Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Елбасы жолы. Астана» - АРҚА АЖАРЫ

«Елбасы жолы. Астана»

Көкшетауда бұл фильмді көруге Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова бастап жиналған жұртшылық тәуелсіз Қазақстанға

және оның Тұңғыш Президентіне деген зор мақтаныш сезіміне бөленді.

Көкшетаудағы еңселі «Достар» мәдениет сарайында «Елбасы жолы» дәуірнамалық фильмінің төртінші бөлімі – «Астананы» тамашалау алдындамыз. Иін тірескен халық. Орын табу оңай емес. Алдыңғы жақтан Айдар аға Мурзин қол бұлғады. Қатты қуандым. Орынның табылғанына емес, көргені мол кісінің жанында көрермен болудың өзі ғанибет қой. Екі сағаттай экраннан көз алмадық…

Киім ілгішке жақындай бере «Аға, осымен кете бермекшімісіз» дедім. Ол шуақ шаша күлімсіреді де фоедағы диванды нұсқады. Көбіне тұйықтау жүретін Айдар ағам шешіліп сала берді. Мен жазып отырмын. Сіз де құлақ түріңіз, оқырман.
Астананы Ақмолаға көшіруге мемлекеттің барлық деңгейдегі атқарушы органдары толық тартылды. Негізгі салмақ Ақмола облысына түсті. Өйткені, біздің облыс Ақмоладан енші алып, Көкшетауға қоныстанды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осынау оқиғаның салмағын арттыру мақсатында «Мен астаналық облыстың тұрғынымын» дейтіні жай емес. Аталған эпопеяның «Жұлдыздар тоғысқанда» бөлімінің көріністері біздің Астрахан ауданында түсірілуінде де үлкен құрмет жатыр. Осында жиналған көкшеліктердің жүзіндегі жылылықты көріп отырмын. Облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова арнайы келіп амандасқанына да ризамын. Бұл тарихымыздың бір бөлшегі болып саналатын Астанамыз бен Елбасының еңбегіне жалпыхалықтық құрмет белгісін байқатады.
Жалпы, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» және «Sataifilm» студиясының қатысуымен қоюшы режиссер Ақан Сатаев түсірген «Астана» тәуелсіздігін жаңа жариялаған Қазақстан Президентінің әлемді дүр сілкіндірген батылдығының, ақылмандығы мен көрегендігінің ғажайып жемісі деуіміз керек. Осындай сындарлы кезеңде Елбасының жанынан табылған, Жоғарғы және орталық органдарды Ақмола қаласына көшіру жөніндегі Мемлекеттік комиссияның төрағасы, одан кейінгі жылдары жаңа астана әкімінің бірінші орынбасары болған, бұрынғы «Көкшетауқұрылыс» тресінің басшысы Фарит Хабибрахманұлы Галимовті көргенімізде «Достар» залы дүр сілкінгені мені қатты толқытты.
Мен сол жылдары Көкшетау қаласының әкімі, Көкшетау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған едім әрі кәсіби құрылысшымын. Фильмде Қазақстан Республикасы Ауыр өнеркәсіп министрі, арнайы комиссия төрағасы Николай Макиевскийдің ұйымдастырушылық еңбегі лайықты аталып өтті. Мен сол кісінің алдында екі рет болдым. Астананы Ақмолаға ауыстыру Тәуелсіздікті тұғырландыру жолындағы жаңа идея екендігін ұқтым. Әйткенмен, бұл қадам оңай болмағандығын фильм желісі айқын көрсетіп берді. Расын айтсақ, көпшілігіміз, тіпті жоғары эшалондағылардың өзі қиындықтарды, ал, Президент мүмкіндіктерді көре білген екен. Нұрсұлтан Әбішұлы халық санасына сілкініс әкелді, қиындықтарды жеңе білу сенімін қалыптастырды. Әр адамнан нәтиже күтілді. Көкшетау облысының құрылыс ұйымдарының барлығы, соның ішінде Асқар Хасенов басқарған «Көкшетауауылқұрылысы-2», Сергей Шафар жетекшілік еткен «Көкшетауқұрылыс», Александр Комковтың басшылығындағы «Щучьекурортқұрылысы» сияқты жетекші трестер толық құрамымен Астананың алғашқы кірпіштерін қалап, небір ғимараттардың бой көтеруіне елеулі үлес қосты.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ХХ және ХХІ ғасыр айырығында тұңғыш бой көтерген Елорданың болашағы жөніндегі толғаныстары «Астана» фильмінде шынайы көрініс тапқан. Қаланың бас жобасын әзірлеуге, сәулетін сомдауға біздің атақты жерлесіміз Шота Уәлихановтың қатыстырылуы көкшеліктер абыройын көтерді. Арнайы конкурс жарияланып, оның шешімімен сәулетші Серік Рүстембековтің жобасы мақұлданып, жаңа қала сол жағалауда бас көтеретін болды. Келер жылдары белгілі жапон сәулетшісі Кисё Курокава өз ұсынысымен келіп, Серік Рүстембековтің жобасы негізінде, қаланың бас жоспарына өзіндік қолтаңбасын қалдырды.
Бұл фильм бос жатқан далаға жан бітіріп, тіршіліктің көрігін қыздырудың қуанышын сезіне білуге жетелегенін айтсаңшы.
Дегенмен, Курокава жобасы да мәңгілік емес. Жалпы, кез келген жоба әрі кеткенде 10-15 жылды қамтиды. Алайда, оны қайта қарау – заңды нәрсе. Фильмде Премьер-Министр Әкежан Қажыгелдиннің «Жос-парды 5 жылға жасаймыз ба?» дегеніне Елбасы «Жоқ, 30 жылға» деп жауап беруі сондықтан. Осы жылдар ішінде қала өзгеріп, жоба да қайта өңделеді. Бұл да тірі организм сияқты. Қаланың да өз қажеттіліктері бар, тұрғындардың саны артқан сайын сұранысқа қарай толықтырылып отыруы керек. Қазіргі күні бұл талаптардың барлығы орындалып келе жатқанына баршамыз куәміз.
Бүгінгі күні Астана қала дамуының көрсеткішіне, озық үлгісіне айналып отыр. Еліміздің өзге өңірлері де бас қаламен иық тіресіп, дамып келеді. Көкшетаудың үлкен құрылыс алаңына айналғанын осымен байланыстыруға болады.
Одан басқа, бұл мәселеге саяси, ұлттық көзқараспен де қаралық. Астананы көшіруге себеп болған нәрсе біртұтастыққа қол жеткізу болды десем қателеспеспін. Солтүстік өңірге, Арқаға мемлекет құрушы халық келді, бұл үрдісті әлі де жалғастыра беру керек.
Сарыарқаның төрінде Еуразиялық стильдегі заманауи Астананың бой көтеруі Ұлы даланы тебіреніске түсірген ерекше оқиға екендігі даусыз. Халқымыз алақай қуаныш үстінде. Қаланың таныс-
тырылым салтанатында сонау ғарыштан батыр ұланымыз Талғат Мұсабаевтың құттықтау жолдауы жүрегімізді елжіретер толғанысқа бөледі. Елбасының: «Талғат, сен Жаратушыға жақын жүрсің ғой. Ұлық ағзамнан Қазақстанның жұлдызын биік ете көр! деп тіле», – деуі елжандылықтың ғаламат үлгісі ғой!
Сол жылдары Астананы көшіруді мен мемлекеттік тұрғыдан емес, құрылысшы ретінде ғана пайымдай алдым. Бүгінде бұл ұлы идеяның миллиондаған адамдардың екінші тынысын ашқанын, елді жаңа бір көкжиекке көтергенін тамсана айта аламыз. 20 жастағы Астана құлпырған шағында. Шырайлы шаҺарымыз Мәңгілік Елдің тұғырын биіктете түсетіні кәміл!
Жазып алғанБақберген Амалбеков,
«Арқа ажары».

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар