Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бірлігіміз жараса берсін! - АРҚА АЖАРЫ

Бірлігіміз жараса берсін!

Кеше Ақмола облысының әкiмi, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының төрағасы Мәлiк Мырзалин Достық үйінде «Қоғамдық келісім мен бірлік – Қазақстанның әл-ауқатын жақсарту жолы» атты Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының ХХІ сессиясына қатысып, сөз сөйледі және ұлтаралық келісімді нығайтуға лайықты үлес қосып жүрген ақмолалықтарға түрлі марапаттар тапсырды.

Сессияның жұмысына аудандар мен қалалардың әкімдері, облыстық ассамблеяның 94 мүшесi, этномәдени және дiни бiрлестiктердiң, қоғамдық келiсiм кеңестерiнiң төрағалары, мемлекеттiк мекемелердiң, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары және саяси партиялар мен үкiметтiк емес ұйымдардың басшылары мен БАҚ өкілдері қатысып, Қазақстан халқының Әнұраны ойналды.
Сессия барысында «Видергебурт» облыстық немiс қоғамдастығының төрайымы Светлана Корнееваның Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары лауазымында өткен жылдан бері атқарған қажырлы еңбегіне ризашылығын білдіріп, этномәдени бірлестіктердің атынан Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мүшесі, Ақмола облыстық шешен-ингуш «Вайнах» қоғамдық қауымдастығының төрағасы Герихан Яндиевті Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы төрағасының орынбасары етіп тағайындады және Ақмола ассамблеясының бекітілген жаңа құрамымен таныстырып, жемісті еңбек тіледі.
Бұдан кейін сессияға қатысушылар алдында сөз алған облыс әкімі бүгінгі сессияның Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өткізіліп отырғанын атап көрсетіп, қатысушыларды мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтай келе, тәуелсiз мемлекетiмiздiң бiрлiгi жарасып, дамудың даңғыл жолына түскен орасан зор жетістігінде Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлi айрықша екеніне тоқталды.
– Қазіргі таңда Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің жаңғыруына бағытталған «Қазақстан-2050» стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, бес әлеуметтік бастама, қоғамдық сананы жаңғырту бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Нұрлы жол» бағдарламасы және басқа да жалпы ұлттық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында халықтың табысын арттыру мен өмір сүру сапасын жақсартуға, азаматтардың сұраныстарына негізделген кешенді шараларды іске асыруды ұсынды.
Елдегi этностардың достығы, мемлекетте орын алған келiсiм, өзгеге үлгi боларлық бiрлiгiмiз – бiздiң басты байлығымыз. Қазақстан Республикасын құрып, оны одан әрi дамытуда бiздiң Елбасымыз осы принциптерге аса мән берiп, бiрегей институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамашысы болды. Бүгiнгi күнi тәуелсiз Қазақстанмен қатар дамып келе жатқан бұл институт бiрлiктi нығайтып, келiсiм мен ынтымақтастықтың әлемдiк үлгiсiне айналды, – дедi Мәлiк Мырзалин.
Одан әрі облыс әкімі Мәлік Мырзалин марапаттау рәсімін жалғастырды. Сөйтіп, «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалімен сегіз адам, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен Есіл ауданының «Заречный» серіктестігінің директоры Уәлихан Әріпов, Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы Ардақ Қапышев, Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен Ақмола облысының Әзірбайжан қауымдастығы республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының үйлестірушісі Земфира Нугрузова марапатталды және тағы 6 адам Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының Алғыс хатына ие болды.
Марапаттау барысында «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалінің иегері, чуваш этномәдени орталығының төрайымы Елена Мащинская ризашылығын білдіріп, барлық қатысушыларды 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.
Сессияда сөз сөйлеген Есіл ауданының Заречный селолық округінің әкімі Наталья Милюк:
– Мен интернационалды отбасында тәрбиелендім. Анам қазақ, әкем поляк. Сондықтан, өмірім ассамблеямен тығыз байланыста. Өзім 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні дүниеге келсем, бір қызығы, осыдан тоғыз жыл бұрын
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні ауыл әкімі болып тағайындалдым, – деді. Одан әрі облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Қуаныш Шақшақов, Зеренді ауданының Аналар кеңесінің төрайымы Күләш Рақымжанова, Щучинск жоғары колледжінің директоры Галина Бичуна, «Санги-Кабуд» тәжік қоғамдық бірлестігінің төрағасы Умар Шоназаров, өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Индира Нұрәлиева өз жұмыстары мен тілдік саясатты іске асыру, бәсекеге қабілетті барша қазақстандық мәдениетті қалыптастыру сияқты облыстық ассамблея қызметінің түрлі қырларына тоқталды. Осымен ассамблеяның ХХІ сессиясы өз жұмысын аяқтады.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Суреттерді түсірген
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар