“Жас Ұрпақ” бірлестігінің мектептегі қызметі

29.04.25ж. Астрахан ауданы білім бөлімі бойынша Жалтыр ауылының №3 жалпы орта білім беретін мектебінде “Жас ұрпақ” ұйымының мүшелерінің қатысуымен аудан прокуроры Сұлтанов Марат Тайырбекұлы және аудан білім бөлімінің басшысы Барахоева Полина Юнусовнамен кездесу өтті.

«Жас ұрпақ»- өскелең жастарды патриоттық рухта тәрбиелейтін ұйым. Ол білім алушыларға өмірлік құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді насихаттап, отанға деген сүйіспеншілікке баулиды. Ұйым жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты азайту, мектеп ішіндегі буллингтің алдын алу мақсатында балаларды білім беру, шығармашылық, спорттық және әлеуметтік бастамаларға тартуға негізделген. «Жас Ұрпақ» қоғамдық бірлестігі облыстық прокуратураның бастамасымен құрылды.
Бұл кездесу оқушылар үшін пайдалы әрі танымдық бағытта өтті.

Холганат Данекер,
Астрахан ауданы «Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ
директордың тәрбие жөніндегі орынбасары

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар