Дүйсен би бейіті

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегінде айтылған «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында жасалған шаралардың нәтижесінде біздің Ақмола – Көкшетау өңірлері бойынша республикалық және облыстық киелі орындар тізімі жасалған болатын. Біз бүгін өз оқырмандарымызды Зеренді ауданындағы Дүйсен би бейіті жайлы деректермен таныс-
тырып отырмыз.

Дүйсен би орта жүздің Қаз дауысты Қазыбек би әулетінен шыққан. Бірақ, өмірінде Әйтеке би мен Төле биден көп үйреніп, болашақ ұрпаққа есте қаларлық із қалдырды. Дүйсен би шамамен 1720-1722 жылдары өмір сүрген. Оның әкесі қыпшақтардың арасындағы қозғалысқа қатысып, алған жарақатынан қайтыс болды.
Әкесі қайтыс болғаннан кейін баланың тәрбиесімен Майлы ағасы айналысты. Сонымен қатар, Дүйсен бидің өмірінде Қаз дауысты Қазыбек би үлкен рөл атқарды, сондай-ақ, Қанай биден де даналыққа үйренді.
Тарихтан Дүйсен бидің Абылай хан заманында өзін сауатты және батыл адам ретінде көрсете білгенін, қиын жағдайларда түйінді мәселелерді оңай шеше алатын, дұрыс кеңес беретін мықты әскери қолбасшы болғанын білеміз. Оның ұрпақтары Ақмола облысында тұрады. Дүйсен би қайтыс болғаннан кейін ағасы оның сүйегін Қошқарбай ауылының төбешігіне қайтадан жерледі. Осы тауда ертеде әскери қақтығыстар болғаны белгілі, бірақ, Дүйсен бидің даналығы арқасында ол оң шешіледі. Халық аңызы бойынша Абылайдың өзі оның ақыл-кеңестерін тыңдаған дейді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар