Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастар жаңа әлемге жол салмақшы - АРҚА АЖАРЫ

Жастар жаңа әлемге жол салмақшы

Жуырда «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы саяси кеңесі бюросының отырысы болып өтті.

Онда Ақмола облысындағы мемлекеттік жас-тар саясаты мен «Жас Отан» жастар қанатының «Жаңа әлемге жол саламыз» Стратегиясын жүзеге асыру барысы туралы облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарманың басшысы Тимур Ысқақов және «Жас Отан» жастар қанаты Ақмола облыстық филиалының төрағасы Сұлтанбек Бекешев есеп берді.

Қазіргі уақытта облыста 148 996 жас азаматтар тұрады, бұл жалпы халық санының 20,2 пайызын құрайды. Жастар саясаты саласын қаржыландыру көлемі облыстық бюджеттен 268 миллион теңгені, қалалық және аудандық бюджеттерден 165 миллион теңгеден астам қаржыны құрады. «Дипломмен – ауылға!» жобасы аясында ағымдағы жылы ауылдық жерлерге 299 маман жіберілсе, оларға 50,3 миллион теңге көтерме жәрдемақылар және 1,7 миллиард теңге көлемінде тұрғын үй алуға бюджеттік несие берілген. Ал, «Жасыл ел» жалпыұлттық бастамасын іске асыру аясында ағымдағы жылы 600 ерікті жасақ жұмыс атқарды. Барлық сарбаздар киім-кешек жинақтарымен қамтылған.
2017 жылы 276 адам облыс әкімінің арнайы шәкіртақысына ие болды. Оларға жалпы құны 101,7 миллион теңге шәкіртақы төленді. Биыл атаулы шәкіртақыны тағайындауға облыстық бюджеттен 106,0 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, Ақмола облысының білім беру басқармасымен облыстық бюджеттен педагогикалық мамандықтарға 100 білім беру гранты мен медициналық мамандықтарға 50 грант бөлінді. Жалпы, 2018-2019 оқу жылында грант иегерлерінің саны 250 адамды құрады.
Бюро отырысында «Жас Отан» жастар қанатының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Сұлтанбек Бекешев баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Одан әрі жастармен жұмыс бойынша Зеренді ауданында атқарылып жатқан істерге тоқталған аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахытжан Айдосова жастарды кәсіпкерлікке баулу бағытына жүргізілген жұмыстарға назар аударды. Бүгінде «Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқыған жастар саны – 31 болса, оның 5-еуі несие алып, өз ісімен айналысуда. Ауданға биыл «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы аясында 21 маман келген. Оның ішінде, денсаулық сақтау саласы бойынша 7, білім беру саласы бойынша 12, мәдениет саласы бойынша 1 маманға несие берілді. Аудандық бюджет қаражатынан 13 студент медициналық университетте білім алуда. Арнаулы орта білім алып жатқан тұрмысы нашар отбасынан 32 студентке арнайы грант тағайындалған.
Бюро отырысы барысында «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы бойынша Сандықтау және Жақсы
аудандарында атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебі тыңдалды.
Сандықтау ауданында мүмкіндігі шектеулі 766 адам бар. Оның 35- і арбаға таңылған мүгедектер, 94-інің көзі нашар көретіндер мен 19-ы саңырау мүгедек жандар. Аудан бойынша 56 нысан мүгедектерге бейімделген болса, олардың 11-і мемлекеттік, 6-ы денсаулық сақтау, 13-і мәдениет, 20-сы білім беру, 2-еуі спорт нысандары. Биылғы жылы еңбек етемін деп ниет білдірген 23 мүгедек толық жұмыспен қамтылған. Ауданда денсаулығында кінәраты бар 233 бала тұрып жатыр. Олардың 18-і колледжде білім алса, арнайы білім беру интернаттарында 13 бала, 25 бала мектепке дейінгі білім беру орындарында оқуда. 34 бала коррекциялық мамандардың көмегіне жүгінуге мәжбүр. Ал, аудандағы 27 мектептің 19-ында 152 мүгедек бала білім алуда. Олардың 23-і үйде оқытылып, әрқайсысына жеке оқу жоспары жасалған. Аудандық партия филиалы аталған санаттағы адамдарды назардан тыс қалдырмай, арнайы партиялық жоба шеңберінде жыл бойы қол ұшын созып, жеке бақылауға алған.
Сонымен қатар, отырыста Жақсы ауданының «Жаңа Қима сайлау округі» бастауыш партия ұйымының төрайымы Әсемгүл Омарова төрт бағытты көздейтін партиялық «Кедергісіз келешек» жобасының атқарылу барысы туралы есеп берді. Жаңа Қима ауылдық округінде 90 мүгедек жан бар. Оның ішінде «Жаңақима ауылдық округі» бастауыш партия ұйымында төрт мүгедек, бір зейнеткер, екі тұрақты қызметкер және бір адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған.
– Барлық ғимараттарда аталған санаттағы жандарға еш кедергісіз жағдай жасалған. Оған қоса, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, Жаңа Қима ауылдық әкімдігі бұл санаттағы азаматтар мен азаматшалардың жағдайын назардан тыс қалдырмауда. Атап айтсақ: жыл сайын ауыл әкімінің қадағалауымен жеке шаруа қожалықтары атынан мүгедек отбасы мүшелеріне тегін шөп берілуде. Бұл, менің ойымша, ауыл тұрғындарына үлкен көмек», – деді баяндамасында Әсемгүл Омарова.
Бюро мүшелері күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылдап, тиісті мемлекеттік органдарға арнайы ұсыныстар жіберді.
Динара ДҮЙСЕН,
«Нұр Отан» партиясы облыстық
филиалының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар