Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Түркі әлемінің киелі бесігі - АРҚА АЖАРЫ

Түркі әлемінің киелі бесігі

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Көшбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласын оқып, айрықша сезімге бөленіп отырмын. Мұндағы талдамалық тараулардың барлығы өткен тарихымызды оятып, ертеңімізді еңселендірер рух қайнарын шапшытады, кеудемізді қуаныш кернеп, түркі әлемінің перзенті екендігімізді мақтан тұтамыз.

Мақаланың киелі де қасиетті тәлім төріміз Түркістанға ерекше ілтипат ауанында жазылуы көңілімді көркейтіп отыр. Елбасы «Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды», – деген сөздерді терең толғаныспен жеткізген. Мұның астарында түркі әлемінің талайлы тағдыры мен гүлдену жолдары көрініс тапқан. Осы орайда, сөз зергері, ақын Мағжан Жұмабаевтың жыр шумақтары еске түседі:
Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!
Осы бір ғана шумаққа бүкіл
түркі халқының толғанысы сыйып тұр.
Түркістан – тарихтың талайын көрген көне шаһар. Мұнда түркі тілдес халықтардың өткен ғасырлардағы салты мен санасын ұмыттырмайтын жәдігерлер сақталған. Қожа Ахмет Ясауи
кесенесі – түркі жұртының өткені мен бүгінін байланыстырып жатқан рухани үндестігінің орталығы екендігі анық. Мұнда зиярат етушілер тасқыны тоқтаған емес.
Елбасының тарихи шешімімен биыл жаңа Түркістан облысы құрылып, күллі түркі әлемінің киелі бесігі саналатын Түркістан қаласы оның орталығы болып бекітілді. Ғасырлар бойы күллі түркі әлемінің саяси әрі рухани орталығы болған Түркістан қаласына облыс мәртебесін беру қандастарымызды зор қуанышқа бөледі.

Егінбай ӘБІШЕВ,
Бурабай ауданының құрметті азаматы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар