Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Білімді ұрпақ үшін алғыс айтамыз - АРҚА АЖАРЫ

Білімді ұрпақ үшін алғыс айтамыз

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тарихы Мемлекет басшысының 2008 жылдың 12 наурызындағы Тұңғыш Президенттің физика-математикалық жəне химия-биологиялық бағыттағы 20 зияткерлік мектептерін ашу туралы тапсырмасын орындаудан бастау алды. Ағымдағы жылы еліміздегі Назарбаев Зияткерлік мектептеріне 10 жыл толып отыр.

Назарбаев Зияткерлік мектептері – ғылым, экономика және саясат саласында дарынды балаларға арналған таңдаулы мектептер желісі. Бұл мектептерде дәстүрлі емес, критериалды бағалау жүйесі қолданылады, сонымен қатар, жаратылыстану-математикалық бағыттағы экспериментальды ықпалдасқан білім бағдарламасын жүзеге асырады. Бұл бағдарлама бойынша оқушылар физика, математика, химия және биология пәндерін тереңдетіп, үш тілді ортада оқиды.
Зияткерлік білім ордаларының түлектері – үш тілді жетік меңгерген, бәсекеге қабілетті, дарынды, жан-жақты, білімге, ғылымға, өнерге құштар жастар. Біздің мектепте жоғары білімді, білікті ұстаздар еңбек етеді. Мектептің әр қызметкеріне жауапты міндет жүктелген. Әрине, Тұңғыш Президенттің атын алып жүрген мектепте қызмет ету үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, мұғалімдердің қайсы болмасын үнемі ізденіс үстінде жүреді.
Зымырап өте шыққан он жыл ішінде Назарбаев Зияткерлік мектептері ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге жетті. NIS-Programme білім беру бағдарламасын еліміз бен әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындары мойындады. 12-сынып сертификатын UK-NARIC халықаралық емтихан орталығы мойындады. Кембридж, Пусан ұлттық университеттері 12-сынып сертификатын мойындады. Қазақстанның 9 ЖОО бакалавриаттың үшжылдық бағдарламасы бойынша қысқартылған мерзімде оқу мүмкіндігін береді.
Биылғы жылы біздің мектебіміздің 24 түлегі
Назарбаев университетіне қабылданды. 15 түлек Будапешт технология және экономика, Кейп Бретон, Гонконг политехникалық университетінің, Глион жоғары білім институтының, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің, Тор Вергата Рим, Иннополис университеттерінің студенттері атанды. Қазақстанның жарқын болашағына ықпал ете отырып, өз елінің нағыз патриоттарын тәрбиелеуге жəне білім деңгейін арттыруға аянбай тер төгіп жүрген Елбасымызға айтар алғысымыз шексіз!
2019 жылға дейін
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің барлығы халықаралық орта білім беру кеңесінің акредиттеуінен өтуі тиіс. Ондағы мақсат – мектептеріміздің білім беру жүйесіне әлемнің үздік деген оқу үлгілерін ендіру. Осы бағытты ұстанған біздің мектебіміз де 2017 жылы аталмыш аккредитациядан сүрінбей өтіп, үлкен бір межені бағындырды.
Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында: «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі мен әдістемесі мемлекеттік мектептер үшін бірыңғай стандарт болуға тиіс. Бұл мектеп білімін реформалаудың қорытынды кезеңі болады», – деп нақты міндеттерді белгілеп берген болатын. Осы орайда, Көкшетау қаласының
Назарбаев Зияткерлік мектеп ұжымы да өз тәжірибелерін тынбай тарату үстінде.
Бұл күндері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес Білім беру Ұйымы 2019-2020 оқу жылына Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін Қазақстан Респуб-
ликасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөнінде конкурс жарияланды. Талапкерлердің құжаттарын 2019 жылдың 15 қаңтарына дейін қабылдаймыз.
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елдіктің мерейін асырған егемен еліміз Қазақстан Республикасының жалауын жерге құлатпайтындай, тұғырын жатқа ұстатпайтындай ұлтжанды ұрпаққа сенім артады, қолдайды. Мемлекет басшысының алысты болжайтын көрегенді саясатының арқасында еліміздің білім жүйесі қарыштап дамып келеді. Ел игілігі үшін жасалған ортақ қызметімізге жеңістер тілеймін. Тұңғыш Елбасы күні құтты болсын! Зияткерлік мектептердің құрылғанына 10 жыл толған мерейлі мерекесімен де құттықтаймын!

Зүлфия ОРАЗБЕКОВА,
Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар