Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Баға да, қоғамның ахуалы да бақылауда болуы тиіс - АРҚА АЖАРЫ

Баға да, қоғамның ахуалы да бақылауда болуы тиіс

Кеше облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің төрағалығымен өткізілген кезекті әкімдік отырысында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай еліміздің және Астананың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан, әр салада қызмет істейтін бір топ ақмолалық «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Сондай-ақ, жиында өңірде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу шаралары, облыстағы қоғамдық саяси ахуалдың мониторингі туралы атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланып, алдағы міндеттер белгіленді. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Мәжілісті бастамас бұрын аймақ басшысы алдымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 21 қарашадағы №792 Жарлығына сәйкес, еліміздің және Астананың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан бірқатар ақмолалықтарды «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттады.
Бұдан кейін бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Жақсылықов әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бағытында қолға алынған шаралар туралы айтып берді. Оның айтуынша, өңірде азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Дегенмен, биылғы жылдың басынан бері Бурабай, Шортанды, Ақкөл, Аршалы, Қорғалжын, Біржан сал аудандары мен Көкшетау қаласында азық-түліктің кейбір түрлеріне баға өскені байқалады.
– Жалпы, облыс бойынша 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында статистикаға сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 түрінің 15-інің бағасы өскен. Бағаны тұрақтандыру мақсатында оперативті штабтың 173 отырысы өткізіліп, 1319 меморандумға қол қойылды. Бұған қоса, 560 жәрмеңке өткізіліп, 1074 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы тауарлары саудаға шығарылды, – деді Ербол Жақсылықов.
Бұл мәселе негізінен жергілікті атқарушы органдардың бақылау мен алдын алу шараларының тиісті деңгейде ұйымдастырылуына байланысты болатыны түсінікті. Күн тәртібінде қаралған мәселе бо-
йынша жарыссөзде азық-түлік бағасының өсуіне жол берілген өңірлер Бурабай ауданының әкімі Қанат Қарауылов, Шортанды ауданының әкімі Гүлнұр Сәдуақасова және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Азамат Сағынбаев сөз сөйлеп, атқарылып жатқан жұмыстар мен кемшіліктерді жою туралы айтып берді. Осы орайда, облыс әкімі өзімізде шығарылатын нан, ет және сүт өнімдерінің бағасы өскенін қатаң сынға алып, неліктен кемшіліктер жіберілгенін және оның себебін түсіндіруді талап етті.
Бұдан кейін облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкееваның өңірдегі қоғамдық саяси ахуалдың мониторингі туралы есебі тыңдалды. Басқарма басшысы нақтылы мысалдар келтіргендей, өңірде облыстық және өңірлік деңгейлерде әртүрлі бағытта консультативті-кеңесші органдар жұмыс істейді. Қазіргі кезде облыста қоғамдық саяси ахуал тұрақты.
Сонымен қатар, мәжілісте облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Иван Юрченко коммуналдық қызмет тарифтерін төмендету шаралары туралы айтып берді.
Әкімдік мәжілісін қорытындылаған облыс басшысы аудандар мен қалалардың әкімдеріне, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшыларына өңірде әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, қоғамдық саяси ахуалды бақылауда ұстауды тапсырды.
Аслан ОСПАНОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар