Отырыста Жоғары Еуразия экономикалық кеңес мүшелері цифрландыру мәселелерін іске асыру барысы жөніндегі баяндаманы тыңдап, газ,
мұнай және мұнай өнімдері салаларында ортақ нарық қалыптастырудың өзекті мәселелерін талқылады.
Қазақстан Президенті Еуразия экономикалық одағы аясындағы өзара ықпалдастықты одан әрі кеңейту үдерісіне қолдау білдіріп, экономиканың басты секторларындағы ірі жобаларды іске асыру қажет екеніне тоқталды. Жоғары Еуразия экономикалық кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжаттар қабылданды.
Елбасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері басшыларының бейресми саммитіне қатысты
Кездесуге Əзербайжан Республикасының Президенті И.Əлиев, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті С.Жээнбеков, Молдова Республикасының Президенті И.Додон, Ресей Федерациясының Президенті В.Путин, Тəжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмон, Түрікменстан Президенті Г.Бердімұхамедов, Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёев, Армения Республикасы Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Н.Пашинян қатысты.