Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ақмола – адалдық алаңы» - АРҚА АЖАРЫ

«Ақмола – адалдық алаңы»

Ақмола облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ғимаратында «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ашылу рәсімі болып өтті.

Аталған жобаны жүзеге асыруға Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы негіз болды.
Жобалық кеңсенің ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов сөз сөйлеп, «Ақмола – адалдық алаңы» жобасының мақсат-міндеттерімен таныстырды.
Аталған жобалық кеңселер еліміздің барлық өңірлерінде ашылып, оның басты миссиясы сыбайлас жемқорлықты азайту, жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылады.
Жобалық кеңсе қызметінің бағыттары – мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары мәселелерін қамтиды. Жоба, басшылардың жеке жауапкершілігін күшейтуге, халыққа жайлы жағдайлар жасауға және қоғамдық бақылауды арттыруға бағытталған. Осы істерді кешенді түрде жүзеге асыруға кәсіпкерлер, азаматтық қоғам институттары, БАҚ өкілдері тартылмақшы болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар