпы, ауыл шаруашылығы мамандарының болжамына қарағанда, жыл соңына дейін шетелдік әріптестерге астық экспорттау 2 миллион тоннаға жеткізіледі. Сонымен қатар, еліміздің өзге өңірлерін 800 мың тонна көлемінде Ақмола астығымен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Ет өнімдерін Қорғалжын ауданындағы «АгроЭкспорт ЛТД» ЖШС ет комбинаты «Бакара» брендімен ет өнімдерін Мәскеудің сауда орындарына жеткізсе, «КаzBeef» серіктестігінің өнімдері Ресейдің бірқатар өңірлеріне экспортталады. Сонымен қатар, «Milk Project» серіктестігінің сүт өнімдеріне шетелде сұраныс жоғары. Ал, «ҚазГерҚұс» серіктестігі өз өнімдерін тұрақты түрде Орталық Азия және Таяу Шығыс (Тәжікстан, Түркіменстан және Пәкістан) елдерінің нарығына шығарып келеді.
Облыста алдағы бес жылда арнайы мамандандырылған 700 ет-тауар фермалары құрылмақ. Осыған байланысты өнімділігі жоғары шетелдік 30 мың бас сиыр сатып алу жоспарлануда. Бұған қоса, бүгінгі күні 9 мың ірі қара мал бордақылау кәсіпорындарының күтіміне алынып отыр.
Мемлекет басшысының экспорттық бағыттағы тапсырмасына сәйкес өңірде жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда облыстағы тауар өндірушілер 560 тонна ірі қара мал етін экспортқа шығарды. Сонымен қатар, 370 тонна шошқа еті, 100 тонна қой және 1,5 мың тоннадан астам құс еті сыртқы нарыққа бағытталды.
Облыстың стратегиялық бағдарламасы мен қолданыстағы іс-шаралар жоспарында ауыл шаруашылығы экспорты басты бағыттардың бірі ретінде қарастырылған. Демек, Ақмола аграршылары облыс абыройын шетелдерде де көтеруге белсенді түрде араласатыны анық.

Бақберген Амалбеков.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар