Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қыз өссе, елдің көркі - АРҚА АЖАРЫ

Қыз өссе, елдің көркі

Қазақ қашанда қыз баланы тәрбиелеу арқылы ұлтты тәрбиелеуге болады деп есептеп, ақ маңдай аруларымыздың тәрбиесіне ерекше мән берген халық. Қазақтың намысы – ару қыздар. Ал, сол қыздарымызға ең алдымен, бой жетіп уақыты келгенде ана болу жарасады. Қазір аналар балаға бесік жырын, ал, әжелер ертегі айтудан қалды. Ал, оны естімей өскен ұрпақтың ұлттық рухы қайдан биік болсын?! Кеше ғана тойын дүркіретіп өткізіп, бірін-бірі сүйіп қосылған жастар өмірдің қиындықтарына төзбей, ажырасуға әзір тұрады.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің». Жалпы, қазақ қыздары тек жоғары білімді ғана көксемей, жастайынан үй шаруасына да жан-жақты төселіп өсуі қажет. «Қызым, саған айтамын, келінім, сен тыңда» деген сөздің тәрбиелік мәні зор. Келіндерімен сыйыспай, Қарттар үйінің қарасын көбейтіп жатқан қариялар тағы бар. Туған баласын тастап, жеңіл жүріске салынған қазіргі кей замандастарымыздың да тірлігі қоғамда қыз бала тәрбиесінің ақсап жатқандығын көрсетсе керек. Түнгі барларға барып, еркектермен бірге арақ ішіп, темекі шегетін қыздар неге көбейіп кетті? Осының бәрінің астары қоғам мен отбасындағы, оқу орындарындағы жеткіліксіз тәрбиеде жатыр. Жалпы, ақ жаулықты аналарымыз, өнегелі енелеріміз жастарға өз білген-түйгендерін, өмірден тоқығандарын аянбай үйретсе екен.
Халқымызда қыз деген сөзді әдемілік пен әсемдіктің, әдептіліктің, сұлулықтың символы ретінде білген. Бүгінгі қоғамның ең өзекті мәселесі – әдепті де инабатты, адамгершілігі мол, сыпайы қыз тәрбиелеу. Отбасында жас кезінен бастап жақсы тәрбие алған қыз бала болашақта да сол қалпын сақтайды. Өзі қияға ұшқан шаңырағын, ата-анасын ұятқа қалдырмайды. Бүгінгі қыз балалар «намысын бермеу үшін жатқа қолдан, арулар аз болды ма атқа қонған?!», деген асқақ сөздің жауабы – Мәншүк пен Әлияны, тағы басқа өнегелі апаларын үлгі тұтулары керек.
Қарлығаш ҚАРПЫҚБАЕВА.
Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар