Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ерейментаулықтар елдік іске жұмылып отыр - АРҚА АЖАРЫ

Ерейментаулықтар елдік іске жұмылып отыр

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин өткен жексенбі күні жұмыс сапарымен Ерейментау ауданында болып, бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады және Елбасының биылғы Жолдауынан туындайтын тапсырмалардың орындалу барысына назар аударды.

Өңір басшысы алдымен, Астана-Павлодар автокөлік жолы бойында орналасқан сервистік қызмет көрсететін нысанды көріп жұмысымен танысты. «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы филиалының директоры Талғат Смағұловтың айтуынша, бұл ғимараттың құрылысы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүргізілген, мердігері «Автожол НС АБК» серіктестігі. Сервистік қызмет көрсететін нысан Астана-Шідерті республикалық автокөлік жолының 120-шы шақырымында орналасқан. Үш қабатты ғимарат 3,5 мың шаршы метр алаңды алып жатыр. Үшінші қабатта әкімшілік бөлмелер, екінші қабатта адамдарды орналастыру үшін 96 орындық 50 бөлме, бірінші қабатта төтенше жағдай және жол қызметінің бөлмелері, 36 орындық асхана, медициналық пункт, азық-түлік қоймасы, кезекшілердің бөлмесі орналасқан. Нысан аумағы асфальт жамылғымен жабылыпты. Арнайы техникалар мен жеңіл автокөліктер тұратын жабық тұрақ бар. Тікұшақ қонатын алаң да қарастырылған. Кешен автономдық модульдік бу қазандығымен жылытылады. Нысан пайдалануға берілсе, елу жаңа жұмыс орны ашылмақшы. Сондай-ақ, Ерейментау қаласында осы кешенге қызмет көрсететін жол пайдалану учаскесі өз жұмысын бастаған. Қазір төтенше жағдайда пайдаланылатын нысанда су және жылу жүйесімен, телефонмен қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде. Сервистік бекетті 30 қарашада пайдалануға беру межеленіп отыр.
Облыс басшысының жұмыс сапары Өлеңті ауылдық округінде жалғасты. Мұнда ол Астана-Шідерті бағытымен өтетін жолды қарап көрді. Бұдан бұрын жергілікті тұрғындар өз малдары мен ауыл шаруашылығы техникаларын жолдың келесі бетіне шығара алмайтындарын айтып, шағымданған еді. «ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамы филиалының директоры Талғат Смағұловтың айтуынша, жол астынан өтетін өткел салынып, жергілікті тұрғындардың бұл өтініші шешімін тапқан. Ол сондай-ақ, су тасқыны кезінде суды өткізуге де өз септігін тигізеді екен. Облыс әкімі Ерейментау қаласына кіретін облыстық маңызы бар жолды қарады. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Асқар Мұратұлы Ерейментау қаласына кіретін және қалаішілік жолдар келесі жылы қалпына келтірілетінін айтып берді. Облыс басшысы көшелердегі жарық пен жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды да жөндеуді тапсырды. Олжабай ауылында тұратын аудандық мәслихаттың депутаты Асқар Ерғали Күншалғын ауылына баратын жолдың жағдайына қатысты мәселе көтерді. Облыс әкімі бұл жолды жөндеу жөнінде тиісті басшыларға тапсырма берді.
Бұдан кейін өңір басшысы Ерейментау қаласындағы теміржолшылардың мәдениет үйінде болды. Жеке кәсіпкер Алтынбек Баймолдиновтың айтуынша, мәдениет үйі 1954 жылы салынған. Екі қабатты ғимарат орталық жылу жүйесіне қосылмаған. Дегенмен, оны қосуға мүмкіндік бар. Мәдениет үйі тозған. Күрделі жөндеуді қажет етеді. Өңір басшысы мәдениет үйіне музей, кітапхана, музыка мектебін және балалардың шығармашылық үйін орналастыруға болатынын айтты. Ол үшін ғимаратты иесінен сатып алу керек. Облыс әкімі аудан орталығындағы Үмбетей жырау атындағы аудандық мәдениет үйінің ішін аралап көрді. Мәдениет үйінің директоры Сапар Барлыбаевтың айтуынша, музыкалық аспаптармен жабдықталған шаңырақта тұрғындардың бос уақыттарын көңілді өткізулеріне барлық жағдай бар.
–Жарық қондырғысын ауыстырып, сахна киімі мен LED-экран сатып алу керек. Мәдениет үйінің 18 құрылымдық бөлімшесі бар. Оған 2 ауылдық мәдениет үйі, 16 ауылдық клуб кіреді. «Жастар» би ұжымы, «Әжелер» ансамблі, «Халықтық хор» ұжымы халықтық атаққа ие,–деді мәдениет үйінің директоры. Биыл бұл шаңырақтың жөндеу жұмысын жүргізуге «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен 125 миллион теңгенің келісім-шарты жасалған екен. Жұмыс биылғы жылдың шілде айында басталыпты. Ғимараттың іші мен сырты жөнделуде. Өңір басшысы жөндеу жұмысының сапасына назар аударып, киім ілгіш пен көрермендер залындағы орындықтарды жөнге келтіруді тапсырды.
Облыс әкімі Ерейментау аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының жұмысымен де танысты. «Жезсвязьстрой» серіктестігінің директоры Мұхит Байменов кешенде шомылу бассейні, мини футбол, күрес, жаттығу залдары орналасатынын айтты. 446,6 мың теңгеге бағаланған нысан келесі жылы пайдалануға берілмекші. Облыс басшысы осы маңда қаңырап бос тұрған көп қабатты үйді жөнге келтіруді, дене шынықтыру-сауықтыру кешені тұрғындарға алыс болмауын тапсырды.
Өңір басшысының жұмыс сапары Тайбай ауылдық округінде одан әрі жалғасты. Мұнда ол Едіге разъезіндегі перонның платформасын қарап көрді. Жергілікті округтің әкімі Талғат Кәрібжановтың айтуынша, бұл станция «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» – «Магистральдық жүйенің Ақмола бөлімшесінің» Бурабай курорты вокзалының №2 участогының балансында тұр. 220,5 шаршы метрді алып жатқан жолаушы платформасына бетон плитасы төселген. Едіге разъезі Еркіншілік пен Ерейментау станциялары арасындағы Тайбай ауылының маңында орналасқан. Станция арқылы Айсары-Астана, Қарағанды-Павлодар, Павлодар-Алматы, Көкшетау-Ерейментау жолаушы пойыздары өтеді.
Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар